Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тақырыбы:Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі Жоспары



бет90/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Тақырыбы:Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі
Жоспары:
1.Орта(5-7, 8-9) сынып оқушыларына тән психологиялық ерекшеліктер
2.Жоғары(10-11) сынып оқушыларына тән психологиялық ерекшеліктер
3.Дарынды оқушылар
Мақсаты: Әр жанрдың өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқытуда жас ерекшеліктерін ескеру жолдарын меңгерте білім беру.
Тексеру сұрақтары:
1. Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан қандай ерекшеліктері болады?
2. 10-12 жастағы оқушылардың әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктері:
3. 10-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастарға тән психологиялық өзгешеліктер қандай?
Глоссарий:
Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары
Эпос – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.
Мысал - әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.
Поэма - өленің повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық, не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.
Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Лирика – шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма.
Драма – шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысқан адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет