Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет95/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар
Драма (грек тілінен қимыл-әрекет) - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі
Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар)
Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы
Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл
Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді
Сызбалар, тапсырмалар, ситуациялар. Ауызша тіл дамыту- Мазмұндауға қойылатын талаптар.
Интерактивті әдіс: дискуссия
Түрі: баспасөз конференциясы
Формасы: өзекті мәселелерді талқылау
Мәнжазба тақырыптары:
1.М.Жұмабаев –сыршыл ақын. Эссе.
2.Абай лирикаларындағы табиғат пен адам бейнесі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Мақала.
Блиц-тесттер:
1. Кластан тыс оқу неше түрлі формада кездеседі
А) 2
Ә) 3
Б) 4
В) 5
Г) 6
2. Мыналардың қайсысы үйірмеге жатпайды
а) әдеби–шығармашылық;
ә) көркемдеп оқу;
б) факультативтік сабақтар
в) драма;
г) ән–күй үйірмесі;
3. Факультативтік сабақтар қай уақытта жүргізілгені дұрыс.
А) ҮІІ класс
Ә) ҮІІІ класс
Б) ІХ класс
В) Х класс
Г) ХІ класс
4. Академик М.Махмудовтың еңбегі –
А) «Қазіргі сабақ»
Ә) «Жаһандану кезіндегі сабақ»
Б) «Оқыту түрлері мен типтері»
В) «Оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері»
Г) «Жаңаша оқытудың технологиялары»
5. Әдебиет пәнінің бағдарламасы – ....
А) оқу пәні
Ә) мемлекеттік құжат
Б) оқытудың әдісі
В) оқытудың жаңа технологиялық тәсілі
Г) оқу объектісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет