Қайтбек ҚАДЫРБАЙҰЛЫ,
Алматы облысының
Ұйғыр ауданындағы
«Қалжат» орта мектебінің мұғалімі.
АБАЙДЫҢ ҒЫЛЫМ-БІЛІМ
ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӨЛЕҢДЕРІ
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен – бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деп ақынның
өзі айтқандай, бүгінгі сабағымызда Абайдың ғылым-білім
тақырыбына арналған өлеңдері туралы сөз етпекшіміз.
Бірінші оқушы сөз алады.
- Абайды танып білу үшін, оның шығармаларын тереңірек
түсіну үшін ол өмір сүрген ортаны, оның «мыңмен жалғыз
алысқан», күрес-тартысқа толы өмірін жақсы білуіміз керек.
Абай Семей облысының Шыңғыс тауы бөктерінде 1845
жылы дүниеге келген. Абайдың өз әкесі – Құнанбай, атасы
– Өскенбай, арғы атасы – Ырғызбай.
Екінші оқушы: - Абай 10 жастан 12 жасқа дейін қырда
мұсылманша оқыған. Семейде Ахмедризаның медресесінде
де оқыған. Медреседе жүрген уақытында үш айдай орыстың
«Приходский школынан» сабақ алған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып,
өз қасына алып ел билеу ісіне ертерек араластыруды мақсат
етеді.
Үшінші оқушы: - Абай мұрасы – өте бай , асыл мұра.
Сол мұраның бір саласы – ғылым-білім тақырыбына байла-
нысты өлеңдері.
129
Абай 1884-1885 жылдар шамасында бірқатар өлеңдер
жазған. Соның бірі – «Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
Абай бұл өлеңінде өз өкінішін білдіре отырып, жастарды
ғылым-білім үйренуге үндейді.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Бұл өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың
өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын
шағын бос өткізбей еңбектенуін жөн сілтеу.
Төртінші оқушы: 1886 жылы Абай « Ғылым таппай
мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдерін жазды.
«Ғылым таппай мақтанба»:
...Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
«Ондай болмақ қайда?» деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
«Интернатта оқып жүр» өлеңінде сыншылдық басым.
Ақын патшалық ел билеу жүйесіне, оқыту тәртібіне сын
айтады.
Қорытындылау. Абай қазақ өлеңін биікке көтерді.
Қазақ ақын-жазушыларының кейінгі ұрпағында Абайға
соқпай өткен ақын жоқ десе болады.
130
Сөзімді
Р.Шынжырбайұлының
1990
жылдары
жарық көрген «Әр заманға Абайы керек екен» өлеңімен
аяқтаймын.
Ай, қазақ, ұлың аз-ау Абайдайын,
«Қайран жұрт...» деп танытқан жан айқайын.
«Аз емес, шүкір» деу де керек шығар,
Айтқызбай жүр ме оны хал-жағдайың?!.
Абай, Абай, заманың сірә бөтен,
Арасы қазіргіден жырақ екен.
Шоғыры білімдінің батырады,
Оқу-білім ол кезде шырақ екен.
Оқу-білім жоқ әлде басқада ма,
Алып сату, майпалау асханада.
«Бет бұрып солай қарай барады-ау» деп
Көп оқыған жалтақтап жасқана ма,
Жасқанбаса, кім білсін, аш қала ма?!
Ғылым, білім қалталыға қарап қалды,
Ғұмырының күндерін санап қалды.
Ебімен екі асаған парақордың
Жағдайы жақсы болды, жарақталды,
Жұртынан осылайша жырақталды.
Жоғарғылар төменді көре ме екен,
Жегішті жөнге салып бере ме екен?
Ащы күйін қоғамның толғап тартар
Әр заманға Абайы керек екен.
131
Көмекші құрал
Достарыңызбен бөлісу: |