Аюпова Лиза хамидоллақызы. Мен Атырау облысы, Индер ауданы, «Жарсуат» ауылының Махамбет атындағы орта мектебінде 21 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Осы еңбек еткен жылдарымда
114
«Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми- әдістемелік жұрналын өзіме серік етіп келемін. Алғашқы еңбек жолдарымда жұрналдың маған көмегі зор болды. Өзім секілді әріптестерімнің үлгі сабақтарынан көп нәрсені үйреніп, кейін мол тәжірибе жинақтап, жас мұғалімдерге де үлгі болдым десе де болады (бұл, әрине, мақтанғандық емес). Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болатыны белгілі. 2008 жылдан бері сіздерге жолдаған сабақтарым жұрнал беттерінде жарияланып келеді... Ризашылығымды білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін! Нәтижелі еңбектің биік шыңынан көріне беріңіздер! Жұрнал жанашыры: Қайырлиева Ардақ Төлеуқызы. Мен Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты «Томар» ауылындағы №22 орта мектепте 19 жылға таман уақыт бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін. Өзімнің сүйікті жанашырым, ақылшым – әдістемелік қазақ тілі мен әдебиеті жұрналына осы еңбек еткен жылдарымда қол үзбей жыл сайын жазылып келемін...