Міндеттері: білімділік – оқушылардың
сөздердің байланысу тәсілдерінен алған білімдерін нығайту,
жинақтау, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
дамытушылық – жаттығу жұмыстары нәтижесінде
білік дағдыларын қалыптастыру, тіл мәдениетін дамыту,
шығармашылыққа баулу;
тәрбиелік – оқушыларды
ізеттілікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, кітапты
сүюге баулу.
Түрі: бекіту сабағы. Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс,
мәтін талдау, СТО стратегиялары. Көрнекілігі: үлестірмелі
қағаздар, көркем әдебиет, тест сұрақтары, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру. Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Тренинг. Психологиялық дайындық.
III. 1-слайд. Өткенді пысықтау:
а/ Сөз тіркесі дегеніміз не?
ә/ Сөз тіркесінің айырықша белгілері;
б/ Сөйлемдегі сөздер неше тәсіл арқылы байланысады?
Достарыңызбен бөлісу: |