6. Шығармадағы кейіпкерлер: Аян, Есікбай, Бапай
шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала.
7. Әдеби-теориялық ұғымдар:
Портрет – Образ портретсіз болмайды. Ол адамның
бет-пішінін, кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, киім киісін
бейнелеу (Кітаптан оқу).
Мінездеу – адамның ішкі жан дүниесін суреттеу.
(Аянға мінездеме):
Аян – ақкөңіл, еңбекқор, қамқор, алғыр, білімге құштар,
досқа адал, сауатты, көпшіл, сабырлы, жігерлі, төзімді бала.
Тұрақты тіркес (фразеологизм) – екі немесе бірнеше
сөздердің тіркесіп келіп, бір мағына беруі. Қотыр тайға
тіл бітеді, естімеген адамша міз бақпайды, қас пен көздің
арасында қыбырлаған бала толып кетуші еді.
Антоним – мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
(Ылди-өрге бірдей сырғанайтын шана, киімнің кімдікі
қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды).
Теңеу – зат не құбылысты екінші зат не құбылыспен
салыстыра суреттеу. Шашы аппақ қудай, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |