«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық


Мекемтас Мырзахметұлы, Қуандық Мәшһүр Жүсіп



Pdf көрінісі
бет6/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145
Байланысты:
kazak tili men debieti 2013 no 08

Мекемтас Мырзахметұлы, Қуандық Мәшһүр Жүсіп,                      
Нұрша Оразахынова, Бақтияр Сманов, Жансейіт Түймебаев, 
Рақымжан Тұрысбек, Нұргелді Уәлиұлы.


3
Таным табиғатында
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
Аймақтық менеджмент 
академиясының профессоры, 
Қазақстан Журналистер 
одағының мүшесі.
Тараз қаласы.
ЕУРОЦЕНТРИЗМ                                  
ӘДІСНАМАСЫНЫҢ                     
КҮЙРЕУІ
Қытайдың  айырым  тарихшылары  өз  еңбектерінде 
қытай  ұлтынан  өзге  ұлттарды  кемсітіп  көрсетуі,  олардағы 
әлемдік  өркениет  талаптарына  жауап  бере  алатын  кейбір 
әдебиеттегі,  мәдениеттегі  жетістіктерді  мойындамауы 
қуатты ірі мемлекеттің ішкі саясатына байланысты фактор 
деп ойлауға еріксіз мәжбүрлейді. 
Еуроцентристік ағымның адамзат тарихына теріс ықпал 
ететін  идеологиялық,  кертартпалық  әсері  бар  екенін  көп-
теген ғалымдардың мойындап отырғаны – шындық.
Белгілі  ғалым  Советхан  Ғаббасов  еуроцентризм 
әдіснамасының    шындыққа  жанаспайтын  тұстарын 
әшкерелейді.  «Еуроцентризм  әдіснамасында  –  ең  әуелі, 
адамзат  тарихының  ақиқаты  мен  тағылымдық  шындығы 
жоқ.  Оның  ең  үлкен  дәлелі  ретінде  адамзат  тарихының 
бұрмалануын  (фальсификациялануын)  айтуға  болады...» 
деп  жазады.  Бұл    әдіснаманың    Шығысында    Қытайға, 
Батысында  Римге,  түстігінде  Египет  пен  Үндіге  теңдессіз 
әсер  ететін  Тұран  елінің  тарихы  туралы  жұмған  ауызын 
ашпайтынын  атап  көрсетеді.  Советхан  Ғаббасов  былай 


4
дейді:  «...бүкіл  Қытай  қорғанынан  Қара  теңіз  бен  Қап 
тауына    дейін    созылған  Ғұн  империясының  өркениеті 
неге  жасырылады?  Біраз  мезгіл  кейінірек  өмір  сүрген 
А.Македонский  марапатталады  да,  одан  бұрын  он  есе 
күшті  қолбасшы  болған  Мөде  хан  жайында  еш  тарихта 
айтылмауының  себебі  неде?  Кеше  ғана  Еуропадағы  аса 
үлкен  әсері  болған  Еділдің  (Атилланың)  тарихы  неге 
жасырылады?  Еуропаның  VІ  ғасырға  дейін  сақ  тілінде 
сөйлегені  неге  жасырылады?  Шығыс  Еуропаның  ІХ–Х 
ғасырларда қыпшақ тілінде байланыс жасағанын («Кодекс 
куманикс»)  айтпаудың  себебі  неде?  VІ–VІІІ  ғасырларда 
бүкіл  әлемді  дүр  сілкіндірген  Шығыс  және  Батыс  түрік 
қағанаттары  жайында  да  айтылмауы  қалай?  Кешегі  өткен 
Шыңғыс – Жошы – Батый – Алтын Орда шындықтары неге 
бұрмаланып отыр?.. Осының салдарынан бүкіл адамзат та-
рихының ғылыми жүйелері мен негіздері бұзылды. Сақтар 
мен  Ғұндар  тарихының  әдейі  айтылмауынан  бүкіл  Түрік 
халықтарының көне тарихы бұрмаланды. Осынау ар ұялар 
істердің бетін ашқан, тек қазақ даласынан табылған бірнеше 
археологиялық ғажайыптар мен «Алтын адам» киімдеріндегі 
даналық  өрнектер  және  Арким–Сынтасты  өркениеттері 
еуроцентризмнің  әділетсіз  де  жалған  ғылым  екенін 
дәлелдеді.  Мұндай  фальсификациялардың  салдарынан 
адамзат  қауымы  бүгінге  дейін  әділетті  де  қайырымды 
қоғам құра алмай отыр... Мұның ең үлкен зауалы: адамзат 
қауымының тәрбиесіне қабат ауыр зардаптарын тигізуде...» 
(С.  Ғаббасов.  «Ұлы  дала  –  адамзат  өркениетінің  бесігі». 
Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті, 23 тамыз, 2008 жыл).
ХІХ  ғасырдың  аяғында,  дәлірек  айтатын  болсақ, 
1893  жылы  қарашаның  25-жұлдызында  Дания  корольдік       
Ғылым  академиясының  мәжілісінде    белгілі  ғалым                                       


5
Вилгельм Томсеннің ашқан жаңалығы Еуроцентризм әдіс-
намасының  күйреуіне  әкеп  соқтырды.  Жалған  әдіснаманы 
күйреткен  ежелгі  түркі  мемлекетінің  көрнекті  әскери 
қолбасшысы Күлтегін (684 – 731 жылдар), оның ағасы Білге 
қаған  (683  –  734  жылдар),  қағанның  кеңесшісі  Тоныкөк 
туралы  тасқа  қашап  жазылған  «Күлтегін»,  «Тоныкөк» 
дастандары болатын.  В.Томсен тасқа қашап жазылған әріп 
таңбаларының  құпия  кілтін  тауып,  тастағы  жазуды  оқуға 
мүмкіндік  алған-ды.  Сөйтіп  еуропалықтар  «жабайы»  деп 
келген түркілердің аса мәдениетті халық екенін мойындауға 
мәжбүр  болды.  Кешігіп  жеткен  шындықтың  бетін  ашуда 
В.Томсеннен  басқа  ғалымдар  Н.К.Видзен,  С.У.Ремезов, 
Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг, неміс 
ғалымы  Д.Г.Мессершмидт,  Н.М.Ядринцев,  В.В.Радлов, 
Ю.Немет, Х.Н.Орқун, Н.Келімбетов, т.б. еңбек еткені мәлім.
«Еуропалық  ғалымдарға  Қытай  ғалымдарының  түркі 
халықтарының  көне  дәуірі  туралы  тәкаппарлық  тұрғыда 
жазған ғылыми еңбектері де әсер еткен болар» деген ойға 
кетесің.  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басында 
біздің  ғалымдарымыз  бен  әдебиетшілеріміз  Қытайдың 
тарихы мен Қытайдың әдебиетіне ден қоя бастады. Еліміз 
баспалары  мен  басылымдары,  аудармашы  ғалымдарымыз 
бен  әдебиетшілеріміз  Қытай  тарихшыларының,  жазушы-
ақындарының шығармаларын аударып баса бастады. Әрине, 
мұның  өзі  біздің  көршіміздің  әдебиеті  мен  ғылымына              
деген адал көзқарасымызды дәлелдейтіні – шындық. 
Кейде  Қытай  тарихшыларының  көне  дәуірдегі  біздің                                                                                                                                
арғы бабаларымыз саналатын сақтар мен ғұндар, түркілер 
туралы  сананы  сансырататын,  шындыққа  мүлдем 
қайшы  келетін  тұжырымдары  «Әттеген-ай,  біздің  о 
бастағы  тарихымызды  тек  еуропалықтар  ғана  бұрмалап 


6
жазған   десек, «Аспан асты елі» деп кейбір журналистер 
аспандата  мақтап  жүрген  көршіміз  Қытайдың  ғалымдары 
европалықтардан қалыспай жарыса жазған екен ғой...» деп 
біздің  арғы  бабаларымыз  туралы  тарихи  ақиқатты  айта 
алмағанына таңқалдық. 
Вын-ди деген қытай патшасының жарлығында түркілер 
туралы  былай  деп  жазған:  «...Жауыз  түріктер  болса  осы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет