82
№4. «Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде
болды?
№5. «Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-
ау» деген ойынан Қожаның қандай екені көрінеді?
№6. - Бұл кім?
-
Мен ғой, ата. Мен
– Қожамын.
- Мұнда неғып отырсың?
- Педсоветке келдім.
- Онда сенің не шаруаң бар?
- Мен жөнінде мәселе қаралып жатыр.
- Сені мұғалім етеміз дей ме?
- Директор етеміз дейді».
№7.
- Мама! Сен жылап отырмысың?...
- Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін!–
деп Қожа мамасының тізесін құшақтай, тығылған қалпында
жылап жіберді.
Қожа қандай?
№8. Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп
өзіне-өзі серт беруі оның қандай бала екенін көрсетеді?
- Пікірлеріңді тыңдап, Қожа туралы көзқарастарың,
ниеттерің дұрыс екенін көріп отырмыз.
«Ой тастау» стратегиясы.
- Қалай ойлайсыңдар, әдепті жолға түсуіне, өз қателігін
түсіне білуіне не себепкер болды? Анасын аяу ма, Сәйбек
қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың пед-
кеңестен шығып бара жатқандағы айтқан сөзі ме?
Достарыңызбен бөлісу: