9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: Қазақстанның “Қызыл кітабына” жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар құлан
да енген.
Жоғалудың____________________________________________________________
Жауабы: Жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар болғандықтан, құлан да Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген.
Адамның иісін алыстан сезіп қойып, 1 шақырым жерден қашып кетуі мүмкін.
1 шақырым __________________________________________________________
______________________________________________________________________
ХХ ғасырдың басында қазақ құланы түгел жойылып кетсе, монғол мен түркімен құланы біздің елдің территориясынан ауып кеткен.
Біздің _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кең далада еркін жайылып жүрген құландарды аңшылар есепсіз аулағандықтан саны азайды. Аңшылар_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қазақ даласында бірнеше рет болған жұт та құландардың жойылып кетуіне әсер етті. Құландардың_____________________________________________________
_________________________________________________________________________
1953 жылы құландардың көбеюін қайта қалпына келтіру мақсатында оны қайтарудың алғашқы жұмыстары басталып, Түркіменстаннан «Барсакелмес» қорығына 14 құлан алып келінген.
Түркіменстаннан_________________________________________________________
________________________________________________________________________
Қазақ даласына жерсінген құландар саны ақырындап өсе бастаған.
Құландар ______________________________________________________
_________________________________________________________________________
1982-1983 жылдары құландар Баракелмес аралынан “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткізілді. «Алтын-Емел»______________________________________________________
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда құландардың төрт тобы қалыптасты. Қазақстанда ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Құландар табиғатта жайылу арқылы түрлі өсімдік тұқымдарының басқа жерлерге тарауына көмектеседі, жерді қопсытады. Табиғатта___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
10.Сондықтан табиғатты сақтау мақсатында құландардың жойылып кетпеуіне жағдай жасау –әрбір адамзаттың басты парызы.
Әрбір адамзаттың_______________________________________________________
_________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |