9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
Арнайы ұйымдарға, арнайы сыныптар мен топтарға
1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Роботтар әлемі
Робот — тірі ағзаға ұқсатып жасалған автоматты құрылғы. Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары Карел және Йозеф Чапек 1920 жылы енгізген. «Робот» чехтің «робота» немесе «робот» сөзінен шыққан «еріксіз еңбек ету» деген мағынаны береді. Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен қимылын ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды. Интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды қиын жерлердегі (су астындағы, ғарыштағы) қызметтерден босатады. Робот бір сарынды ауыр, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлер де жүре алады. Олар үнемі дамып келеді.
Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар — өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін және технологиялық құралдардың қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Әлеуметтік роботтар адамдармен байланыс орнататып, сөйлеседі.
Қазіргі кезде роботтардың көптеген түрлері бар. Олар әртүрлі орталарда әртүрлі жолмен қолданылады. Қолдану мақсаты мен сыртқы келбеті әртүрлі болғанымен, құрылымына келгенде баршасында 3 бірдей жерлері бар. Бірінші, әр робот механикалық құрылғы, рамадан тұрады. Сол раманың түрі қолданылатын мақсатына қарай өзгереді. Роботтың формасы атқаратын функциясымен тікелей байланысты. Екінші, әр робот электр бөлшектерден тұрады. Осы бөлшектер робот жүйелерін толығымен бақылайды. Үшінші, барлық роботтар кішкене болса да компьютер кодын керек етеді. Сол алгоритмде робот қалай қызмет ету керектігі көрсетіледі. Бағдарламаның ішіне код жазған адам робот шешімін қалай және қашан қабылдап, әрекет ететінін жазады. Негізгі үш түрлі алгоритмдер бар: қашықтан басқару, жасанды интеллект және гибрид.
Ғылыми фантастика жазушысы- Айзек Азимов әлеуметтік роботтарға арналған, құрамына төмендегідей шарттар кіретін нақты заңдарды ұсынды.
Робот адамға зиян келтірмеуі керек және адамға зақымның келуіне жол бермеуі керек.
Робот адамның бірінші заңға қайшы келмейтін барлық бұйрықтарына бағынуы тиіс.
Робот бірінші және екінші заңдарға қайшы болмайтындай етіп өзін қорғауға міндетті. Міне, қазіргі дамыған роботтарды да осы заңдарға сүйеніп жасайды.
(300 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Жұмыстары – _____________________________________________________
Өсуі – ___________________________________________________________
Әрдайым – _______________________________________________________
Аз – _____________________________________________________________
Қажет етеді- ______________________________________________________
40
Достарыңызбен бөлісу: |