9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: Еліміздің ең жоғары Заң құжаты — Конституция.
Конституция ___________________________________________________________
Жауабы:Конституция мемлекетіміздің ең маңызды Заң құжаты болып саналады.
Ата Заңымыз еліміз үшін қиын кезеңдерде халықтық референдум жолымен қабылданды және күрделі мәселелерді шешудің түйінді формуласы ретінде орнықты.
Еліміз үшін _______________________________________________________
________________________________________________________________________
Ата Заң демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке тән ортақ құндылықтардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекетке тән_____________________________________________________
_________________________________________________________________________
Бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат биыл 25 жасқа толып отыр.
Биыл _________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады.
Әлемдегі __________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет халықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген де осы-1995 жылы қабылданған Конституция.
1995 жылы ___________________________________________________________
______________________________________________________________________
6. Міне, осы төрт мәселе біздің республикамыздың негізгі принциптері болып саналады.
Біздің _________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бұл — мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.
Мемлекетімізде ___________________________________________________
____________________________________________________________________
Ата Заң халыққа мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды.
Халыққа ___________________________________________________________
________________________________________________________________________
Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек.
Біз үшін ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Өйткені, Ата Заңымыз — Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз құжат.
Қазақстанның ________________________________________________________
________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |