Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Сыныбы:8 «Б»
ОҚУШЫНЫҢ КОДЫ-----------------------------------------------------------
Тыңдалым
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тақырыбын анықтаңыз.
Қыз баланың тәрбиесі
Қыздың көркі
Қызға қырық үйден тыйым
Қыз мұраты – кету
Қыз өссе елдің көркі
[1]
2. Шығарманың тақырыбын анықтап, мәтіннен екі дәлел келтіріңіз.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
[2]
3. Мәтінді екінші рет тыңдаңыз. Тыңдалған мәтіннің идеясына талдау жасаңыз, пікіріңізді қорытындылаңыз.
[2]
Оқылым
Мәтіндерді оқыңыздар. Ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыздар.
1-мәтін
1922 жылы Орал облысы, Орда ауданында Мәметовтер отбасында Жиенғалидың Мәнсия атты қызы дүниеге келеді. Анасының еркелетуінше, ол - «Моншағым» екен. Кейіннен Мәншүк аталып кеткен ерке арудың жиырмадан астам жылдан соң, ержүрек қыз атанып, тарихта қаларын кім білген?!. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды. Әйелмін деп әлсіздік танытпады, жаспын деп соғыс жалынын жатырқамады. Бар арманы – қалайда жеңіске жету! 1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті. «Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін өрлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті.Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді.
(174 сөз)
2-мәтін
Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, 1970 жылғы қаңтардың 1-і Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті «өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түседі...
1986 жылдың желтоқсанындағы оқиға Алматыда әскер күшімен басылды. Бірақ, дүмпу бірден басылмай, Жезқазған, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды және Өскемен секілді қалаларға жайыла түсті. Дүйім қазақ жастарының қозғалысына ұласты. Сондай қаланың бірі Өскемен болатын. Барлық жоғары және орта оқу орындарының студенттері желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін жеткізбек болған. Барлығы да алаңсыз еді...
Бірақ, олар ойлағандай болған жоқ, арада жарты сағаттай уақыт өткенде құқық қорғау қызметкерлері жастарды ұрып-соға жөнелді. Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға алынды. Тергеу барысында жастардың пікірі мен сөзіне құлақ түрген ешкім болмады. Тек біржақты қараланып, яғни ұлтшыл деген жала жабылып, орынсыз қорлауға жол берілді. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.
Сәбира - тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді. Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы “Тарбағатай ауданынының құрметті азаматшасы” деген атағы берілді. (178 сөз)
1-тапсырма. Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз.
Ұқсастығы
|
|
Айырмашылығы
|
1- мәтін
|
2- мәтін
|
|
|
[2]
2-тапсырма. Мәтіндердің түрлері, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, өз ойыңызды білдіріңіз.
1-мәтін
|
2-мәтін
|
Түрі мен тілдік ерекшелігі
|
Түрі: мен тілдік ерекшелігі
|
Пікір
|
|
[2]
3-тапсырма. Оқылған екі мәтінді салыстырып, ондағы көтерілген мәселелерге баға беріңіз.
Көтерілген мәселе
|
1-мәтін
|
2-мәтін
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
|
|
|
|
|
|
[1]
Жазылым
Берілген тақырыптың бірін таңдап, эссе құрылымы мен дамуын (негізгі бөлім, қорытынды бөлім) сақтап, эссе жазыңыз. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
[10]
Ұл мен қыздың тәрбиесінде ата аналардың белгілі бір принциптерге сүйенуі тиіс. Ол принциптердің балаларға ұнай қоюы екіталай. Сіздің ойыңызша қалай ортақ шешімге келуге болады? Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыныңыз.
Қазақстан Республикасының жаңа жылы «Наурыз мерекесі» болып табылады. Дегенмен Еуропалық жаңа жылды, яғни 31 желтоқсанды біз көбірек тойлаймыз. Осыны дұрыстау мақсатында мәселені оңтайлы шешу жолдарын ұсыныңыз.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Айтылым/10
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. Жұбыңызбен өзара сұрақтармен алмасып, оларға сенімді, дәлелді жауап беріңіз.
1.«Наурыз мерекесін тойлаған дұрыс па, әлде жаңа жыл мерекесін тойлаған дұрыс па? Сен қалай ойлайсың?» тақырыбы бойынша өз пікіріңізді сенімді дәлелдеп, қойылған сұрақтарға еркін жауап бере отырып, жұбыңызбен сұхбат құрыңыз (8-10 сөйлем).
2.«Алтын адам – қазақ халқының мақтанышы» тақырыбында жұбыңызбен диалогқа түсіңіз. (8-10 сөйлем).
Достарыңызбен бөлісу: |