Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
I нұсқа
Оқу мақсаты: 10.2.4.1- әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
10.3.5.1-әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;
Бағалау критерийі
Берілген мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
, әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады
Оқылым.
Мәтінді мұқият оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. (1 балл)
Мәдениеттің қоғамдағы қарым-қатынастық қызметі мен міндетінің сан алуан қыры бар. Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтің түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды жоя алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал құндылықтар арқылы жақсылық пен жамандықты айырамыз.
Қазіргі құндылықтар белгілі бір әлеуметтік-мәдени қауымның немесе халықаралық қауымдастықтың қандай да бір құндылықтарды насихаттауы барысында қалыптасады. Онда адам ерекше бір өрісте – қарым-қатынас өрісінде болады.
Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Әр халықтың шығармашылық рухынан туған сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Өйткені өнер – мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Өнер – адамның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі, құндылықтары құралған.
Мәдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам – мәдениетке құштар тіршілік иесі. Адам саналы әрекетінің арқасында өзінің мәдени деңгейін көтереді. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктердің толассыз жасалуы нәтижесінде ғана адамзаттың өзінің де мәдени деңгейі көтеріледі.
Биік талғамға сай келетін өнер мен шынайы мәдениет жалпыадамзаттық игілікке айналады. Ол жеке бір ұлттық құндылықтан адамзатқа ортақ ізгілікке ұласады. Мысалы, қазақтың қаршадай баласы Димаш Құдайбергеннің өнері осыған дәлел.
Достарыңызбен бөлісу: |