10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру,
негізгі идеясын түсіндіру
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды
Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып,
ортақ идеяны түсіндіреді
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
Тапсырма Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды.
Жолаушы кеткен Батырбай қария бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласын, қасында отырған Ұлжанды көріп шошып кетті.
Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесін кере бір күрсініп алып:
Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді.
Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы.
Көздерінен таса еткілері келмейді.
Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп, оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, суық тиеді, сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, үйге кіргізетін.
Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ.
Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:
Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды.
Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті.
Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді.
Биылғы жазғы демалыста жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді.
Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып қайтты. Ойы сергіп, бойы өскендей болды.
Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне терезенің тұсында бірдеме тасырлаған соң, Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек қағып тұр екен.
Әкем-ау, бұнысы несі? — деп таңданды Ұлжан.
Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды.
Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды:
Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын. Үйде де жасап тұрындар деген. Aпa, бұның пайдасы зор. Атам екеуіңнің жасауларыңа да болады. Үнемі зарядка жасап, физкультурамен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді.
Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті.
Үйдің артында арық бар еді. Арықта таудың мөлдір, суық суы ағып жататын. Ертемен бақшаны аралап көріп, енді қайтып келе жатқан Батырбай қарт, бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді.
Мұратжан-ау, мынауың не?
Мұраттың аурушаң болуының 4 себебін атаңыз.
Мәтіннен адамзатқа ортақ мәселені анықтап, оның салдары мен бірнеше шешу жолын ұсыныңыз.