Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 7-сынып



бет32/35
Дата06.01.2022
өлшемі96,14 Kb.
#12712
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Ә мәтіні


(150 сөз) https://www.zharar.com/kz/shygarma/501-otan_9_mamyr.html#read

Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті, арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт болатын. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кімге болса да мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты

әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады.

(150 сөз) http://bilimdiler.kz/okushi/16012-shygarmalar-toptamasy.html





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет