«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет147/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   204
419-тапсырма. Күшейткіш үстеулерді тауып, олардың сын-бейне белгісін немесе іс-әрекетке күшейтпелі мағына беріп тұрғанын ажыратып, түсіндіріңіздер.

Ұлытаудың етегіне бау-бақшасымен кең жайыла орналасқан кілең аласа үйлі қала. Қасқыр сөйте-сөйте жақындай береді де, жылқының нақ алдына келіп ойнайды да, кенеттен тамағына шабады. Бұндай жағдайда аса сақ болмаса болмайды. Мылтықпен атқаннан кейін, қасқырдың сілесі әбден қатты. Қазақстанның бүгінгі келбеті өте қатты өзгерген. Бұнда жаз айында жер беті жасыл бояумен көмкерілген түске еніп, ал алтын күзде төңіректің бәрі сары жамылып, нағыз ырыс аймағына айналады. Топтанып алған қасқырлар тайдың жағын сындырғаны болмаса, ешбірін жығып, емін-еркін жей алған жоқ. Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. Әрең дегенде ауылдың шетіне келіп тоқтадық. Олар дереу бізді көріп, бет-бетімен үйге тарқаса бастады.


420-тапсырма. Берілген күшейткіш үстеулерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.


Аса, орасан, керемет, тіпті, тым, айрықша, кілең, өңкей, нағыз, әбден.

421-тапсырма. Сын-бейне, күшейткіш, мезгіл үстеулерін пайдалана отырып, «Әжелер – отбасының алтын діңгегі» тақырыбына әңгіме құрастырыңыздар.


Анда-санда, күні бойы, таңсәріде, түгел, осылай, жедел, тез, бетпе-бет, тікелей, мейлінше, нық, дәл, тіпті, керемет, нағыз, ең, орасан.
12-апта. 35-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Мекен, мақсат, себеп-салдар үстеулері.
422-тапсырма. Тәуелсіз Қазақстандағы орнатылған монументтердің мазмұнымен танысып, мағынасын түсініп, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.


«Тәуелсіздік», «Қазақ елі» монументтері,
«Тәуелсіздік таңы» ескерткіші
* * * * *
« Т ә у е л с і з д і к » м о н у м е н т і


Авторлары: Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Шота Уәлиханов; мүсіншілер – Нұрлан Далбаев, Әділет Жұмабаев; сәулетшілері – Қазбек Жарылғапов, Қ.Монтақаев және т.б.


1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына орай, осы бақытты бостандық үшін жан аямастан күрескен ата-бабаларымызға арнап «Тәуелсіздік» монументі ашылды.
Ескерткіштің ашылуына Н.Назарбаев пен Түркия Президенті С. Димерель қатысты. Қазақтың қолданбалы өнерінен туындаған монументтің негізгі орталық композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген, текшелі діңгек тастан (стелла) құралған, биіктігі 28 метр. Діңгектің ұшар басы көк аспанға қарай биіктеген, ортасындағы дөңгелектің басы жұмырланып мүсінделген, оған Қазақстанның Елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде тұрған сарбаздың оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған сауыты бар. Алтынға малынған жебелері бар жас сарбаздың айбарлы, сұсты тұлғасы «Тәуелсіздік» монументінің беріктігін, мықтылығын аңғартады. Бұл сарбаздың бейнесі б.д.д. IV-VII ғасырдан қалған Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» түрінде салынған. Сарбаздың болмысы 6 метрлік, 4 тонналық қоладан құйылып, алтынмен әдіптелген монументтің екі жағында қазақ халқының тарихи өмір белестерінен мағлұмат беретін архитектуралық-мүсіндемелік бейнелер, сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздікке дейінгі тарихи кезеңдерді қамтиды. Яғни Томирис заманынан бастап әл-Фараби, Қазақ хандығының құрылуы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, ұлт-азаттық қозғалыстары, екінші дүниежүзілік соғыс, Желтоқсан көтерілісі, Тәуелсіздіктің жариялануы туралы көрініс-суреттер тиімді орналастырылып, көркемдік жарасымын тапқан.
Ортадағы діңгектің жанына қойылған тас белгілерде Әнұран мен Ата Заңнан үзінділер, Ұлыбритания, Ресей, Қытай сияқты мемлекеттердің шекарамызға, тәуелсіздігімізге қол сұғуға болмайтындығына берген кепілдіктері, Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік жөнінде айтқан аталы сөздері қазақ-орыс тілдерінде ойып жазылған.
«Тәуелсіздік» монументі ХХ ғасырдың аяғындағы ұлттық сәулет өнері тарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік шығармашылықтан туған озық архитектуралық жәдігерлердің біріне айналды.

Сөздік:


қола – бронза садақ – лук
қанжар – кинжал жебе – стрела
көмкеру – обшивать края; окаймлять
жәдігер – наследие; память; реликвия
діңгек – колонна; стойка; столб; ствол; мачта
текшелеу – складывать пачками; сложить рядами; слоями
қыран – беркут; орел; сокол; ловкий; хваткий; зоркий
сауыт – бронь, кольчуга; щит; урна; посуда; сосуд

423-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.


Ү л г і:
– Еуропада мұндай үлкен оқиғаларға байланысты монументтер қандай
түрде тұрғызылған?

  • Көне ғимараттарға бай Еуропада үлкен оқиғаларға байланысты көтерілген мұндай белгілердің көпшілігі тіреуіш-колонна түрінде келеді екен.

  • Бұл айтылғанға қандай мысал келтіре аласыздар?

  • Мысалы, Римдегі император Троянға, Париждегі Вандам алаңындағы Напалеонға, Лондондағы Трафальдар алаңындағы Нельсонға арналып тұрғызылған ескерткіштер осы әдіспен салынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет