«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсырма. Оқу-білім туралы макал-мәтелдердің мағынасын түсініп, есте сактаңыздар. Білімдеріңізді тереңдетіңіздер



бет65/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   204
156-тапсырма. Оқу-білім туралы макал-мәтелдердің мағынасын түсініп, есте сактаңыздар. Білімдеріңізді тереңдетіңіздер.
*Терлемеген – терең білмес. *Білімдіні, бала болса да аға деп біл.
*Мен білмеймін деме, үйренемін де. *Окыған – опық жемейді.
*Оқыған ұл – атасынан да үлкен. *Білім – ағашы, еңбек алмасы.
*Пірің көп болғанша, білімің көп болсын. *Білім – елге, су – жерге.
*Күш – білімде, білім – кітапта. *Ақылдының қазынасы – білімі.
*Білімі жоқтың, таңы да тас қараңғы түндей.
*Қазынаны тереңнен табарсың, білімді кітаптан табарсың.


157-тапсырма. Сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, айтылуындағы ерекшеліктеріне назар аударыңыздар.
Торы ала ат. Жаңа ауыл. Қара күрең. Көк ала. Үлкен ғалым. Жүз жылқы. Бас штаб. Сенбі. Жексенбі. Сәрсенкүл. Қазанқап. Ала кет.
158-тапсырма. Сөздерге -ы, -і жалғауларын жалғап, кейінді ықпалды сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Еңбек, жақ, бармақ, бауырсақ, кек, оймақ, қуыршақ, қасық, бақ, бесік, жидек, көп, білезік, тарақ, мектеп.
5-апта. 13-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
159-тапсырма. Дүниежүзіне әйгілі ұлы ғалым, энциклопедияшы әл-Фарабидің өмір жолынан мәлімет алып, мәтінді меңгеріп, мазмұндаңыздар.


Ұ л ы т ұ л ғ а л а р
* * * * *
Ұлы ғалым, ойшыл – Әбу Насыр әл-Фараби
(870-950)
Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) қаласы. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткен. Отырар – бір жағынан көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағынан – отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстыратын қала болған. Бұл шаһарды арабтар «Фараб» деп атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен. Отырар қаласын қыпшақтар «Қарашоқы» деп атаған.
Ежелден Отырар қаласын мекен еткен түркі тектес тайпалардың барлығы дерлік бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енгені көне тарихтан белгілі. Әл-Фараби сол қазақ халқының құрамына қосылған түркі тайпасынан шыққан және ол советтік шығыс халықтарының мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер деуге болады.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе ғылым мен мәдениет орталықтары – Бағдад, Қорасан, Дамаскі, Каир т.б. шаһарларда болады.
Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін де жетік білген.
Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б. ғылым салалары бойынша қыруар ғылыми еңбектер жазды. Кейбір еңбектерін атайтын болсақ: «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «Софистика», «Риторика, т.б.») сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемлдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге дейін мәнін жоймаған. Музыка зерттеу саласында «Музыка туралы үлкен кітап» атты кесек еңбегін қалдырды.
Әбу Насыр әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым, оның «Өлең және ұйқас туралы сөз» деген шығармасы болған. Сонымен қатар, «Өлең ырғағы туралы», «Ырғақ пен өлең туралы сөз» және «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері оның еңбектерінің тізімінде көрсетіледі.
Фараби заманында жаратылыстану ғылымдарының ішінде медицина ғылымы жақсы дамыды. Бұл салада да оның еңбектері бар.
Әл-Фараби Аристотельдің ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, өзінің ғылыми еңбектерінде адамның ақыл-ойының дүние танудағы құдіреттілігін дәріптеді. Ол тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп тұжырымдады.
Аристотельден кейінгі дүниежүзілік білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» болған әл-Фараби Аристотельдің шығармалары жайында көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды.
Өмірінің соңына әл-Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шаһарына келіп тұрақтайды, сонда қайтыс болады. Оның денесі Шам шаһарының Кіші қақпа (Бас ас-Сағир) жанындағы зиратқа қойылады.
Әл-Фарабидің ісін жалғастыратын, ғылымға берілген шәкірттері де көп болды. Олардың ішінде Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейнгі кезде шығыс ғалымдары оларды «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай-ақ ұлы ғалымдар – Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін әл-Фарабидің шәкірттері деп есептейді.


Сөздік:
данышпан – гений; великий; премудрый; мудрый; гениальный
отырықшы – оседлый
тайпа – племя; племена; род
дәріптеу – возвеличить; воспеть; превозносить; хвалить; восхвалять
шаһар – город




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет