«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет67/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204
163-тапсырма. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақтар қойыңыздар.
Әбу Насыр әл-Фараби «Шығыстың Аристотелі» атанған есімі әлемге танылған философ болды. Осы қырық шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды-әдебиетші, ұшқыр-ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді. Ол адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш – ақыл-парасат деп біледі. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы «қала» деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуын, ондағы теңсіздіктің өмірге келуін, қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттерді, бақытқа жету үшін бірігіп тіршілік ету керектігін сөз етеді. Ол болашақ қоғамды – адамдардың емін-еркін азат өмір сүретін, бәрі тең, бірін-бірі құрметтейтін бақытты қоғам ретінде суреттейді.
164-тапсырма. Төмендегі нақыл сөздерден сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыздар.
Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды.
(А.Чехов)
Өзге ештеңеден табылмас бақытты еңбектен табасың.
(А.Менделеев)
Адамдар еркіндік алғанда ғана еңбек сүйгіш бола алады.
Тіл байлығы – ой байлығы.
(Н.И.Карамзин)
Сөз өнері – өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі.
(Бальзак)
Сөз – өмірдің ұлы қаруы.
(В.Короленко)
Ең жақсы тіл – ана тілі.
(М.И.Калинин)


165-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып, олардан тұрлаулы мүшелерді табыңыздар.
Фараби еңбектері, әдебиет теориясы, философия, логика, тіл білімі, ұлы ғалым, Фарабидің зерттеулері, поэзиялық туындылары, оның әдеби мұрасы, ғұлама ғалым ретінде танытатын, Фарабидің ақындығы.


166-тапсырма. Сөйлемдердегі баяндауыштардың астын сызыңыздар. Кітапты бағалаңыздар.
Кітап – қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әрқашан үндемей көмектеседі. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді, ақы сұрамайды. Бірақ сен де кітапқа қайырымды бол. Оны сүй, аяла! Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет! Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ортақ мүлкі, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. (Ө.Тұрманжанов)












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет