123-тапсырма. Мәтіннен қатыстық сын есім тұлғасында тұрған сөз тіркестерін теріп жазыңыздар. Ү л г і: Дипломатия+лық тәсіл. Парасат+ты би. Дәстүр+лі мәдениет.
124-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар. Сын есім (Имя прилагательное)
Сын есім дегеніміз – заттың сын-сипатын, сапасын, түр-түсін, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы.
Имя прилагательное – это часть речи, которое обозначает признаки, качества, свойства, цвет, объем, форму предмета.
Сын есім қандай? (какой?), қай? (который?) деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есім мағынасына қарай (по значению) 2-ге бөлінеді:
Қатыстық сын есімдер (относительные прилагательные).
Сапалық сын есімдер (качественные прилагательные).
Қатыстық сын есімдер – бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білдіреді.
Қатыстық сын есімвыражает признаки, приписываемые предметам, отношение одного предмета к другому по принадлежности, местонахождению, времени и т.д.
Мысалы: шөпті жер – шөп мол шығатын жер, түнгі жел – түнде соғып тұратын жел, қысқы сессия – қысқы уақытта өткізілетін сессия, жазғы демалыс – жазда болатын демалыс күні, таулы алқап – тауы көп жер, тұзды тамақ – тұзы көп салынған тамақ, ақшалы адам – ақшасы көп адам, түскі ас – түс кезінде ішілетін ас, қысқы аяз – қыс мезгілінде болатын аязды күндер т.б.
Қатыстық сын есімдер сөздің түбіріне төмендегі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады:
1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, ті – бір заттың екінші затқа қатысын көрсетеді (указывает на отношение одного предмета к другому). М.: Көп бала+лы үй. 2. -дай, -дей, -тай, -тей – бір заттың екінші затқа қатысты сапасын көрсетеді (указывает на качество предмета относительно другого предмета). М.: Тау+дай, әке+дей, бала+дай; 3. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік – қоғамға, саясатқа, өнерге қатысын көрсетеді (указывает на отношение к обшеству, к искусству, к политике). Мысалы: Қала+лық, азамат+тық, әлеумет+тік; 4. -сыз, -сіз – болымсыз сын есімдер (отрицательные прилагательные). М: кітап+сыз, үй+сіз, ағаш+сыз. 5. -қы, -кі, -ғы, -гі – мезгіл, уақыт және кеңістікке қатысты сын есімдер (отношения времени и пространства). М.: жоғар+ғы қабат, кеш+кі уақыт;