«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсырма. Терминдердің мағынасын ескеріп, есте сақтаңыздар



бет55/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204
128-тапсырма. Терминдердің мағынасын ескеріп, есте сақтаңыздар.
Мектеп – балаларға білім беретін оқу орны, бұл сөз «китабе» сөзінен шыққан. «Китабе» сөзінің алдына «ма» қосылып, «макитабе» сөзі пайда болған. Оны өз тілімізге аударсақ, «оқуға, сабақ жүргізуге арналған бөлме» мағынасында. Бұл сөз қазақ тіліне аударғанда «мектеп» қалпына дейін өзгерген.
Дәптер – оқушылар пайдаланатын жазу құралы. Бұл сөз де тілімізге араб тілінен енген. Арабша «дафтер» сөзі «жазуға арналған кітап» деген мағынаны білдіреді. Содан кейін барып «дәптер» сөзі шыққан.
Қалам – жазу құралы, оның да алғашқы төркіні – араб тілі. Ерте кезде адамдар сиямен жазу үшін құс қауырсынын пайдаланғаны белгілі. Ал арабтар ертеде қауырсынның орнына қамысты ұштап жазған. Содан араб тіліндегі «қалам» сөзі – «қамыс ұшы» деген мағынаны береді.
Бор – мұның тақтаға жазу жазатын ақ балшықтан жасалған құрал екені белгілі. «Бор» атауын алуы – оның түсіне байланысты. Қазіргі кезде қазақ тілінде «ақ» түсін «боз» қалпында айтыла беретіні де белгілі. Осы «боз» сөзі өте ерте кездерде «бор» болып, «ақ» мағынасында қолданылатын болған. Монғол тілінің деректеріне сүйенсек, «бор» сөзі «сұр», «боз» мағыналарын білдіреді.


129-тапсырма. Берілген сапалық сын есімдерді бір бағанаға, қатыстық сын есімдерді екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.
Білікті қолбасшы, қабілетті жауынгер, көзсіз ерлік, шымқай қызыл, қара ала, елеулі үлес, биік, аласа, дөңгелек, қырлы, қисық, жалпақ, сұр, боз, сусыз жер, шулы көше, еріншек, аласа, қара торы, жуас, өткір, жіңішке.


130-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерінен қатыстық сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.



1. арыстандай айбатты
зарлы өкініш
ардақты азамат
өнегелі ақын
ұлттық сезім
көркемөнер
ымырасыз күрес
тәуелсіз Қазақстан
иманжүзді адам
өнерлі тұлға

2. көрнекті қайраткер
белгілі батыр
көреген саясаткер
арғымақ ат
қауіпсіздік
коммунистік партия
әншілік өнер
қазақтың ұлы ханы
ағартушылық сала
ақ ниеттілік

3. айтулы батыр
қабілетті бала
амалсыз жағдай
құнды еңбек
батырлық жол
қазақ хандары
бас сардар
дуалы ауыз
батырдың ұрпақтары
жаугершілік заман



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет