«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Тіл және алаш идеясы»



бет4/6
Дата24.11.2023
өлшемі23,37 Kb.
#125730
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмала-emirsaba.org

Ә мәтіні
Қазақтың күйі қуанышта да, қайғыда да қазақпен бірге жасап, бостандықсүйгіш ұлық өнер бостан заманымызға халқымызбен бірге қадам басты. Өнер атаулының ішінде күйдің мерейі жоғары, күйдің рухы биік. Себебі, күй – біздің ең ардақты, ең әлеуетті, ең сәулетті ұлттық құндылығымыз, ұлттық кодымыз, ұлттық мәдениетіміздің төресі. Ал рухани жаңғыру бағдарында әділ айтылғандай, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру да болмайды. Қазақ мемлекеттігінің дербес даму үлгісіне, әсіресе, күйден қосылар даралық сипаттар мол болмақ. Осы ретте ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталып қалсын десек, ұрпаққа күй мен домбыраға деген махаббат дарытпағымыз ләзім. Қанымыздағы бабалардан мирас ізгі қасиеттерді қайта түлетуде күйден асқан катализатор да жоқ болар. Мәңгілік сақтауға тиісті, тарих тереңінен бастау алған рухани кодымыздың бірегейі де – күй. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілері қатарындағы күйлеріміз мұхитқа құяр дариялардай айдынды. Ендеше, жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениеттің де көш басында жауһар күйлеріміз тұрары сөзсіз. Иә, күй – құдірет, күй – ұран. Күй – қазақтың жаны. Күй қазақтың елдігін, көңілінің кеңдігін білдіреді. Даланың дабылындай Құрманғазы, Тәттімбет көңіл назы, өмір жазы. Саймақтың сары өзені, Сары Тоқа, Ұшырған Нұрғисалар аққу қазы. Шүкірлік, үйім де аман, күйім де есен, Болмайды бұған бір сәт сүйінбесем. Қолыма қара домбыра алған кезде, Үйімде падишаның күйін кешем...». Алда да қазақтың күй өнерін осы Ілекеңдерше, Ахаңдарша, Мұхаңдарша қастерлесекші!. (196 сөз) https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/125
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет