B. Толеранттылыққа,
төзімділікке,__________________________, өзара келісімге ұмтылу –
_________________ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бостандығы мен құқығын
_______________________________, бақытты өмірге қадам басуға мүмкіндік береді [1]
Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды анықтаңыз.
Ақпараттар
|
Шын
|
Жалған
|
Толеранттылық болмаған жерде дамыған орта құруға
мүмкіндік жоқ.
|
+
|
|
Жер бетіндегі тіршіліктің түрлі болуы әлемнің
ғажайыптылығы екені ұмытпау қажет.
|
+
|
|
Әлем халықтарының арасында өзара байланыс жоқ
|
|
+
|
[1]
Оқылым
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастар, яғни біздер. Қоғамның қозғаушы күші жастар екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтады. Бүгінгі жастардың ерекше ұрпақ екенін қайталаудан жалықпайды.
Ерік-жігері күшті жастар ел ертеңі мен өз болашағы үшін бүгінгі бос уақытын қалт жібермеуі керек.
Бос уақыт көп, жұмысымыз жоқ болып жатса, кінә өзімізден. «Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп,
Абай ақын айтпақшы, расында да еріккен жанның ойына түрлі жамандықтар келіп, жат қылықтарға, қылмысқа бой алдырары сөзсіз.
Уақыт демекші, біз, жастар, осы уақытты қалай пайдаланып жүрміз? Бос уақытымызда қандай іспен шұғылданамыз? Сол секілді қаншалықты тырысқанымызбен уақытты жүйелі пайдалануға дағдыланбай жататынымыз да белгілі. Бос уақытты тиімді пайдаланатын немесе жұмысбасты адамның бөтен пиғылды ойлауға мұршасы да болмайды.
Уақыт қашанда адам баласы үшін қымбат нәрсе болып келеді. Біз әрдайым уақытқа кіріптар екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Берілген
бос уақытқа бейғам қарамай, кездескен жат қылықтан қашық жүріп, қоғам үшін қандай да бір игі іс жасауға дағдылануымыз керек.
Бос уақыттың жастар өміріндегі рөлі орасан. Жұмыс пен оқудан тыс мезетті тиімді өткізу мақсатында қазір қоғамдық бірлестіктер қандай шаралар атқарып келеді? Жастардың таным-түйсігін арттыру, денсаулығын нығайту, шығармашылыққа баулу жолдарында атқарылатын қызметтер өз үдесінен шығып жүр ме? Бұл ретте қалалық Жастар саясаты басқармасының ұйытқы болуымен Алматыда «Дүйсенбілік футбол» өтіп жүр. Бұл шараның басталғанына биыл – үшінші жыл. Шараның басты мақсаты – базарда қарапайым жұмыс істеп, еңбегін маңдай термен адал тауып жүрген
азаматтарға көңіл бөлу, бір сәт қуаныш сыйлау. Футболдан бөлек волейбол ойынын да кіргіздік. Биылдан бастап үстел теннисінен жарыс өткізу жоспарда бар. (249 сөз)