«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет2/25
Дата19.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#44237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары
ның деңгейі

Сипаттама

Сұрақтар түрі

Тыңдалым мен айтылым



Білу және түсіну


Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



  • мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтайды;

  • мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды;

  • тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажыратады;

  • мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтайды;

  • мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады және сыни тұрғыда бағалайды;

  • коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлейді, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлейді.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар



Оқылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну


Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары



  • әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтайды;

  • таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы таниды (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);

  • таза ғылыми стильдегі дәріс, интервью, мақала, баяндама, тезис, аннотация, рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдайды;

  • әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;

  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтырады;

  • белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданады;

  • БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасайды, дәйексөз келтіру жолдарын біледі.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну


Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



  • жоспар түрлерін құрайды (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар);

  • таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, тезис, аннотация, рецензия жазу;

  • мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;

  • қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе);

  • оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;

  • әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;

  • жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау);

  • мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;

  • сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

  • белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу (образды-эстетикалық);

  • мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып);

  • мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.




Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет