«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет26/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#138014
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені және автор көзқарасын талдап, өз 
көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп 
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді 
білдіріңіз.
[10] 
 
1-мәтін 
Қазақ даласындағы әлемдік жауһар жәдігерлер: олардың келешегі қандай? 
Ұшқан қыранның қанаты талатын, жортқан тұлпардың тұяғы тозатын қазақтың ұлан-ғайыр 
кең даласында ықылым замандардан бүгінге дейін жеткен көптеген тарихи һәм мәдени мұралар бар. 
Заманның желіне мүжіліп, адамның қолынан жапа шегіп жатқан бұл асыл құндылықтарды мемлекет 
қамқорлығына алып, күтіп-сақтамаса, жөндеп-жаңғыртпаса, тоз-тоз болып, тозып кетуі де мүмкін. 
Сондықтан бабадан қалған осынау жауһар жәдігерлерді ел билігі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік 
мұралары тізіміне енгізуге мүдделі. Осы жолда қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы 
ҚазАқпараттың ресми сауалына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер 
комитеті жан-жақты жауап берген болатын. 
Комитеттің мәліметінше, ЮНЕСКО-ның бұл тізімінде Қазақстанның үш мұрасы ғана болған. 
Олар — Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, «Тамғалы» петроглифтері және Қазақстанның 
орталығындағы дала мен көлдер — Сарыарқаның табиғи ескерткіштері. Соңғысының құрамына 
Қорғалжын мен Наурызым қорықтары кіреді. Олардың жалпы ауданы 450 мың гектарды құрайды 
екен. 
2007 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті Ұлы Жібек жолының бойында 
орналасқан бірқатар мұраларды тізімге енгізуге шешім қабылдаған болатын. Ол тізімге Ұлы Жібек 
жолы бойында орналасқан елдердің әрқайсысы өз территориясында орналасқан, ежелгі сауда 
жолының дамуына өзіндік үлесін қосқан тарихи ескерткіштерді ұсынулары тиіс болды. Осылайша 
Қазақстан Қытаймен және Қырғызстанмен бірлесе отырып (кейіннен Өзбекстан да қосылды), 
тарихи-мәдени нысандарды іріктеуге кірісті. Терең зерттеулер мен зерделеулерден кейін 
Қазақстандық тарап аталған тізімге 31 тарихи һәм мәдени мұраны ұсынған болатын. Биыл ЮНЕСКО 
сол ұсынылған нысандардың сегізін Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізді. Олардың 
қатарында Алматы облысындағы Қойлық, Қарамерген, Талғар; Жамбыл облысындағы Ақтөбе
Құлан, Қостөбе, Өрнек, Ақыртас қалашықтары бар. Сонымен қатар, Қатонқарағай ұлттық табиғи 
қорығы мен «Ақжайық» биосфералық аймағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық 
резерваттары жүйесіне енгізілді. (240 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет