«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет24/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#138014
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
 
1-мәтін 
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы 
Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Оның негізін Екінші 
дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы 
достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру мен адам құқығы 
саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған бағытты жақтаушы болып табылатын 51 елдің 
өкілдері қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуінің бір жылдығы — 1945 жылғы 
24 қазан күні аталып өтсе, 1948 жылдан бастап бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде 
тойланады. Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған 
мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен атап өтіледі. 
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының 
толыққанды мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын 1993 жылдың 
басында бастады. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде жұмыс істей отырып, қызметтің белгілі бір түріне назар 
аударады және әрбір агенттіктің өз мандаты бар. Агенттік басшылары БҰҰ Тұрақты үйлестірушінің 
жетекшілігімен БҰҰ Елдік Командасын қалыптастырады. БҰҰ Елдік Командасы агенттіктің 
ұжымдық мықты жақтарына сүйене отырып, дамудың ұлттық басымдықтарына қол жеткізу үшін 
стратегиялық үлес қосуды қамтамасыз етеді. 
БҰҰ Елдік командасы Үкіметке, азаматтық қоғамға және жекеменшік секторға келесі 
мақсаттарға жетуге септігін тигізуде: 

экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілдіру арқылы салауатты халқы бар, жасыл 
экономикасы, өркендеген бизнесі мен құқықтары баршаға кепілдік беретін болашақ елге жетуді; 

барлық азаматтардың, әсіресе, әлеуметтік әлсіз және қауіпті топтардың құқықтарын, 
саулығын қорғау және ілгерілету арқылы инклюзивті қоғамды құруды; 

баршаға тең құқықтарды қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті бекіту мақсатында барлық 
деңгейлерде мүдделі тараптардың әлеуетін дамытуды; 

өңірлік ынтымақтастықты, әсіресе, гуманитарлық көмек және даму мақсатындағы көмек 
көрсетуді дәріптеу. (240 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет