«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет29/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#138014
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
 
 
2-мәтін 
Жыл сайын әлемдегі әрбір қала тұрғыны 250-300 келі қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) 
«өндіреді» екен. Жаһандану үрдісі белең алғалы бері бүгінгі шақта одан ауыл тұрғындары да кенде 
қалып жатқан жоқ. Енді осы цифрды жұмыр жерді мекендейтін 7 миллиард адамға көбейтіп көріңіз. 
Оған өндірістік, техногендік қоқысты қосып байқаңызшы. Жер бетінде жиналған ҚТҚ мен қоқыс 
көлемін ойлаудың өзі қорқынышты. Қайран жер қалай шыдас беріп тұр десеңізші!
Сарапшылардың дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс 
пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді. Осы 
зиянды қоқыс шығару бойынша өңірлерге орын беретін болсақ:
Қарағандының тау-кен және кен байыту кешендері (29,4 пайыз) бірінші орынды, Шығыс 
Қазақстан облысы (25,7 пайыз) екінші орынды иеленгелі тұр, ал тиісінше 17,0 пайыз және 14,0 пайыз 
қоқыс «өндіретін» Қостанай мен Павлодар облыстары үшінші орынды бөліскелі тұр.
ҚТҚ мен қоқыс «өндіруден» Қазақстан дүние жүзіндегі ең дамыған елдерден қалыс қалып 
тұрған жоқ. Қазір қазақ даласында 22 миллиард тонна қалдықтар мен қоқыс жиналыпты. Оның 16 
миллиард тоннасы техногендік-минералдық қалдықтар болса, 6 миллиард тоннасы адам ағзасына 
аса қауіпті химиялық қалдықтар екен.
Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 
500 жылға дейін, полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей жатып алады екен. 
Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі 
құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Қазақстандағы ҚТҚ мен күл-қоқыстың 97 пайызы далаға 
төгіледі. Тек 3 пайызы ғана өртеледі. Ал Германияда ҚТҚ мен күл-қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 
30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделеді. (247 сөз) 
 
 
Оқылым 
Тапсырма 
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет