«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет50/57
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#13585
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
doc450202810 515311534

 

1-мәтін 

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы 

дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген 

мұқтаждығы  жалғасуда.  Олар  болашақта  жаһандық  экономиканы  және  еліміздің 

экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат индустрияларын 

ұйымдастыру  ісін,  табиғи  ресурстарды  басқаруға  қатысты  ұстанымдарды  сыни  тұрғыдан 

қайта  пысықтау  керек»,  –  деп,  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану  мәселесіне  айрықша 

назар аударған болатын. 

Табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану  –  қазіргі  заманауи  қоғамның  ең  маңызды 

мәселесі  болып  тұр.  Ғылым  мен  техниканың  қарыштап  дамуы  табиғатқа  жағымсыз  әсерін 

тигізбей  қоймайды.  Соңғы  қырық  жылдың  ішінде  ресурстарды  тиімді  тұтыну  жиырма  бес 

есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен.  

Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық 

адам  баласына  жеткіліксіз  екендігі  мықтап  сезілуде,  сондықтан  оларды  тиімді  пайдалану, 

адамзат  әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл  табиғи кешендердің өнімділігін 

сақтап,  арттыру  қажеттілігі  туындайды.  Бұл  тұста  табиғат  ананың  берген  сыйын  кешенді 

қолдану, қалдығы кем немесе қалдықсыз технологияларының пайдаланылуы, ресурстардың 

қайта  қолданылуы  ерекше  өзектілікке  ие  болып  тұр.  Ғалымдардың  айтуынша,  еліміздің 

агроөнеркәсіптік  кешенін  дамытуды,  еңбек  өнімділігін,  өндіріс  көлемін  және 

ауылшаруашылығы  өнімінің  сапасын  арттыруды,  сондай-ақ  табиғи  ресурстарды  тиімді 

пайдалануға  негіздеу  керек.  2017-2021  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламада 

суармалы  жерлер  алқабын  1,5  есеге  арттыру  көзделген.  Негізгі  акцент  жер  және  су 

ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет