«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет9/57
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#13585
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
doc450202810 515311534

Транскрипт 

1-мәтін 

Әрбір  адам  мейлі,  ол  жазушы  болсын,  ақын  болсын,  не  әнші  болсын  өзінің  асқан  бір 

сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, 

әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен 

жазылар  шығарманың  бірі  болмақ.  Бұл  шығарманы  мен  кітаптан  да,  ғаламтордан  да 

көшірмедім.  Теңіздің  жағаға  толқып  соққан  толқындарындай  жүрек  пен  көңілден  шыққан 

ойлар...  

Бұл  шығарманың  тақырыбы  –  тамырын  тереңге  жайған  үлкен  ағаш  секілді.  Тамыры 

тереңге жайылған ағаштың жапырағы да көгеріп, мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын 

тереңге  жайған,  жапырағы  жайқалған  ағаш  деп  отырғаным  –  қазақ  ұлты,  қазақ  елі,  қазақ 

халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты. 

Мәңгілік  ел  –  бұл  қазақтың  өткен  тарихынан  бастау  алуы  тиіс.  Тамыры  тереңге 

жайылған  тарихтан  сыр  шертер  болсақ,  біз  қазақ  не  көрмедік,  қанша  қиын  жағдайларды, 

ашаршылық,  соғыс,  елден  жыраққа  ауып  кету,  тілімізден  айырылу,  барлығын  бастан 

кешірдік. Осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. 

Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі. 

550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәламай, қайғы 

көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз 

үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік 

елдің  іргетасын  қалап  кеткен  Керей  мен  Жәнібектен  бастау  алған  қазақ  елінің  мәңгілік  ел 

болуы, құрылуы осының айғағы.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет