Қазақ тілі пәнінен pisa тапсырмалары



бет1/8
Дата23.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#26231
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
аза тілі п нінен pisa тапсырмалары


Қазақ тілі пәнінен PISA тапсырмалары
Елбасы Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің Қаулысымен бекітілді [1]. Ұлттық жоспар Қазақстан

Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген [2].

Бағдарламаның басты мақсаты жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың

өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін қалыптасқан құзыреттіліктерді анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету –қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

Оқу сауаттылығына білім алушының жазба жұмыстарды түсінуі және оларға рефлексия жасауы, өзінің мақсаттарына жету жолында олардың мазмұнын пайдалана алуы, білімінің дамуы және қоғамдағы өмірге белсене қатысу мүмкіндігі жатады. Оқығанын өмірлік мақсаттарға қолдана алу түсінігі мен қабілеті бағаланады [7, 40 б.].

PISA тесті оқу сауаттылығы бағытында алдыңғы қатардағы халықаралық сарапшылар қажет деп таныған мектеп түлегінің алған білімін сәтті жүзеге асыруы және шынайы өмірде қолдана алу құзыреттіліктерін белгіледі. Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады.

Мәтін, жағдаят және сұрақ – оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәлімет, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында.



Осылайша «білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығы» бағытында зерттеу әдістемесі тек қана оқуды емес, сонымен қатар адамның мәтінмен қатынасының жеке аспектілерін қарастырады. Бәрінен бұрын, жеке хаттарды оқуды енгізетін өз мақсаттары үшін оқу, көркем әдебиетке қызығушылық пен әртүрлі ақпараттық мәтіндер мен нұсқауларды есепке алады.

Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PISA тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады.



1-сурет – PISA / функционалдық оқу сауаттылығы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет