4. Мына қатардың ішінен сөйлемді тап. а) Әсел билейді в) жылады с) жануарлардың д) Түн
5. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап а) Екі бала в) Тұнық су с) сегіз жыл д) тез оқу
6. Қарсы мәндес сөздерді табыңыз а) ағаш, бұта в) терең-таяз, күн-түн с) жол-жол д) ажарлы, әдемі
7. Мына тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз? "Қуанышы қойнына сыймады" а) армандады в) қатты қуанды с) жылады д) ойлады
8. Қай сөзде "Ң" әрпі жазылады? а) Досжа... в) жа...бады с) са...а д) жа...ғақ
9. "Өжет" сөзіне мағынасы жуық сөзді тап. а) Батыл в) Өнерлі с) Әлсіз д) қорқақ
10. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз? а) көңілді в) зеңгібаба с) қызғалдақ д) жияды
11. Қысқарған сөздерге қосымшалар қалай жалғанады? а) үтір арқылы в) бөлек жазылады с) бірге жазылады д) сызықша арқылы
12. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді табыңыз? а) Бөлмем в) Дәрігермін с) Ұшаққа д) Бейбітшілікті
13. Есептік сан есімді табыңыз? а) Төртінші в) Екі мың бірінші с) Алты д) Бесеу
14. Жалаң сөйлемді тап. а) Өзеннің суы тұйық в) Мысық иттен қаштыс) күн күркіреді д) Сәуле сурет салды
15. Ілік септігіндегі сөзді белгіле. а) Айгүл, итке в) гүлдің, гүлде с) күнге, күннен д) гүлдің, айды
Қазақ тілі пәнінен тапсырмалары. Тест тапсырмалары №3
1. «Альпинист» сөздегі әріп пен дыбыстың санын анықта: а) 9 әріп, 8 дыбыс в) 9 әріп, 9 дыбыс
с) 8 дыбыс, 8 әріп д) 9 дыбыс, 8әріп
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? а) 5 в) 4 с) 3 д) 2
3. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын тап: а) к,қ,п,т,с,ф в) б,в,л,м,н,ң, с) л,м,н,ң,р,п д) б,в,г,ғ,д,ж,з
4. Жіктік жалғауының II жағында тұрған сөздер қатарын тап: а) ғалыммын в) тарағың с) дәрігерсің д) ұшқышпын
5. Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді? а) 3 в) 4 с) 5 д) 2