Тасымал. 1. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді табыңыз.
А) Ба-сп-а-сөзд-ен.
В) А-лыс-тан.
С) Ша-ппа-шот.
Д) Нег-а-т-ив.
Е) Ал-ыс-тан.
2. Тасымалдауға келмейтін қатарды көрсетіңіз.
А) жаңа
В) дәулет
С) жастық
Д) ара
Е) бағала
3. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.
А) О-юлы.
В) Үміт-сіз.
С) 25-кг.
Д) Кітаб-ымыз.
Е) Қазақс-тан.
4. Тасымалданбайтын сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мұқанның жасы қырық бестерге келген.
В) Осы адам үш жүз түрлі шөп жинады.
С) Дүниеде түрлі-түрлі адамдар кездеседі.
Д) Жасыңа, кәріңе саулық берсін.
Е) Қалаға барып, ескі достарыңа жолықты.
5. Тасымалданбайтын сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Басқа тілді үйрену қажет.
В) Жапан түзде жалғыз қалғандай сезінді.
С) Адамның ықылас – ниеті жақсы болсын.
6. Тасымалдауға келмейтін қатар.
А) Ардақ
В) Жеңіс
С) 10 см
Д) Қарағанды
Е) Семей.
7. Тасымалданбайтын сөз.
А) Дала.
В) Туыс.
С) Сүрт.
Д) Бағын.
Е) Сүйкімді.
8. Тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз.
А) Ата.
В) Сана.
С) Еңбек.
Д) Ұялу.
Е) Ынтымақ.
9. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.
А) Жұ-мыс-сыз.
В) ЮНЕС-КО.
С) 11 – см.
Д) Съезд-ің.
Е) Пар-кке.
10. Тасымалдауға келмейтін сөзді көрсетіңіз.
А) Береке.
В) Тарих.
С) 10 км.
Д) Бесік.
Е) Семей.