«Қазақ тілі» пәнінен



бет4/8
Дата03.02.2023
өлшемі290,87 Kb.
#65081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 ОШ СОР Казахский язык 9 класс каз

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.


Асанқайғының жерұйықты іздегені
Асанқайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», –депті.
Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», – деп, тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған екен таудың аты.
Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», – депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен», – депті.
Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», – депті.

1. Мәтіндегі тілдік құралдар қандай мақсатта қолданылған?


Тілдік құралдар Қолдану мақсаты Жер екен, жер екен...


Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер...


Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен...
А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен...

2. Тақырыпқа қатысты тілдік бірліктерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындаңыз. Берілген графиктік мәтіндердегі ортақ тақырыпты анықтаңыз.
Көтерілген мәселелер бойынша қандай айырмашылықтар бар?
Екі мәтінде көтерілген мәселелердің қайсысы маңызды деп ойлайсыз? Пікіріңізге мәтіннен дәлел келтіріңіз.
Осы мәселені қандай жолдармен шешуге болады?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет