Оқылым 3-тапсырма Қыс келді. Күн суыта бастады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше.Қыс мезгілі адамның мінезіне ұқсайды: кейде қатты, кейде жұмсақ. Кейде қатты аяз, боран болса, кейде балаларды ашық күндерімен қуантады. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Дала тып-тыныш, айнала аппақ қар. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер, таулардағы қыс көріністерікөздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі -қысқы ойындар. Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді. Бірі шанамен сырғанап, бірі аққала жасап, бірі қар атысып ойнаған балалардың көңілді жүздерімен дауыстары ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қысты асыға күтуіміздің тағы бір себебі-жаңа жыл мерекесі..
2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. а) Автор қыс мезгілін кімге/неге ұқсатады? Неліктен?
____________________________________________________________________
[2]
b) Неліктен? не үшін? сұрақтарын қолданып, мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
Балл қою кестесі