«Биотехнологияжәнегендікинженериякелешегі»,«Бұқаралықақпарат құралдары» бөлімдерібойыншажиынтықбағалаудыңнәтижесінеқатыстыата-аналарғаарналғанақпарат(рубрика) Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
Оқужетістігідеңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады
Мәтіндердің ұқсастықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) табуда, мәтіндердің айырмашылықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) салыстыруда қиналады.
Мәтіндердің ұқсастықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) табуда, мәтіндердің айырмашылықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) салыстыруда қателіктер жібереді.
Мәтіндердің ұқсастықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) табады.
Мәтіндердің
айырмашылықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) салыстырады.
Мәтінге күрделі жоспар құрастырады
Мәтіндердегі деректер мен ақпараттарды қолданып, кіріспе, негізгі бөлім абзацтары (3) және қорытынды бөлімнің тақырыбын жазуда қиналады.
Мәтіндердегі деректер мен ақпараттарды қолданып, кіріспе, негізгі бөлім абзацтары (3) және қорытынды бөлімнің тақырыбын жазуда қателіктер жібереді.
Мәтіндердегі деректер мен ақпараттарды қолданады.
Кіріспе, негізгі бөлім абзацтары
(3) және қорытынды бөлімнің тақырыбын жазады.
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқумақсаты
9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану
Бағалау критерийі
Білімалушы
Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді
Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады
Ойлаудағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындаууақыты
20 минут
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ ұлтының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста да елбасымыздың және елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да бір дәлелдеп, оны әлемге паш ете білдік. Мәселен, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл сол тұстан бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.
ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық. Бейбітшілік пен келісімсіз әлемнің құрдымға кетуін, табиғат анамыздың экологиялық проблемаларға ұшырау мүмкіндігін біздің еліміз бен елбасымыз өте жақсы біледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жалпы әлемдегі мемлекеттердің мемлекет болып қалу кепілдігі «бейбітшілік пен келісімде» жатқанын тілге тиек етеді. Біз әлемге осылайша нұрымызды шаша береміз!
Мәтіннің мақсаты қандай? Кімдерге арналып жазылған?
Кестені толтырыңыз.
Көркемдегіш құралдар Мәтіннен мысал Қолданылу мақсаты Эпитет
Метафора Метонимия
«Татулық әлемді құтқарады» деген ойды дамытып айтуда аралас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
Бағалаукритерийі
№
тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Әртүрлі жанрдағы
мәтіндердің мақсатты
аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді
көркемдегіш құралдар қолданысына түсінік береді;
эпитет метафора метонимия
1
1
1
3
ойды дамытып айтады;
1
аралас құрмалас сөйлемді қолданады.
1
Барлығы
10
«Әлемдегіқақтығыстаржәнебейбітшілік»бөлімібойыншажиынтықбағалаудыңнәтижесінеқатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
Оқужетістігідеңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді
Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады.
Мәтіннің мақсатын,
аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимияны) тауып, қолданысына түсінік беруде, аралас құрмалас сөйлемді қолданып, ойды дамытып айтуда қиналады.
Мәтіннің мақсатын,
аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимияны) тауып, қолданысына түсінік беруде, аралас құрмалас сөйлемді қолданып, ойды дамытып айтуда қателіктер жібереді.
Мәтіннің мақсатын,
аудиториясын анықтайды.
Көркемдегіш құралдарды
(эпитет, метафора, метонимияны) тауып, қолданысына түсінік береді. Аралас құрмалас сөйлемді қолданып, ойды дамыта әңгімелейді.
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқумақсаты
9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым- қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру
9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Бағалау критерийі
Білімалушы
Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын құрастырады
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады
Ойлаудағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындаууақыты
20 минут
Тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз.
Баламалыэнергиякөздері Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді.
Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша, елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1% екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды, дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз.
Қазақстанның климаттық жағдайы – күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша, елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы.
Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз, сондықтан баламалы энергия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс.
Мәтін оқырманға қалай әсер етуі мүмкін? Оқырманға қандай ой тастайды деп ойлайсыз?
Оқырманның қарым-қатынасын анықтау үшін талқылау сұрақтарын құрастырыңыз. Берілген тірек сөздерді қолданыңыз.
Тірек сөздер Сұрақтар
... қалай ойлайсыз?
Неліктен ... мәселе орын алды?
... келісесіз бе? Сіз бұған қалай қарайсыз?
Сүлеймен патша барлық жануарлардың тілін біліпті деген аңыз ежелден келеді. Бір күні патша барлық тіршілік иелерін жинап алып олардан адамдардың қандай зиян келтіріп жатқаны туралы сұрапты. Сонда барлық жан-жануарлар, өсімдіктер мен жәндіктер адам баласын тек мақтаған екен. Бұл Сүлеймен өмір сүрген дәуірде болған. Қазіргі кезде жан- жануарлар мен өсімдіктер әлемі адамның табиғатқа тигізіп жатқан әсері туралы Сүлеймен патшаға не айтар еді деп ойлайсыз? Жауабыңызды төменде берілген тапсырмалардың бірін таңдау арқылы жазыңыз.
Жануарлар әлемнің атынан хат жазыңыз.
Өсімдіктер әлемінің атынан өтініш жазыңыз.
Бағалау критерийі
№
тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын құрастырады
1
мәтінде көтерілген мәселенің
оқырманға әсерін анықтайды;
1
2
талқылау сұрақтарын құрастырады; 1.
2.
3.
1
1
1
Әртүрлі жанрда мәтіндер
3
рөлге енеді;
1
құрастырады
оқырмандарды өсімдіктер мен
жануарлар әлемін қорғауға
1
ынталандырады;
мәтіннің жанрын сақтайды;
1
тақырыпты ашады.
1
Барлығы
8
Табиғиресурстардытиімдіпайдалану»бөлімібойыншажиынтықбағалаудыңнәтижесінеқатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
Оқужетістігідеңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын құрастырады