1-мәтін
Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан
айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Fast Future британдық агенттіктің
футурологтары 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін
болжады. 17 жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына
мынандай маман иелері қажет болады:
Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту
сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың
ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.
Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған
технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз
етеді.
Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген
саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын
фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың
қажеттілігі де артады.
Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың
қатарында болады.
Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек
көрсететін болады.
Виртуалды құқықтың заңгері қарапайым заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады.
Ал виртуалды әлемді жинастыратын адам электронды пошта, гаджеттер мен компьютердегі
файл мен папкаларды реттеп береді.
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/13696/
2-мәтін
2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 млн жоғары білімді маманға
қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен, ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім
алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. Pew
Research Center жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс
орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты. Сонымен
қатар, аталған баяндамада сарапшылардың 48 пайызы болашақта робот техникасының
дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша, бір робот мың
адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамту деңгейі төмендеуі мүмкін.
2015 жылы Оксфорд университетінің баспасынан Ричард Сасскинд пен Дэниель
Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» (The Future of the Professions) атты кітабы жарық
көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған.
Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер
емделушімен Skype арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік
бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды
шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн
диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен
қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін.
https://egemen.kz/article/154229-bolashaqta-qanday-mamandyqtar-payda-bolady
Достарыңызбен бөлісу: |