http://www.rusnauka.com/16_NPRT_2014/Pedagogica/2_171238.doc.htm
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНДІ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ
магистр Г.А. Дуйсенбиева
Қазақстанның білім беру жүйесі қатып қалған дүние емес, бүгінгі күннің талабына сай, оқушының ақыл - ойын, қабілетін дамыту, әлемдік денгей талабына жауап беретін интеллектуалдық потеңциал дайындау мақсаты көзделініп отыр. Әрине, 21 - ғасырдың қойған бұл талабы, сөзсіз қиын. Бұл қиын жағдайдан шығудың жолы - адамның барлық шығармашылық мүмкіндіктерін пайдаланатын жаңа технологияны іздеп табу. Осыған орай бүкіл білім беру жүйесі озық тәжірибелер мен технологияларды еңгізуде. Бұл жүзеге асырылатын білім беру мақсаты мен міндеттерінің дәстүрлі оқытудан түбегейлі өзгешеліктерін қолдану арқылы. оқу әркекетін қалыптастыру негізінде, оқушылардың жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып, ең алдымен білім, білік, дағдыларын менгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін көздейді. Бала дамуын жан - жақты, терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен санасын отыру, мұғалімге үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейді.
Баланың қабілеттерін дамыту, ақыл - ойын жетілдіру мәселелеріне ежелгі грек ғалымы, философы Сократ, Шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби, өзімізге етене жақын ұлы ойшылы, ақынымыз Абай да аса назар аударған. Олардан кейінгі педагогика мен психологияға ден қоя қараған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жүмабаевтар баланың ақылын, танымын, еркі мен зейінін қалыптастыру арқылы бойға біткең қабілетті дамытып жүйелі ой түйіп, білім тұңғиығына бойлауға мүмкіндіктер ашатындығын атап айтқан.
Кәсіби шеберлік, шәкіртті баурап алып, қызығушылықтарын арттыру, терең білім беру -ұстаздың талмай ізденуінде. Бойына жинақтаған теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, ізденістең жалықпаған ғана кәсіби шеберліктін шыңына шығары анық.
Мен оқытатын орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілінен 31 жылға жуық білім беріп келемін. Осы жылдар аралығында мектеп пен қоғамда қаншама өзгерістер болып өтті.
Мәтін және оны қабылдау да - өз шешімін таппай отырған, кең ауқымда зерттеуді қажет ететін мәтін лингвистикасының өзекті мәселелерінің бірі. « Мәтін анықтамасын түсінуде ол феңоменді оқып - үйренудің түрлі әдістемесі мен амал - тәсілі анықталады. Бүгінгі күнде мәтін аударуда ». Сонымен бірге лингвистер бірінші кезекте тілдің функционалдық - коммуникативтік сапасы мен мәтін арқауын құрайтын құралға назар аударды. « Мәтін » деген түсінік « Мәтін грамматикасы, мәтін стилистикасы », « Мәтін лингвистикасы » деген лингвистикалық терминдер атауымен кіреді. Бірақ дәл тіл білімнің ауқымда « мәтін » әлі нақты анықтамасын алған жоқ. Ол көп құрлы болғандықтан түсінікті тілдік қатегория тарапынан қиюластыру мүмкін емес. Сондықтан « сөйлемнің күрделі бірлігі », « сөйлемнің бірізділігі », типтік анықтама және тағы басқа үнемі кисынсыз болады, сондықтан да ол материалдық құрылысын, оның экстралингвистикалық көрсеткішін, Сонымен бірге коммуникацияға қатысушылар рөлін назардан тыс қалдырады. Сонымен бірге мәтін мағынасы оның жарыққа шығу себебімен анықталады.
Демек, мәтін феңоменіңің көп құрлығын есепке алған жағдайда, оған түрлі анықтамалар беруте болады. Мұның өзі шындығында мәтін ретінде оған анықтама беруде негізгі рөл атқаратынына дәлел бола алады. Мәтін сөйлеу шығармашылығы таңбалық жүйелілік сияқты ақпараттық кеңістікті анықтайды. Семиотикада мәтін коммуникацияның кез келген формасы, мәселен, салт, би, әдет - ғұрып және тағы басқа кез келген таңбанын бірізді, байыпты жүйесі деп түсіндіріледі.
Филология ғылымында, атап айтсақ, тіл білімінде, мәтін - таңбаның ауызша ( сөздің ) жүйесі деп таньшады. Сөйтіп, мәтін бір мағынаны - бастапқыда коммуникативтік мағынаны білдірген, сондықтан мәтін - коммуникативтік бірлік деп ататады.
Мәтін сөзі ( латын тілінде textus ) « тұтасып кеткен, біріккең ткань » деген ұғымды білдіреді. Сондықтан көңіл аударарлық бір жайт, не бірігеді, қалай, не үшін бірігеді деген нәрсені анықтап алу қажет. Қалай дегенде мәтін - мағыналық жағынан біріккең жүйелі таңбалық бірлік, негізгі өзіне тән байлаулы және тұтастық қасиетке ие. Ондай жүйелі таңба коммуникативтік бірліктің жоғары денгейі, сондықтан ол әдеби шығарманың толық анықталған мағынасына ие, яғни аяқталған ақпараттық және құрылымдық тұтастық. Бұл бүтін, әрі таңғаларлықтай жат құбылыс. Қомақты белік болғанымен, тұтастық үнемі функционалық құрылым болып табылады және бұл құрылымда тұтастықтың өз орны бар.
Мәтін қатегорияларының мәндері (мағыналық, құрылымдық, функционалдық, коммуникативтік) әр түрлі болғанымен, бір - бірімен байланыспайды, тек бір - біріне ықпал етеді, ол - аса сапалы түрде құрастырылған тұтастық,
Қисындылық пен тұтастық - мәтінге ғана тән қасиет ол тек дербес талдауды қажет етеді. Сондықтан да бұл екеуі мәтін шеңберінде бірін - бірі толықтырады және өзара бірлікте қолданылады: мәтін мазмұнын біртұтас мағына, дәл берілген тілдік құралдар ашады. Сөйтіп, тілдік қисындылық Сонымен бірге мағыналық тұтастық оның көрсеткіші болады. Әлбетте, егер табиғи ситуацияны ескеретін болсақ, мәтін пайда болған кезде айқын мақсатты мағынаны көрсетуді талап етеді.
Мәтін теориясында мәтін туралы мәселеге ерекше назар аударып, оны теориялық жағынан саралаудың маңызы зор. Текстология сияқты филология саласының да ерекше қарастыратыны -мәтіннің айрықша формасы. Лингвистика мәтіннің интонациялық, лексикалық және синтаксистік амал - тәсілдерін, графикалық әріппен белгілеу және пунктуациялық ерекшеліктерін зерттейді.
«Мәтін» деген ұғым тек тілдік жағынан құрастырылған және әдеби шығармаға ғана тән болады, алайда оның бөліктеріне, айтарлықтай дербес көзқарасты микромәтінге қолданылмауы мүмкін. Тек сондай мәтін, оның тарауы, бөлімі, параграфы, мәтін кіріспесі, қорытындысы, тағы басқа туралы айтуға болады.
Негізінде мәтін қабылдауды қамтамасыз ету тілдік және графикалық бірліктермен, жалпы білім қорымен, басқаша айтқанда « коммуникативтік аямен » мәтінжасамның жүзеге асу жолдарымен және оны түсіндірумен байланысты жүзеге асады. Сондықтан қабылдау прессуппозициямен (прелат: pral -алда, supposition - болжам, презумпция ) тығыз байланысты.
Прессуппозиция - бұл сөзбен білдіре алмайтын, мәліметті қабылдаушының санасында болатын барлық мәліметтерді және одан тыс жатқан, алайда оларды дұрыс және жеткілікті түрде түсінуге кепілдік беретін мәтіннің мағыналық компоненті. Прессуппозиция бұрынғы өткен мәтінді оқығанда пайда болатын немесе тіпті мәтіннен тысқары, мәтін құраушының тәжірибесі мен білімнің нәтижесінен туындауы мүмкін.
Мәтінді толық түсініп қабылдау үшін « мол мәдениетті контекст » керек, ол жазушы мен оқырманның жалпы бтім қорын құрайды.
Мәтін - «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.
Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. Мәтін әртүрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, құбылыстар сипатталады, суреттеледі.
Мәтінге газет - журнал материалдары, өлен шумақтары, оқулықтағы ережелер және әртүрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әрқилы ұқсастықтары, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу - тәрбие жаршысының негізі - сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижесінің нәтижелі болуыла тікелей әсер етеді.
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу - ол әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнін негізгі алға қойған міндеті — шәкірттердің ой - өрісін кенейтуге, биік адамгершшік қасиеттерін өалыптастыру.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін менгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқынын әдет -ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, Сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс - тіршілігімен жан - жақты терең таныстыру.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінін бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардын жиынтығынан құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс;
2.Сөздіктермен жұмыс;
З.Сөздік қорларын жетілдіру;
4.тіл дамыту;
5.Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |