Қазақ тілі сабағында тыңдаушылардың



Pdf көрінісі
Дата29.12.2016
өлшемі283,95 Kb.
#695

 

 



Қазақ тілі сабағында тыңдаушылардың қабілетін ақпараттық-коммуникативтік 

әдістер арқылы дамыту 

Сапаева Гульжан Едигеевна, преподаватель

Тилеужанова Гульхан Тураровна, старший преподаватель



 

Казахский Национальный университет имени аль

-

Фараби (г.



 

Алматы)


 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алып,  нарық 

саясатына  жолы  ашылып,  дүние  жүзі  мемлкеттерімен 

саяси, мәдени және экономика салаларында жан-жақты 

байланысқа  түсті.  Өркениетті  ел  болу  үшін  әлемдік  білім 

кеңістігіне  бет  түзеу  қажеттілігі  туындап,  заман  ағымына 

сай  білім  беруді  дамыту,  білім  сапасын  әлемдік  деңгейге 

көтеру- оқу орындары мен оқытушының басты мақсаты. 

XXI ғасыр-қатаң бәсеке заманы. Елбасымыз халыққа 

арналған  жолдауында:  «XXI  ғасырда  білімін  дамыта 

алмаған  елдің  тығырыққа  тірелері  анық.  Біз  болашақтың 

жоғарғы  технологиялық  және  ғылыми  қамтымды 

өндірістері  үшін  кадрлар  қорын  жасақтауға  тиіспіз.  Осы 

заманғы  білім  беру  жүйесінсіз  әрі  алысты  барлап,  кең 

ауқымда 

жаңаша 


ойлай 

білетін 


осы 

заманғы 


басқарушысыз  біз  инновациялық  экономика  құра 

алмаймыз»  деген  болатын.  Қашан  да  білімді  ұрпақ- 

болашағымыздың  кепілі.  Егеменді  еліміздің  тағдыры-  жас 

ұрпақтың  қолында  болса,  жас  ұрпақтың  тағдыры-  бүгінгі 

ұстаздардың  қолында.  Бүгінгі  таңда  нарықтық  қатынасқа 

сай,  жаңа  қоғамның  қазіргі  жағдайында  білімді,  өзіндік 

ұстанымы  бар,  таным  көзқарасы  жоғары,  Отанын 

жанындай  сүйетін,  ана  тілін  қастерлейтін  рухани 

кемелденген  азамат  қалыптастыруда  ұстаздар  еңбегінің 

рөлі зор. Отанымыз- Қазақстан Республикасы. Сондықтан 

әр деміміз, қуанышымыз бен ренішіміз, болашағымыз осы 

елдің  өсіп,  өнуіне  байланысты.  Елбасының  халыққа 

жолдауында  айтылғандай:  «Жаңа  әлемдегі  жаңа 

Қазақстанды»  құру  бізбен  жеке  адамдардың,  қоғамның 

және  еңбек  нарығының  талаптарын  қанағаттандыра 

алатын 


бәсекеге 

қабілетті  білім  беру  жүйесін 

қалыптастыруды талап етіп отыр. 

Қазақ  тілін  шетелдік  тыңдаушыларға  меңгерту  басты 

мәселесі  екендігі  жалпы  баршамызға  белгілі.  Шетелдік 

тыңдаушыларға  қазақ  тілін  оқытудың  мақсаттары- 

тыңдаушыларды дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын 

қалыптастырып,  мемлекеттік  тілді  әр  түрлі  жаңа 

технологиялар арқылы игерту. Оқытушының негізгі міндеті 

—  қазақ  тілі  сабақтарын  мазмұны  мен  форма  жағынан 

қызықты, тиімді өткізу. 

Жас ұрпаққа сапалы білім беру, оқу үрдісін жетілдіру 

үшін  инновациялық  білім  беру  технологияларын 

пайдаланудың тиімділігі дәлелденіп отыр.Сондықтан қазақ 

тілін  үйретудегі  бастапқы  мақсат  –  коммуникативтік 

бағытта оқыту болып табылады.Осының бәрі жастардың 

жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді, тыңдаушылар 

үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. 

Коммуникативтік әдіс – білім алушы мен оқытушының 

тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір 

тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен 

әдістемелік  категорияларға  тән  басты  белгілер  мен 

қағидалардың  басты  жүйесінен  тұратын,  тіл  үйретудің 

тиімді  жолдарын  тоғыстыра  келіп,  тілді  қарым-қатынас 

құралы  ретінде  іс  жүзінде  асыратын  әдістің  түрі. 

Коммуникативтік  оқыту  тілді  үйретудің  барлық  түрінде 

қалыптасады-тыңдауда  да,  сөйлеуде  де,  оқығанда  да, 

жазғанда да,өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді. 

Әдістемелік  әдебиеттердің  көпшілігінде  сөйлесім  әрекетін 

төрт  түрге  бөліп  қарастыру  тұрақты  орын  алған.  Олар: 

сөйлеу,  оқу,  жазу,  түсіну.  Коммуникативтік  оқыту:  оқу, 

сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша 

өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. 

Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабы, уақыт ағымына 

қарай  өзгеріп,  дамып,  жетіліп  отырады,  бір  орында 

тұрмайды,  қоғам  өзгерген  сайын  жаңа  мазмұнды  оқу 

жүйесін  қалыптастыруды  өмір  талап  етеді.  Қазақ  тілі 

сабақтары  тиімді  өту  мақсатында  коммуникативтік 

оқытудың  элементтерін  қолдануға  болады.  Соның  бірі 

Е.И.Пассовтың  коммуникативтік  технологиясы.  Осы 

технологияның  негізгі  қағидалары-  тілге  бағыттау,  тілдің 

қызметі,  ұжымдық  өзара  қимыл  және  тыңдаушылардың 

деңгейін  ескеру.Технологияның  мазнұны  –  оқу  үдерісін 

күнделікті  өмірдегі  қарым-қатынасқа  ұқсастыру,  ал 

әдістемелік 

маңыздылығы 

екі 

фактормен 



түсіндіріледі.Бірінші  фактор  —  тасымалдау  жағдайы.Ол 

оқыту  жағдайының  және  оқытудың  нәтижесін  күнделікті 

өмірдегі жағдайларға ұқсастығын қамтамасыз ету. Екінші 

фактор  –  оқуға  ынталандыру  жағдайы.Ол  тіл  үйренуге 

деген ынта және оқушының заман талабына сай өзгетілді 

үйренуі.Оқушылардың  тіл  үйренуге  деген  ынтасы 

мұғалімнің 

қарым-қатынасты 

ұйымдастыруына 

байланысты.  Тілдік  қарым-қатынас  –  ол  тыңдаушының 

іскерлігі,  еркі  және  оқытушының  тыңдаушыны  сөзге 

тартудағы белсенділігі. Тыңдаушымен мұғалім арасындағы 

тілдік қатынас болу үшін мақсат, тақырып және сөйлеген 

жағдайда күнделікті өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсас болуы 

керек.Осы  факторлар  арқылы  тіл  үйренушінің  білімін, 

іскерлігін,  дағдысын  тексеру  үшін  әр  түрлі  белсенді 

тапсырмаларды енгізген жөн.Тапсырмаларды берген соң 

тыңдаушылардың білімін,іскерлігін, дағдысын тексеру және 

бақылау  жолдарын  қарастыру.  Пәннің  мазмұны, 

дидактикалық  элементтерінің  жүйесі  құрамында  сөйлеу, 

оны  тыңдау,  сөйлем  құрастыру,  аудару,  оқу,  жазу  болу 

керек. 


Сабақта 

техникалық 

оқыту 

құралдары, 



дидактикалық  материалдар,  слайдтар,  суреттер  және 

сабақтың  әр  түрлері,  оқыту  тәсілдері,  сонымен  қатар, 

тыңдаушылардың  өзіндік  өзгешеліктерін  ескеріп  отыру. 

Тілдің қызметі, сөйлесу қағидасы — тыңдаушыларды жаңа 

сөздерді, сөз тіркестерін, грамматикалық ережелерді дұрыс 

қолдануға  үйрету.Технологияның  элементтерін  қолдана 

отырып,  жастардың  бойына  тіл  заңдылықтарын  сіңіріп, 

қолдана  білу,  ауызекі  сөйлеу,  мәнерлеп  оқу,  логикалық 

ойлау  қабілеттерін,  сауатты  жазу  дағдысын  тиімді 

меңгеруді  талап  ету.  Коммуникативтік  технологияның 

элементтері тыңдаушыларды бірден әлеуметтік жағдайлар 

арқылы  сөйлеуге  үйретуге  мүмкіндік  береді.Мұның  бәрі 

тыңдаушылардың  тілдік  белсенділігін  арттырудың  негізі 

болады,  сыныпта  өздерін  еркін  ұстауға  көмектесетіндігін 

дәлелдейді.Сондықтан технологияны қолданудағы мақсат–


 

 



нәтижелі  пайдалану.Бұл  технология  элементтерін  енгізу 

үшін  қолайлы  жағдай  жасау,  жеке  оқушымен  жұмыс 

істеу.Оқу  процесінің  негізінде  бұл  технология  элементтерін 

пайдаланып,  сабақта  оқушылардың  білімділігін,іскерлігін, 

адамгершілік,  эстетикалық,  патриоттық  сезімін  дамыту. 

Сонымен  қатар,  ақпараттық  оқу  құралдары  (компьютер, 

аудио-визуалды  құралдар)  арқылы  да  тыңдаушылар 

белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін 

қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, 

сөйлем  құрастыруды,  тұрақты  сөз  тіркестерін  қолдануды, 

сұрақ  қоюдың  барлық  түрлерін  үйрену  тиімді.  Тіл 

үйренушілердің  сөйлеу  дағдылары  ауызекі  сөйлеу 

жүйесінен,  сұраққа  қысқа  да  толық  жауап  қарастыра 

алуынан,  оқығандарын  ауызша  да,  жазбаша  да 

мазмұндап  беретіндей  дағды-машықтарынан,  шығарма, 

хат 


жазу 

дағдыларынан 

құралады. 

Қазақ  тілі  сабағында  компьютерді  қолдану  мәтіндер  мен 

ақпаратты  білуге  жол  ашады.  Тіпті  нашар  оқитын 

тыңдаушылардың  өзі  компьютермен  жұмыс  жасауға 

қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген 

жерін көрсетіп, көмекке келеді. Қазіргі заманда ғылымсыз 

жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу 

мүмкін емес.  

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – елімізді мекендеген өзге 

ұлт  өкілдерінің  мемлекеттік  тілді  игеруі.  Бұл  іс  біріншіден, 

әлеуметтік  сұранысқа  негізделген  мемлекеттік  қажеттілікті 

нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі 

қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана 

алға  басады.  Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  оқыту 

жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу 

жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік 

оқу  бағдарламалары  негізінде  жүзеге  асырылады.  Өзге 

тілді 


аудиторияда 

қазақ  тілі  мемлекеттік  білім 

стандарттарына  сай  міндетті  пән  деп  саналады. 

Коммуникативтік әдіс – тыңдаушы мен ұстаздың тікелей 

қарым- қатынасы арқылы жүзеге асатыны, белгілі бір тілде 

сөйлеу  мәнерін  қалыптастыратыны,  тілдік  қатынас  пен 

әдістемелік  категорияларға  тән  басты  белгілер  мен 

қағидалардың  басты  жүйесінен  тұратыны,  тіл  үйретудің 

тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым – қатынас 

құралы ретінде жүзеге асыратын әдістің түрі.  

Тіл  материалдары  (фонетика,  лексика,  грамматика). 

Осы материал үш бағытқа бөлінеді: 

Лексикалы

қ

 ба


ғ

ыт

 – 



айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдай-

лар арқылы тілді тез игеру. 

Фонетикалы

қ

 ба


ғ

ыт

 – дыбыстың айтылуы мен жазы-



луын  меңгеру.  Әр  сабақта  қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды 

қайталап,  сипаттап,  сол  әріп  бар  сөздерді  қайталап,  әр 

сабақта бір дыбысқа тиянақтап тоқталу қажет. 

Грамматикалық бағыт – деңгейі мен қабілетін сай сурет 

бойынша  жұмыс,  мазмұнын  айту,  сөйлем  құрастыру. 

Мәтінді оқытуда мәнерлеп оқу, түсіну, сұрақтар қою немесе 

диалог құрастыру кеңінен қарастырылады.  

Қорыта  келсек,  коммуникативтік  оқыту  арқылы 

тыңдаушылардың  танымдылық  қабілеттері,  танымдық 

үрдістері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды 

әрекет  қалыптасады.  Бұның  бәрі  дамығаннан  кейін 

жастардың қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні 

дамып  қалыптасады.  Сөздік  қорының  дамуы  мәтінмен 

жұмыс  істегенде,  белгілі  бір  мәселені  шешкенде 

дамиды.Осы технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану 

көптеген жетістіктерге әкеледі. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Б.А. Әлмұхамбетова,  М.А. Ғалымжанова  «Білім  беру  жүйесі  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыруда  ақпараттық 

коммуникациялық технологиялардың қолданылуы». 

2. Б.А. Әрінова. Озық технологияларды қолданудың коммуникативтік компетенция қалыптастырудағы орны. «Қазақ тілі 

Қазақстан мектебінде», 2008, № 1. 

3. З.Ш. Ерназарова Саналы коммуникативті оқыту әдісі. «Қазақ тілі: әдістеме» 2007, № 4. 

4. Г.С. Қасбаева Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» 2008, 

№ 5. 


5. Н.Т. Қазбекова Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану. «12 жылдық білім» 2006, 

№ 1. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет