«Қазақ тілі сабақтарында кері байланысты қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін жоғары көтерудің тиімділігі»



Дата24.04.2023
өлшемі17,27 Kb.
#86012
түріСабақ
Байланысты:
мақала


«Қазақ тілі сабақтарында кері байланысты қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін жоғары көтерудің тиімділігі»
Шымкент қаласы №129 ЖОББМ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дуйсенбиева Гулсим Абдуалиевна
Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады.[1]
Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизімдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес.
Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның тиімділігін арттырады. Өзіндік бағаның мотивациялық - психологиялық тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік баға беру өзін - өзі тану мен табу әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай қарым - қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі үйлесімдіктеріне, өзін - өзі құрметтеуге қол жеткізуге ықпал етеді.
Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, мәдени деңгейін көтеру, танымдық қабілеттерін дамыту, оқу процесін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарды. Бұл оқушыларға өз әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру әдіс- тәсілдерін меңгертуді талап етеді. .[2] Оқу әрекетінің құрамына оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп, бағалап отыруы кіретіндіктен оқу әрекетіне деген рефлексивті қарым қатынасын қалыптастыру ең басты мәселелердің бірі болады. Осындай күрделі құралдағы оқу әрекетіне байланысты оқушылардың сәйкесті ойлау қабілеті қалыптасады. Ал ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Ол белсенді сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады. Оқу тапсырмасының әрбір кезеңін орындауда оқушылар білім негізін саналы меңгеріп, өз беттерімен әрекет жасауға мүмкіншілік алады. Сондай- ақ талдауға, нақты мақсатты анықтауға, тапсырманы орындауға қажетті ережелерді, іскерліктерді жаңғыртуға, мақсатқа жетудің реттік амалдарын белгілеуге, тексеру мен бағалауға үйренеді.Оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру - өз бетімен білім алудың, өз бетімен ізденудің, өзін - өзі тексерудің, өзін-өзі бақылаудың, өзін-өзі бағалаудың негізгі құралы болып табылады.[3]
Оқу әрекетіндегі рефлексия – оқу әрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Себебі оқу әрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы өзінің даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, оқу әрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік алады.Оқушы рефлексия арқылы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – оқушыға алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы. Өкініші орай оқушылар өткен материалдың мәніне көп көңіл бөлмейтінін қойылған талаптары, шала түсінетіні, тек нәтижені ғана тексерумен шектелетіндігі, соның нәтижесінде жиі сәтсіздікке ұшырайтындықтары, уақыттан ұтылатындықтары, өздеріне сенімсіздіктері байқалады. Нәтижесі оқушы өз әрекетін талдай, бақылай білмейтіндігін көрсетті. Сондықтан да оқушыларда оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастырудың қажеттігін практика жүзінде көз жеткізіп, оқу әрекетіне рефлексивті қатынасты қалыптастыруда төмендегі шарттарды ескеру қажеттілігі анықталады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл
2. «Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» - Зулкашева Ш.М. Орал 2013
3.«Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы №8-9 2015 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет