Үш бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
[10]
бөлім. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма
Сізге уақыт машинасына мініп, роботтар заманына сапар шегу мүмкіндігі туды делік. Роботтардың сізді қатты таңғалдырған іс-әркеттері туралы көркемдегіш құралдарды қолдана отырып әңгіме жазыңыз.
бөлім. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке мемлекет кінәлі ме, әлде адамның өзі ме? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
бөлім. Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер
Сіз жас сәулетші ретінде кәсіби тәжірибе алмасу мен заманауи сәулет өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылатын Халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысып, баяндама жасадыңыз. Көпшілік алдында тиімді сөйлеуге дайындық жолдарын көрсетіп, нұсқаулық жазыңыз.