«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау



бет3/7
Дата24.05.2023
өлшемі39,02 Kb.
#96622
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 кл каз т 1 н

А мәтіні


Тоқсаныншы жылдардан бері «байлар» мен «кедейлер» деп қоғамды екіге бөлетін жаман әдеттен әлі де арыла алмай жүргендейміз. «Ой, олар бай ғой…», «Байлар білгенін істейді екен ғой…», «Байдың баласы …» осылай бағалауды айналамыздан жиі естиміз. Əсіресе, оқыс оқиғаларда тілге тез оралады. Екі көлік соғысып қалса да «байдың баласы болған соң құтылып кетті» деп оп-оңай баға беріп тастаймыз. Таптық заманнан қалыптасқан жаман әдетпен бүгінгі қазақ өз қазағын қалтасына қарай қоғамның жағымсыз кейіпкерлеріне айналғандай. Бәлкім, сіз бай деп жақтырмай отырған азамат, сол байлыққа адал еңбегі, маңдай терімен жеткен болар. Сіз аспанға қарап «өкімет өлтірмейді», «өкімет жұмыс тауып беруі керек» деп жатқанда ол арба айдап, базарда етік тігіп, сауда жасап, тиынға тиын құрап, қаржы жинап, келе-келе дүкен, сауда орталығын ашқан болар. Сіз осы жағын ойланып көрдіңіз бе?
«Қалталы» деген азаматтардың бірқатары қайырымдылық шараларынан сырт қалмайтыны тағы бар ғой. «Бергеніңді ұмыт…», «Жасаған жақсылығыңды міндет қылма» дегенді ұстанатындары аз емес. Олай болса, қалтасындағы бақырына байлықты «шақыра» білгені үшін ол кінәлі ме? Тиыннан тиын құрағаны ақылдылығы емес пе? Ал сізде сондай ақыл бар ма? Түсінгенге тірліктің көзін таба білу де бір өнер.
Жалпы бүгінгі «бай» дегеніміз кім? Бай адам қандай болу керек? Осы жағын да ойлау артық болмас. Өзін кедеймін дейтіндердің ойынша бүгінгі байлардың «уайымы жоқ». Ал Сіздегі сол уайымды кім жіберді? Дәл осы ретте бізге Сұлтанмахмұд Торайғыровша айтсақ,
«Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» дей алу жетіспей жатқандай. Бұлай деу үшін біз өзімізді өзіміз тани білуіміз керек. «Өзін-өзі тәрбиелей алған ең ақылды адам» деуші еді ғой ғұламалар. Олай болса ақылды болуға тырысайық.


Ә мәтіні


Қазақстанда бай мен кедей арақатынасы 22:1 қатынасындай екен. Яғни халқымыздың ең бай 10 пайызын ең кедей 10 пайызға бөлгенде 21 есе айырмашылық шығады екен. Біз қанша бай мемлекет болсақ та, егер осы айырмашылық үлкен болса, дамыған ел қатарына қосыла алмаймыз. Осы алшақтықтың бірқатар себептері бар.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жүйе байлардың байи, кедейлердің кедейлене түсуіне «жағдай жасап» отыр. Еліміздің үлкен қалаларындағы тұрғын үй құны өте қымбат, оған жағдайы төмен отбасы ешқашан қол жеткізе алмайды. Жаңа салып жатқан үйлерді көбіне бақуатты адамдар сатып алады. Кейбіреулері ескі пәтерін сатуға асықпай, оны жалға беру арқылы ақша табуда.
Бізде ақшасы жоқ, бірақ идеясы бар адамның кәсіпкерлік айналысып, үлкен компания ашуына мүмкіндік аз. АҚШ-та белгілі бір идеясы бар адам жақсы инвесторлар тауып, акционерлік қоғам құру арқылы қалтасында ақшасы жоқ болса да, еңбектеніп әлемнің ең бай адамдарының қатарына ене алады. Стив Джобс пен Билл Гейтс осыған үздік мысал. Ал бізде бастаманы қолдайтын инвесторлар жоқтың қасы. Оған қоса, кәсіпкерлерді қолдауға арналған банк несиелерінің пайыздары да өте жоғары. Ал өзің тиын-тебен жинап, бір кәсіп бастайын десең, техника да, офис те, ғимарат та өте қымбат. Сатып алудан бөлек, олардың жалға алу құны да бастаушы кәсіпкерге қолжетімсіз.
Бай мен кедейге бірдей салық салынуы. Дамыған елдердің көбінде прогрессивтік табыс салығы енгізілген және ол бойынша неғұрлым көп табысқа қол жеткізетіндер табысының 40, 50 немесе тіпті 70 пайызына дейін мемлекетке өткізеді. Прогрессивтік табыс салығы біздің елде 2011 жылы енгізілді, алайда оның көлемі дамыған елдердікіне жетпейді. Осы секілді факторлар әсерінен, Қазақстанда бай мен кедей арасындағы айырмашылық өте үлкен деңгейде сақталып келеді. (245 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет