Қазақ тілі Түсінік хат «Қазақ тіл»


-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны



бет2/9
Дата03.11.2023
өлшемі71,15 Kb.
#121762
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ т 2-с дұрыс

57-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны

Пән/Сынып

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны

ТЖБ саны



І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны




Қазақ тілі,
2-сынып

2*

2*

2*

2*

Әр тоқсан сайын

* –Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау шеңберінде бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі:
Қателер:
-​ сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескел қателер;
-​ емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;
-​ мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы (сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басында жазылмауы;
-​ орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады;
-​ бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;
-​ мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардың болуы;
-​ бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік қоры жұтаң, мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардың қалдырылуы;
-​ мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынада қолданылмауы.
Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі өрескел емес қате.
Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы, аяқталмаған сөз.
Кемшіліктер: келесі сөйлем бас әріппен жазылған жағдайда сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.
Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өтілген сабақтардың материалдарында қарастырылмаған жағдайда жіберілген қателер диктантта қате деп саналмайды.
Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу
2-сыныпта оқушылардың өз ойын жазбаша тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Үйрету сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір рет.
Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.
Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері
Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығы, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығы, мазмұнының, мәтін құрылысы мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет. Сонымен қатар бастауыш сынып білім алушыларына әртүрлі жағдайларда қауіпсіз іс-әрекеттер туралы және қауіпсіз іс-әрекеттер жасау мәдениеті туралы шығармалардың тақырыптары ұсынылады.
Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктантардың мазмұнын жазылуы ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.
«Қазақ тілі» пәні 2-сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрай
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Барлығы: 136 сағат, аптасына 4 сағат. Алматы «Атамұра» 2022 ж.
Оқулық авторлары: Ә. Е. Жұмабаева, Г.И.Уаисова, Г.Т.Сәдуақас





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет