Өзіңізді жеңімпаздармен қоршау. Сараң, еріншек адамдар төменге тартады, тәуекел ету мен пайда табудан айнытады, өйткені олар өздері пайда таба алмайды. Пайда таба алатындармен араласыңыз, олардың баға жетпес тәжірибесін сіңіріңіз, ол туралы мектеп оқулықтарында жазбайды. Өзіңізді табыстылармен және оптимистермен қоршаңыз. Олар табысты және бай болуға көмек береді.
Жауаптылық алу. Жоқшылықтың серігі – жауапсыздық. Бай болғыңыз келсе, өзіңізге жауапкершілік алудан қорықпаңыз, одан жалтармаңыз, одан пайда табуды үйреніңіз.
Бизнес жасаңыз. Егер Сізде ақша аз болса, кәсіп жасаңыз. Егер Сізде мүлдем ақша жоқ болса, онда дереу, дәл қазір бизнес жасаңыз! Ой іздеңіз, оны бизнес жобаңа айналдырыңыз және инвесторлардың назарын аударыңыз.
Пассивті табыс келтіру жолын жасау. Сіздің қатысуынсыз ақша алып келетін пассивті кіріс көздерін жасау жолдарын іздеңіз. Пассивті табыс – ол Сіздің күш-жігеріңізге қарамастан келетін табыс. Өзіңіз тыным таппай еңбек ететін, барлық операцияны өзіңіз жасайтын кәсіпке бизнесті құрмаңыз. Жұмыс жасалуды, жұмсауды үйреніңіз.
Бай және табысты адамдарды зерттеу. Олардың өмірбаяндарын, табысқа жету жолдарын, неден бастағандарын, қалай кеңейгенін зерттеңіз. Олар қалай ойлайтынын түсініп көріңіз де, солай ойлаңыз. Интернетте әлемнің ең бай адамдарының өмірбаяндары көп. Ең құрығанда, аса көрнектілерінің өмірбаяндарымен танысыңыз.
Айтылым
3- тапсырма. «Табысты болудың жолдары» атты тренинг өткізіңіз.Тренинг барысында жұмыстағы әріптестермен қарым-қатынас, табыс сыры, өзіне сенімді һәм позитивті көңіл-күйде болу, кикілжің және оны шешудің қадамдары, жақсы маман болудың жолдары айтылады.
Тыңдалым https://www.youtube.com/watch?v=_SGuIdnlr-Y
4-тапсырма. Бейнематериалды тыңдап, қолдау немесе қарсылық білдіру.
Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9]
31 –сабақ. Ақша және адамдар
Грамматика: Қалау мәнді құрылымдар:-са/-се деймін, ырықсыз етіс
Достарыңызбен бөлісу: |