Қазақ тілі В2 деңгейі, 1-семестр
1 бөлім сұрақтары:
1. Азаматтық парыз ұғымын қалай түсінесіз?
2. Азамат үшін тіршіліктің мәні неде?
3. Адамзат пен Отанды сүю немен байланысты?
4. парыз, жеке тұлға, ар-намыс, қастерлеу, құқық, жауапкершілік сөздерін аударып,
сөйлем құрастырыңыз.
5. «Алтын ұяң Отан қымбат, туып-өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің
қымбат»-деген Қазыбек бидің сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.
6. Парыз, жеке тұлға, ар-намыс, қастерлеу, құқық, жауапкершілік сөздерімен сөйлем
құрстырыңыз.
7. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» дегенді қалай түсінесіз?
8. Отбасы дегеніміз не?
9. Дәстүр сабақтастығы дегеніміз не?
10. Отбасыныңқұрамынакімдеркіреді?
11. Бала тәрбиесіндеотбасыныңалатынорны?
12. Баланың тәрбиелі болып өсуіне ненің әсері мол?
13. «Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөздің мағынасын
түсіндіріңіз.
14. Бала тәрбиесінде ата-ананың ролі қандай?
15. Отан, тәрбие, сыйластық, шаңырақ, ұрпақ сөздерімен сөйлем құрастырыңыз.
16. «Отбасы» туралы мақал-мәтелдерге 5 мысал келтіріңіз.
17. «Жасы үлкенді сыйла, құрметте, одан үйрен» мақалдың мағынасын
Қалай түсінесіз.
18. Бала тәрбиесінің қыры мен сыры неде?
19. «Үлкенге құрмет, балаға – міндет» ұлағатты сөзінің мағынасын ашыңыз.
20. Өз отбасыңыздағы тәрбие жайында қысқаша әңгімелеңіз.
21. Отбасы мен жеке тұлға, отбасы мен ұлт, отбасы мен мемлекет
арасындағы байланыстар қандай?
22. Отбасы тақырыбына арналған қандай мақал-мәтелдерді білесіз?
23. Сіздің ата-анаңыздың, отбасы мүшелерінің мамандықтары қандай?
24. Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізгі бағыттары қандай?
25. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы туралы не білесіз?
26. Жалпы білім беру және кәсіптік білім беру дегеніміз не?
27. Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу нені қажет етеді?
28. «Оқу, білім, ғылым» туралы мақал-мәтелдерге мысал келтіріңіз.
29. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен цифрлық
инфрақұрылымы туралы не білесіз?
30. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарына
тоқталыңыз.
31. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту дегеніміз не?
32. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және ғылымды цифрландыру
дегенді қалай түсінесіз?
33. Ғылыми әзірлемелердің қажеттілігін арттыру және әлемдік ғылыми
кеңістікке интеграциялаудың жолдарына не жатады?
34. Қазақстанда білім беруді және ғылымды дамыту бойынша жүйелі түрде
қандай шаралар кешені түрде іске асырылуда?
35. ҚР қазіргі Конституциясы қашан қабылданды?
36. Биыл Конституцияның қабылданғанына қанша жыл толды?
37. Еліміздің демократиялық жолмен даму бағыты неге сәйкес айқындалған?
38. Еліміздің ең басты қазынасына не жатады?
39. Конституция ненің кепілі болып табылады?
40. Қазақ тарихында қалаптасқан, қандай дала заңдарын білсіз? Мысал келтіріңіз.
41. Әділеттілік, ереже, заң, өкімет, қоғам, тәртіп, әлеуметтік,
бостандық, міндет, өркениет сөздерін қатыстыра отырып, 5 сөйлем
құрастырыңыз.
42. Конституцияны ардақтап, құрметтеуімізге не себеп?
43. Конституция бұрынғы қандай заңдармен сабақтасып жатыр?
44. Әрбір азаматтың құқығы, бостандығы және міндеттері туралы нені білу керек?
45. Денсаулық деген ұғымды қалай түсінесіз?
46. Адам денсаулығына әсер ететін факторлар қандай?
47. Отанымыздың келешегі неге байланысты?
48. Денсаулыққа зиянды әдеттерге не жатады?
49. Салауаты өмір салты дегеніміз не?
50. «Денсаулық» туралы мақал-мәтелдерге 5 мысал келтіріңіз.
51. Адам өміріндегі ең басты байлыққа не жатады?
52. Денсаулығы жақсы адам өзін қалай сезінеді?
53. Денсаулықты сақтау кімге байланысты?
54. Денсаулықты сақтау үшін не істеу қажет?
55. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.
56. «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші
байлық – он саулық» мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.
57. Әр адам өз денсаулығының мықты болу үшін қандай жолдарды ұстану керек?
58. «Адамның денсаулығы – қоғам байлығы» дегенді қалай түсінесіз?
59. Су туралы қытай ғұламасы Лао-Цзының жазған пікіріне тоқталыңыз.
60. Суды ластанудан сақтаудың жолдары қандай?
61. Су қоры мен ауыз су тазалығына қатысты қандай бағдарламалар бар?
62. Адам ағзасында судың алатын орны қандай?
63. «Су – баға жетпес байлық», «Суды үнемдеудің жолдары» тақырыбына
өз пікіріңізді айтыңыз.
64. «Су» туралы мақал-мәтелдерге 5 мысал келтіріңіз.
65. Судың қандай қасиеттері бар?
66. Салыстыру, күшейту мағынасын білдіретін сөздер қалай жасалады?
67. Баға жетпес байлыққа судан басқа тағы нені жатқызуға болады?
68. «Су-тіршілік көзі» мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріңіз.
69. Мезгіл үстеу қандай сөздер арқылы жасалады?
70. Шартты бағыныңқылы сабақтас қалай жасалады?
71. Табиғатқа қатысты қандай халық болжамдарын білесіз?
72. Қазақ халқы табиғат құбылыстарын қалай болжаған?
73. Жыл мезгілдеріне қарай қандай баға берген?
74. Халқымыз аспан денелерінің қозғалысын бақылап, жүйеленуін ескеру
арқылы неден жаңылыспайтын болған?
75. Қазіргі уақытта табиғатқа қатысты болжамдар қалай анықталады?
76. Ертедегі қазақ халқы ауа райын қалай болжағаны туралы мағлұматтар
қандай еңбекте баяндалған?
77. Егер күн таңертең күңгірт тартып, солғын көрінсе нені білдіреді?
78. Халқымыз аспан денелерінің қозғалысын бақылап, жүйеленуін ескеру
арқылы нені білген?
79. Табиғат құбылыстарын болжаудың маңызы қандай?
80. Халық болжамдары туралы кімдердің зерттеу еңбектері бар?
Достарыңызбен бөлісу: |