Қазақ тілін аир азаматтарына оқытудағы кейбір ерекшеліктер



бет2/2
Дата25.07.2023
өлшемі52,11 Kb.
#104787
1   2
Байланысты:
thesis5041

Международная виртуальная конференция
жөн. Әліпбиді толық таныстырғаннан кейін қазақ тілінің төл тоғыз әрпіне
кеңінен тоқталамыз. Аталған әріптерден басталған сөздер және олардың
суреттерін көрсету арқылы түсіндіреміз. Бүл тұрғыда әдіскер-ғалым
Ш.Құрманбаева: «Грамматикалық болсын, лексикалық болсын кез келген тілдік
бірліктің мағынасы түрлі көрнекілік құралдары арқылы түсіндіріледі.
Көрнекіліктер затты немесе оның суретін көрсету, іс-әрекет, қимылмен мимика,
ишара контекст арқылы т.б. жолдармен түсіндіру түрінде жүзеге асады. Мимика
әдісі дегеніміз - оқытушының айтпақшы ойын түрлі бет-әлпет, дене, қол-аяқ
қозғалыстары арқылы түсіндіру әрекеті. Бұл әдіс көбінесе оқытушы мен тіл
үйренушілердің өзара ортақ бір тілде түсінісе алмайтын жағдайында көмекке
келеді», - дейді [3]. Шын мәнінде тілді үйретудің алғашқы кезеңінде нақтылы
затты атап, одан кейін қайталатып үйреткен жөн. Тіл үйренушінің есту, көру
қабіліттері арқылы ақпарат тез қабылданып, жылдам үғынылады. Бұл -
күнделікті тәжірибеде өз жемісін беріп жүрген жайт.
Қазақ тілі сөз жасау жағынан жалғанбалы тілдер тобына жататыны бәрімізге
мәлім. Сол себептен де қазақ тілінде жүрнақ түрлері көптеп саналады, сонымен
қатар төрт түрлі жалғаудың беретін өзіндік мағынасы,сөзге жалғану кезіндегі
варианттары да жеткілікті. Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету
үшін,мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы,
студенттердің қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын
үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен
омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге,
оларды тиімді қолдана білуге үйрету, студенттің тілдік қорын байыту оң
нәтижелер береді. Сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдалануға
болады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту.Сөздікпен жұмыс грамматикалық
анықтамалар, жаттығу жүмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ
түсіндіргенде, сүрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады. Сөздік қорды
дамыту жұмыстары мынадай әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол - сұрақ-
жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап
пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі
құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша
электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, студенттердің сөздік
қоры біршама толығады деп ойлаймыз. ». '
Қазақ тілін ауғандық жастарға үйретудің қатысымдық бағдары тілді қатынас
қүралы ретінде пайдалануға қабілетті, түрлі жағдаяттарда тілдік қатынасқа
түсуге әлеуетті, білікті тұлға қалыптастыруды көздейді. Қатысымдық бағытта
оқыту тіл үйренушілердің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай
алуы үшін қажетті қатысымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді. Осы мақсатқа
сәйкес сөйлесім әрекетінің барлық түрін өзара байланыста қарастыру керек. Бұд
орайда тілдік және сөйлеу жаттығуларының маңызы зор. Тілдік жәке сөйлеу
Язык как маркер этнокультурной идентичности
жаттығуларын орындау арқылы тіл үйренушілердің төмендегідей
икемділіктерін қалыптастыру қажет деп есептейміз:
а) тыңдап отырған хабардағы таныс емес қүбылыстарды анықтау, оларды
бір-бірінен ажырату және түсіну икемділігі;
ә)дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру икемділігі;
б) таныс емес сөздің мағынасын анықтау іскерлігі;
в) түрлі лексикалық бірліктер мен грамматикалық нұсқалардың контекстегі
магыналарын анықтау икемділігі;
г) синоним, антоним, кепмағыналық құбылыстарды танып, олардың
мағыналарын анықтау икемділігі:
д) тыңдалған мәтіннің мағыналық бөлшектерін анықтау, олардың
әрқайсысының негізгі ой-пікірін анықтау икемділігі;
е) мәтін мазмұнын есте сақтап, шығармашылықпен айтып беру икемділігі
Қорыта келгенде, осындай икемділіктері мен дағдылары қалыптасқан, тілдік
қатынасқа қабілетті тұлға қалыптастыра аламыз. Сонымен қатар, жоғарыда
талданған әдіс-тәсілдерді кешенді түрде жүзеге асыру арқылы тіл
уйренушілердің мынадай қатысымдық міндеттерді шешу мүмкіндіктерін
дамыта аламыз:
- қарым-қатынасқа түсе алу, танысу, басқа біреуді таныстыру, амандасу,
қоштасу, өтініш білдіру, алғыс айту, ризашылық білдіру;
- зат, оқиға, қүбылысқа т.б. қатысты сүрақтар қою, тұлғалар мен заттардың
бар немесе жоқ екендігі жайлы сұрай білу, олардың сапасы, белгісін сипаттай
білу; оқиғалар мен әрекеттердің уақыты, орны, себебі жайлы мәлімдеу;
- тілек, өтініш, үсыныс жасай білу немесе осыларға келісу, келіспеу;
- адамға, затқа, оқиға мен әрекетке баға беру, өз пікірін білдіру.
Сонымен, тіл үйрену мен оқыту жүйесінің ең басты мақсатқа -тілдік қарым-
қатынасқа бағынуын талап ете келіп, сабақ беру жолдарының әрқайсысы ортақ
бір жүйе болатын қағидаға сүйенуді қажет етеді. Әр сабақта өтілетін
тақырыптар, теориялық материалдар, сөйлесу жаттығулары мен тапсырмалар
т.б. - бәрі сөйлесім арқылы жүзеге асырылатын шешімге келіп тірелуі қажет.

Әдебиеттер: \
1. Основные направления в методике преподавния иностранных языков в ХІХ-ХХ вв. Под
ред.И.В.Рахманова. - М.: Педагогика,1972 -320с
2. Коменский Я.А. ¥лы дидактика
3. Құрманбаева Ш.Қ. Қазақ тілін мемдекттік қызметшілерге жеделдете оқытудың ғыдыми-
әдістемелік негіздері. Пед.ғ.док. дәрежесін аду үшін жазылған дисс.автореф. - Адматы, 2009.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет