Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.
А. Байтұрсынов - – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан».
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары -– фонетика -– дыбыс туралы ғылым, морфология –- сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші -– сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.
А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.
Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері .
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз . Жазудың тарихына көз жіберсек , әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз . Жазу өте ерте заманда жасалып , мыңдаған жылдар бойы өзгеріп , дамып келді . Жазуды мыңдаған жыл бойы дамып жетілуімен бірге , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар бүтіндей сөзді не ызыңды , немесе дыбысты белгілейді . Әрбір жазбаша таңбалық графикалық формасы , белгілі бір мағынасы болады . Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарлы , не жеке сөзді , не буынды , не дыбыстық белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу – адамның ой – пікірін , сөзін қашыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба таңбалардың жүйесі . Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды . Мыңдаған жылдар бойы дамып жетілумен қатар , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған . Өз ойын жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланған . Алғашқы адамдар жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны , ағаштың қабығын , тағы да басқаларын пайдаланған . Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар тұтас хабарды , не сөзді , не буынды , не дыбысты белгілейді . Әр жазбаша таңбаның графикалық формасы , белгілі бір мағынасы болады .
Жазуға үйретудің маңызы .
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру . Жазу дағдысының психалогиялық негізі мидың үлекн жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір – бірімен күрделі байланысқа түсуі , екінші сигнал системасының жинақталып , бір арнаға бағытталуы болып табылады . Жазу тілі көзбен қабылданады , қолмен іске асады . Ауызша сөйлеу есіту – кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді .
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты , сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады .
Ең алғашқы ерте дәуірде адамдар қандай , да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады . Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді . Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады . Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру ролін атқарады .
Кейінірек иероглифтік жазу шықты . Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген .
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу . Бұл кейінірек шыққан .
Жазудың құрамына алфавит , графика және орфография ( еміле ) енеді . Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі . Графика дыбыстың , буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса , солай таңбалануы . Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу . Алфавитпен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың ( сауат ашудың ) ең алғашқы ең қарапайым , бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді . Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияның ( немесе жазу , сауатты жазу ) игеруді қажет етеді .
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып , сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым – қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады , яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді , жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді . Міне , жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады . Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін ( таяқша , дөңгелек , қосу сызықтары ) сызып , жүргізу арқылы жаттықтырылады . Бұл кезеңде бала басымен , бүкіл денесімен жоғары көтеріліп , төмен еңкейіп , екі жағына қисайып , неше түрлі қозғалыстар жасайды . Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса , көп ұзамай , бірте – бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап , азайта түседі . Ал кейін әріп бөліктері аса күш салмай – ақ қосып жаза алатын болады . Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып , әуелі әріптерді , сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады . Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде – ақ дағдыланады деудің жөні жоқ . Себебі олардың кейбіреулері бір , тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды . Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады .
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет – сауатты жазуға ( немесе орфографияға ) үйрену міндеті туады . Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді .
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип , яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (басшы , башшы емес ) , сөз шекарасында да ( боз құнан , бозғұнан емес ) біріккен сөздерде де ( Үмбетбай , Үмбетпай ) емес сақталып жазылады .
Тілімізде орыс тілінен енген , аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар ( Ленинград , клуб , педагог т/б ) бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады , яғни д , г, б дыбыстары қатаңдап т , к , п дыбыстарына айналып айтылады . Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады : Ленинградқа, педагогке , клубтан т. с .с . Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі . Қысқасы жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді .
Сауат ашу кезеңдерінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар .
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады . Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады :
а ) әріпті дұрыс жазу , дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау ;
ә ) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды – қысқалы етпей , тегіс , бірдей жазу .
б ) әріптердің бірін оңға , бірін солға қисайтпай , барлық әріпті бірдей , оңға қарай , сәл көлбете ( 45 ) жазу ;
в ) әріптердің , сондай – ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап ( сөздер бір – бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс ) отыру .
г ) бірте – бірте жазу қарқынын тездете түсу .
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс .
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар :
а ) дәптер партаның үстіне , баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып сәл көлбетіле ( оңға 65 ) қойылады ;
ә ) бала басын оңға не солға , иықтарын кеудесін алға не артқа қисайтпай , аяқтарын қатар қойып , алдына түзу қарап отырады .Бұл олардың омыртқалары , көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет ;
б ) балалар табандарын еденге ( партаның табан тақтайына ) еркін басып отырады . Тізені қатты бүкпей , бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай , аяқтарын я алға , я артқа сілтемей отырғаны дұрыс ;
в ) партаға көкіректі тіремеу керек . Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады ;
г ) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см –дей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн ;
д ) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25 – 30 см сақталуға тиіс .
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек . Өйткені ұзақ уақыт бір – екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе , бала шаршайды да , сабаққа зейін қоюдан қалады , сондықтан 3 – 5 минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп , сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды . Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет . Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы ( жазба таңбасы ) берілген . Сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады , ал сауат ашу аяқталғаннан кейін , баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі . Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа , буынға талданады .
Жазу сабағына қойылатын педагогикалық талаптар .
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін , олардың зейін , қабылдау , ес , ойлау , қиял ерекшеліктерін , сезім , ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білуі керек . Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз , оның толқуы сабақ үстінде кушті , ал бөліну қасиеті мүлде жоқ , көлемі өте шағын болады . Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап – ақ балаларды тыңдай білуге , оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек . Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білуі , олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау ) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әнгіме , ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі . Сабақтарда пайдаланатын ойын элементері , іс - әрекеттің нәтижелі түрлері , іс - әрекет формаларын жиі өзгерту – балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі .
Алтыжасарлардың қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар : олар ажырата қабылдауды білмейді , тұтас қабылдайды. Мұғалім тапсырма бергенде дәлдеп , бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру ескергені жөн . Мысалы : олар алғашқы сөз , буын , дыбыс терминдерін шатастырады ; мұғалім бірте – бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын жыратып , мәнін аңғартуға үйретеді .
Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс . Алайда оқылатын материал үнемі оңай , жеңіл - желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек . Оқыту үрдісінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүрлеген жөн . Өйткені қиындыққа кездеспей – інше , ойлау белсенді қызмет атқара алмайды . Ал , екінші жағынан , шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе , ой тежелуге ұшырайды , ерік күші мұқалады . Ендеше бұдан шығатын қорытынды – сабақтың түсінікті болуы шарты . Сабақтарда көрнекілікті қолданғанда да басы артық , тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау , тұрақтандыру емес , керісінше , аландатып зианын тигізуі мүмкін . Педагогиканың талабы бойынша , сауат ашудың бірінші күнінен бастап – ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді . Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі , көркем әңгіме , өлең , оқу , сурет , музыка т/б арқылы жүзеге асырылады .
Жазу сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар .
Жазу жұмысына қажетті жағдайлар мен оған қойылатын талаптар . Жазудың айқын таза болуы үшін , ең әділі жазу дәптерінің қағазы сапалы ( ақ , сия сормайтын ) болуға тиіс . Оқушыға арнаулы қаламсаппен, айқын түсті сиямен жазу тәртібі ұсынылады . Жазу кезінде жарық сол жақтан түсіп тұруы қажет . Оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу , әрбір жаңа ойды абзацтан ( жаңа жолдан ) бастап жазу , дәптердің түп жағынан ( 10 – 15 мм ) , оң жағынан ( 20 мм ) бос орын қалдыру , біркелкі көркем жазу талап етіледі .
Гигиеналық талап дегеніміз – оқу , жазу жұмыстарының атқарылатын физиологиялық шаралардың жиынтығы . Бұл шаралардың орындалуы оқушының психо – физиология дамып жетілуін қамтамасыз етеді .
1 . Сынып бөлмесінде партаға дұрыс отыру ережелерінің ілініп тұруы .
2 . Сынып бөлмесіне жарықтың сол жақтан түсуі .
3 . Оқушының партаға кеудесін тік ұстап түзу отыруы ( оқушылардың белі орындықтың арқалығына тіреліп тұруы шарт ) .
4 . Оқушының кеудесінен партаның арасындағы қашықтық 4 – 5 см сәйкес болуы керек .
5 . Оқушының басы алды – артына аз солға қисаймай тік болуы және дәптердің бетімен оқушының арасындағы қашықтық 25 – 30 см сәйкес болуы керек .
6 . Оқушының екі аяғы үшбұрышталып партаның кергішіне не төртбұрышталып еденге тиіп отыруы керек .
7 . Оқушының 2 – ші сыныптағы партасының бетінде болып дәптердің жоғары , төмен жылжуын сол қолдың ықпалымен жүзеге асады .
8 . Оқушының қаламсап ұстаған жұдырығы оның көкірек тұсында болуы .
9 . Оқушының жұмыс дәптері партасының бетінде көлбеу жатуы ( есік жағы жоғары , терезе жағы төмен ) .
10 . Дәптердің жоғары немесе төмен жылжуы тек сол қолдың ықпалымен жүзеге асады .
11 . Оқушы қаламсапты ұшынан 2 – 3 мм қашықтықта үш саусақтың көмегімен қатты қыспай еркін ұстап жазуы .
Сауат ашу кезеңіндегі жазудың мақсат міндеттері .
Сауат ашу жұмысының мақсатын программа белгілейді . Программа бойынша , сауат ашудың мақсаты оқушыларды дұрыс оқи , дұрыс жаза білуге үйрету және оқу мен жазуға үйрете отырып , тілін , ойын дамыту . Сауат ашу жұмысының басты шарты - әріпті таныту . Әріпті танып , оқып, оны жазып үйренбейінше , сауатты азамат болып өсу мүмкін емес. Алайда сауат ашу жұмысы бірден әріп танудан басталмайды .
Өйткені әріптер тілдегі дыбыстардың шартты белгілері ғана . Демек , әріптерді дыбыстармен ұштастыра білсе ғана , сауат ашу сабағы саналы өтпек . Ал тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысы жеке күйінде кездеспейді , олар сөз ішінде бір – бірімен тіркесіп келеді . Осыдан барып , тіл дыбыстарын білдіру үшін сөйлеуді сөйлемдерге , сөйлемді сөздерге , сөздерді буындарға , буындарды дыбыстарға талдау қажеттігі туады . Осындай жұмыстар нәтижесінде оқушылар іс жүзінде сөйлеу , сөйлем , сөз , буын , дыбыс деген ұғымдарды меңгеруі керек . Тіл дыбыстары біркелкі болмайды ( дауысты , дауыссыз , жуан , жіңішке , қатаң , үнді , сонар т/б ) .Сауат ашу кезеңінде оқушылар тіл дыбыстарының әрқайсысының жеке ерекшеліктерін біліп , тәжірибе арқылы меңгеруі қажет . Дыбысты естіп , ажыратқаннан кейін , сол бөліп алған дыбысты дұрыс дыбыстай білуі қажет , тек содан кейін ғана әріп таңбалары таныстырылады .
Сауат ашу кезеңінде жоғарыдағы жұмыс түрлерін жүргізу арқылы , оқушылардың дыбыстарды бұзып айту тәрізді кемшіліктері түзетіліп , оқығанын , естігенін екінші адамға айтып беруге машықтанатын болады , баланың ойы дамып – жетіледі .
Жастардың білім мен тәрбие алуы , осы сауат ашу кезеңінің өзінде – ақ қалыптаса бастайды . Мұның өзі – сауат ашу мақсатына да жаңаша көзқараспен қарау деген сөз . Ол талап – сауат ашу жұмысы мазмұнын кеңейтіп , оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мүмкіншілігін арттыра түсу , мұның өзі « Әліппе « оқулығының мазмұны мен программа талаптарын қайта қарастыру арқылы және оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін таңдай білу , сондай – ақ сауат ашу сабақтарын дұрыс ұйымдастыру , көркем және техникалық құралдарды талғампаздықпен іріктеу арқылы шешілмек .
Жазу құралдары .
Көркем жазуға үйрету үшін арнайы сызылған тақта . Жазуда дұрыс отыру суреті , дәптер , қалам , жазбаша цифрлар және жекеленген әріптер жазу үлгісі альбомы түрлі – түсі борлар болған жөн . Дәптер 3 – жолы көмекші жолы және көлбеу сызық 2 – сыныптың соңында кеңжол дәптерге көшеді . Әріптердің биіктігі 2 – 2 сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 –мм көмекші жолдың биіктігі 8 – мм болады . Кіші әріптердің биіктігі 3 – мм , әріптің биіктігі 6 – мм болады .
Жазудың түрлері .
Жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады .
1 . Пиктографиялық .
2 . Идеографиялық .
3 . Буын .
4 . Әріптік немесе дыбыстық .
Осыларға тақтаның пиктографиялық жазу . Бұл жазудың ең алғашқы түрі, суретке негізделген жазу . Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды . Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған . Әрбір сурет бүтіндей бір материалды білдіре алады . Мысалы : мен аң аулауға кеттім дегенді білдіру үшін адамның суретіне қарайластырып тоғайдың және аңның суретін салған .
Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды , оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады .
Идеографиялық немесе логографиялық жазу . Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды . Идеографиялық жазудың үлгілері өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады . Қытай жазуының идеологиялық жүйесі осыдан 4000 – жыл бұрын жасалған болатын . Египед , шумер , қытай жазулары логографиялық жазу болды . Логографиялық жазу жүйесінің барлығында нақтылы мағынасы бар сөздер осылардың бейнесімен берілсе , қала , су , дегендер бейнелі схемамен берілген . Ертедегі шумер жазуында ағаш , тау , сабақ деген сөздер , қытай жазуында күн , тау , ат деген сөздер де осы бейнелеу түрінде берілген . Жыл деген сөз пальманың бұтақтарының бейнесімен белгіленген , өйткені египедтік пальманың бұтағының саны -12 болады деп түсінген . Буын жазуы таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді . Мұның бірінші түріне ассировавилон , элам , урар, сына жазулары дыбыстық корей жазуы жатады . Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез – келген буынды , атап айтқанда , ызыңның мынандай түрлерін белгілейтін болған : дара дауыстының өзі , А (дауысты) + С ( дауыссыз ) , С+А , С+А+С майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздар да белгіленген . Буын жазуының екінші түріне кипр , эфиопия және жапон буын жазулары жатады . Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді .
Әріп жазуы . Таза күйінде дыбыстық жазу - 2000 жылдықтың екінші жартысында пайда балса , вокалданған дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің 1000 жылдығының басында пайда болған . Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу . Әр түрлі тілдерде буын санымен сөздің санынан дыбыстық саны әлдеқайда аз . Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін , әдетте 20 - дан 40 – қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады . Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері меңгеруді , сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді . Ертедегі әріп жазуы ( финский , ежелгі , еврей т/б ) дыбыстық жазу болды . Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған . Зерттеушілер ең алғашқы дыбыстық жазу мен финский жазуын атайды . Мамандардың пікірі бойынша финский жазуының ескерткіштері (Абибаал , Асдрубаал жазба ескерткіштері ) б . з . д . 10 – 11 ғасырларда пайда болған . Финский жазуында 22 – таңба бар . Олардың әрқайсысы
жеке дыбысты таңбалаған .
Әріп жазылуының таралуы б . з . д . 1000 – жылдықтың алғашқы ғасырларынан басталды . Әріп жазуы негізгі екі түрлі бағытта таралған . Шығыста финский жазуының негізінде пайда болған аралий жазуынан Европа халықтарының әріп жазу жүйелері жасалып таралады . Жазулар таңбалардың орналасу бағытына қарай бір – біріне ажыратылады . Қытай жазуындағы идеограммалар жоғарыдан төмен қарай орналасады . Орыс , грузин , армян , өзбек , қазақ жазулары солдан оңға қарай бағытталса , араб жазуы керісінше , оңнан солға қарай бағытталған .
Коллиграфиялық жазуға үйретудегі методикалық тәсілдер .
Жазғанда үлгімен салыстыра білу .
Дыбысты жазбаша әріппе және басқа әріпті жазбаша әріпке айналдыру .
Әріпті жазу тәсілдерін білу .
Әріптерді жалғастыру тәсілдері ( үзбей жазу )
Әріптердің биіктігін салыстыра білу жолдағы әріптердің бірдей биіктігін сақтау .
Әріптерді жол сызықтарының ортасына және жолға жаза білу .
Жазуды бастау , жазуды толтыру .
Дұрыс көлбеу жазу тәсілі .
Жазуды ауыр меңгеретін оқушылармен , атқарылатын жұмыс түрлері .
1 – ші сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді . Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады , ал екіншілері ежелеп оқиды , ал үшіншісі буындап оқиды , төртіншілері тіпті оқи да алмайды , әріпте танымайды .
Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушының құрамымен танысады , олардың қайсысының қалай оқитынын біледі . Дайындығы қатар оқушылармен сабақ үстінде , сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі . Әрбір оқушының дайындығына қарай , тапсырма , дәл , тең беріліп , оларды түгел қамтиды . Мұнда , әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымының ең бір пайдалы мүшесі сияқты енетін жағдай жасалғаны жөн . Бұл жұмыстардың барлығының келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп , әр оқушының дайындығына қарай , жазу дағдысын жетілдіру . Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады .
Жазуға үйрету үшін қажетті жағдайлар .
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай , әр түрлі дәрежеде өтеді :
фонетикалық жазу дыбыстық - әріптік талдауды шебер жүргізуді , дыбыстарды дұрыс , анық айта білуді , айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды талап етеді ;
морфологиялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп , ережелерді үйрену басым болады .
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары :
1 . Жазылатын сөздің мағынасын , мәнін анықтау . Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің , сөйлемінің , текстің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн .
2 . Сөздің айтылуына және жазылуына , грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару ; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау : оқы , ойлан , есіңе жазып ал , тыңда , зейін аудар , т / б . Жіберілген қателермен жұмыс жасау :
Жазғаныңды тексер , түзет , қайта жаз , осыған ұқсас мысал ойлан , т / б . оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу .
3 . Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру : салыстыру , талдау , жинақтау жұмыстары , “ неге ? “ сұрағын көбірек қою .
4 . Сөйлеу әрекетінің бірде – бір жағын естен шығармау керек : дыбыстық әріптік талдау , сөз құрамына жаттығу , сөз таптары бойынша , синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары . Орфографиялық жаттығуларды ( көшіру , диктант ) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама , шығарма ) кезектестіріп өткізу .
5 . Грамматикалық жаттығуларды сөздік - орфографиялық жаттығулармен кезектестіру . Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты . Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар . Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады .
Көркем жазуға үйретудің әдіс – тәсілдері .
Көркем жазу 1 – ші сыныптан сауат ашу кезеңінен басталып , келесі сыныптарда жалғасады , немесе жазу дағдысының қалыптасуымен тікелей байланысты болады . Коллиграфиялық дағдыны қалыптастырудың маңызы зор . Ұқыпты , таза , әдемі , анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушылардың бойында ұқыптылық , тиянақтылық , еңбекқорлық кез – келген жұмысты аяғына жеткізуге қажетті төзімділік сияқты қасиеттерді тәрбиелейді .
Жазуға қажетті тәсілдері :
1 . жазу құралын пайдалана алу .
2 . дәптерді дұрыс орналастыру және жазу кезінде оны жылжытып отыру .
3 . сабақ кезінде дұрыс отыру .
4 . жазу кезінде қолды жол бойымен дұрыс қозғай білу .
Жазу сабағында қолданылатын көрнекіліктер .
Мұғалімнің оқыту үрдісіндегі міндеті балалардың анық естіп , қабылдауы мен сөйлеу қабңлетін дамыту . Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор . Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді , жолдастарының сөйлегенін естіп қабылдайды .
Сабақтарында көрнекілікке қойылатын талап : оқушы және сөзді немесе оның бөлшектерін ( әріптерді , буындарды , морфемаларды ) анық көретін болуға тиіс , бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай , естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап , сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек . Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет .
Ендеше “ көрнекілік “ деген ұғым сөздерді анық айтуды да , мәнерлеп оқуды да , мысалдар іріктеуді де , тақтадағы , таблицалар , дәптерлердегі жазуларды да қамтиды .
Әдетте көрнекілік те графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді . Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар , сөздер , сөйлемдер басқа түспен жазылады яғни асты сызылады . Кейде таұтаға , оқушылардың дәптеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі ( бірде түбірі , екіншіде қосымшасы ) . Мұндай тәсілдер жазылғанды көру арқылы бейнелеуді қамтамасыз етеді , алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып , істің мәнін біршама түсінуге ( мысалы , басқаша жазбай , неге осылай жазамыз ) көмектесетін болса ғана пайда келтіреді . Сондықтан таблица т / б жасау үшін материалдар жан – жақты ойластырылып , таңдалып алынады .
Оқушылар таблицаға қарап , соған ұқсас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып , олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс , өздерінің бақылағандарынан қорытынды шығарып белгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет .
Мысалы , - “ й , и “ әріптерінің жазылуын түсіндіру үшін мұғалім мына сияқты сөздерді бағана етіп жазады .
Киін – кейін ки – қой
Жина – жайна сиыр – сойыл
Биле – бейне тиме – түйме
Мұнда “ и “ , “ й “ әріптерін қызыл түспен жазуға болады . Бірақ негізгі әдіс – бірінші бағанадағы сөздерді екнші бағанадағы сөздермен салыстыру . Бұл сөздердің жазылуын салыстыра отырып , балалар олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табады , “ и “ әрпінің қандай дыбыстардан кейін жазылып тұрғанын анықтайды . “ и “ – дің дауыссыздардан , “ й “ әрпінің дауыстылардан кейін жазылатынын өздері айтады . Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері болып есептелінеді . Дәптер арқылы сыныпта ұйымдастырылған жұмыстың мазмұнын жүйесін, әдісін , сондай – ақ , оқушының білім , дағды , шеберлік дәрежесін білуге болады . Қысқасы , дәптер – оқушы жұмысының айнасы .
Әр сабақтың басында оқушылардың барлығы дәптерлеріне сол күнгі датаны жазады . Бір жол тастап , сабақтың тақырыбын не тақтадан , не оқулықтан көшіреді . Әрбір жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады . Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді . Оқушылардың жазғандары анық , таза , мүмкіндігінше , сауатты болу керек . Қажетті грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстар сызылады , жаттығуларға түрлі түсті қарындаштар да пайдаланылады . Көрнекі құралдарға магнитафон , грампластинка , оқу фильмдері , диафильмдер де жатады . Оқушылар пластинкаға жазылғандарды зейін қоя тыңдап , мұғалімнің басшылығымен қайталап айтады , жазады , тыныс белгілерін қояды , талдайды . Қосымша құралдар ретінде дидактикалық материалдар да пайдаланылады . Оның ішінде әсіресе , түрлі буындар , сөздер , сөйлемдер , жазылған карточкалар , конверттер көп қолданылады .
Жасалған көрнекіліктерді сабақ барысында қолдану .
Мектептегі оқу мен тәрбие ісінің құрылысын жетілдіріп , тиімді әдіс – тәсілдер қолдану арқылы оқытудың сапасын арттыру , техникалық құралдармен көрнекілік құралдарын орынды қолдану нәтижесінде оқушылардың біліміндегі формаларды жою , оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру , сабақ үрдісін нағыз ғылыми жолмен ұйымдастыру . Жалпы сабақтарда көрнекіліктерді пайдалану сонау 16 – ғасырларынан бері сөз болып келеді . Көрнекі құралдары принцип ретінде дүниеге белгілі еткен словян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский . Көрнекіліктерді пайдалану іс жүзінде тек қазіргі заман мектептерінде орын алып отыр . Қазәргі мектептерде сабақ көрнекіліктерді қолдануға ерекше мән беріп отыр , өйткені ғылыми техникалық үрдістің алға басуы нәтижесінде балаларды да ақыл – ойы болып жатқан өзгерістерді тез қабылдайды деуге болады .
Сауат ашу сабақтарында көрнекілікті қай кезде, қандай мақсатпен қолданады .
ол оқушыларды сөйлету мақсатымен қолданылады . Ондай сюжетті суреттерді көрсете отырып, сөз, сөйлем, әңгіме құрайды. Құраған әңгімелерді сөзге, буынға және дыбысқа талдайды. Мұндағы мақсат танысуға тиісті дыбысты сөйлеу тілінен ажырата білу .
тіл дыбыстарын олардың сөз ішінде беретін ұғымдармен ұштастыру мақсатымен де жекелеген заттың суреттері немесе сюжетті суреттер пайдаланылады .
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру , тәрбие беру мақсатымен де сурет және басқа көрнекіліктер қолданылады .
“ әліппе “ кезінде суретті , алфавит , қиыс әріптер , буындар , түрлі таблицалар т / б . пайдаланылады .
Техникалық құралдар - көрнекіліктің техникалық прогресс дәуірі туғызған жаңа түрлері . Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану арқылы сауат ашу сабақтарының тиімділігін арттыруға болады . Көрнекіліктерді пайдаланудың дұрыс болуы мұғалімдердің іскерлігіне , ізденістілігіне , шығармашылық пен жұмыс атқара білуіне байланысты .
Бастауыш сыныптардың білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.
Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат салысып жүрген ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады [1].
Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған.
1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын («Әліппе» оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская, З.Т.Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А.Садуақасов, С.Жиенбаев т.б. шұғылданды.
«Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал», «Сауаттылыққа оқыту әдістемесі» атты еңбектер және С.Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жарық көрді.
Дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. Мұғалім белгілі бір тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына сай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Бұл мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де, әр сыныптағы оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мұғалім теориялық материалдарды өзі мазмұндамай, оған оқушыларды да қатыстырып, практикалық тұрғыда өздерін іздендіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшеліктері мен ондағы заңдылықтарды талдай отырып меңгертуде, әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін өз ара саралап, осыған лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген жөн. Осы сияқты әдістемелік жұмыс жүйесінің өтілетін материалдарының ғылыми жағын саралап, түсінуіне көмегі мол. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдырып отыру - дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістерін іске асырудағы басты мақсат. Мұның өзі дыбыс жүйесіне байланысты жазылған әдебиеттермен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Сонымен дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістеріне негізінен мыналар жатады: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және оқулықты пайдалану әдістері.
Дыбыс жүйесінен теориялық білім пен практикалық дағды беруде, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын анықтайтын, бірде мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін әдістің бірі—әңгіме әдісі. Бұл теориялық материалдарды практикалық жұмыстармен үштастыру негізінде жүзеге асырылады. Мұны кейде мұғалімнің түсіндіруі мен оқушының жауап сөзіне қарап, сұрақ-жауап әдісі деп те атайды. Дыбыс жүйесінен өткізілетін сабақты әңгіме әдісімен жүргізгенде, оқушылардың мына сияқты дағдылары қалыптасады: олардың білім алу талабына сай, белсенділігі артады; тілдің өзіндік белгілерін дәлелдеп айтуға қызығады; тілін ширату негізінде өз сөйлемін стилистикалық жақтан дұрыс құруға бейімделеді; өз пікірінен қорытынды шығаруға үйренеді [3].
1955 жылы институтта «Бастауыш білім беру әдістемесі» бөлімі ашылды. Бұл жылдар Р.Әміровтың «Бастауыш мектепте сауатты оқу мен жазу әдістемесі», Ғ.Бегалиевтың «Сауатты оқыту әдістемесі», «Суретті сөздік», «Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту», Ф.Мұсабекованың «Оқу әдістемесі», К.Бозжанованың «Сыныптан тыс оқу кітабы», Ж.Қаржаспаев, К.Бозжанованың «Жазу және көркем жазу», Ә.Сытдықовтың «Арифметика сабағын жоспарлау», Р.Әміровтың К.Бозжанованың «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.
Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабақты әңгіме әдісімен өткенде, оған төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық, болуы абзал; ә) түсіндірілетін әңгімеде ой тиянақты, толық болғаны жөн; б) әңгімеге оқушының өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп, мұғалім оқушы тілінің мазмұнды болуын, жауаптарының логикалық жақтан берік келуін және грамматикалық-стилистикалық жақтан мінсіздігін қадағалап отырады. Оқушылар жауап бергенде, сөздерінің анық болуы; өз түсінгендерін еркін айта білуі қажет. Бар, жоқ, мүмкін емес білмеймін, оқымадым деген сияқты бір сөзбен жауап беруге болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтар да бірде ауыр, бірде женіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрі оқушылардың ой дәрежесін өсіруге септігін тигізеді. Мұғалім оқушы жауап бергенде мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударғаны жөн: бірінші - берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалық ұққанын, екінші - сол сұраққа жауап беруде, оқушының өз ойын жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет [3].
Сабақты өткізу әдістерінің ішінен белгілі ғалым Т.Сабыров әңгіме әдісімен өткізуде,- дидактикалық материалдардың мәні зор,- дейді. Сондықтан да мұғалім тілдік материалды түсіндіруге қажетті сөйлемдер мен тіркестерді күн ілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларды да жүйелі пайдаланады.
Оқушыларға дыбыс жүйесінен берілетін теориялық білімді меңгертуде әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен әдістемелік эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылы мдық элементтерден тұратындығы анықталды: Оқушылардың тілдік материалды бақылауы.
І.К.Кеңесбаев қазақ тілінің ғылыми фонетикасы жайын көптеп зерттеген. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатынын айта келе оны оқыту әдістеріне де біршама тоқталған.
Мұғалімнің сұрыптап алған материалдары бойынша оқушылар тілдік фактілерге көз жүгіртеді. Түсіндірілетін тақырыпқа сай көрнекі құралдар мен дидактикалық мысалдар тақтаға іліп қойылады. Оны олар дауыстап оқиды. Тілдік материалдарды оқушылардың сұрақтар негізінде меңгеруі. Бұл — көбінесе диалогтық сөйлеу формасында жүргізіледі. Өтіліп отырған тақырыптарға сәйкес мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, оған жауап қайтарады. Сөйтіп, бұл бір мәселе жайында сұрақ беру оған жауап күту мағынасында айтылган сөйлемдер арқылы меңгертіледі. Оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтартып отырады. Мұндай жағдайда мұғалім қойылатын сұрақтың анық болуын, оған барлық оқушының түгел қатысуын, олардың жауабының дұрыс-бұрыстығын, қойылған сұраққа толық жауап беруін, көп уақыттың кетпеуін қадағалаган жөн. Ж.Адамбаева материалдың өзіндік белгілері, ішкі өзіндік заңдылықтары сұрақ-жауап процесінде оқушылардың түсінігіне, білім дәрежесіне қарай, жас және сынып ерекшеліктеріне сай алынатынын атап көрсеткен [4]. Тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ережелер мен анықтамалар шығарылады. Әңгіме процесінде оқушыларға тілдік материалдың ережелері мен анықтамалары меңгертіледі. Тақырыпқа байланысты практикалық дағдылардың жүргізілуі. Мұғалім өтіліп отырған материалдардың күнделікті өмір қажеті үшін қаншалықты пайдалы екендігін аңғартады.
Т.Сабыровтың көрсеткен келесі бір әдісі хабарлау - қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі. Дыбыс жүйесінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде тілдік материалдардың жалпы заңдылығы мен оның ішкі өзіндік белгілері нақтылы мысалдар арқылы хабарланады. Сабақты хабарлау әдісімен жүргізуде мына сияқты екі құрылымдық элементтердің сақталмайтындғы байқалады [5]. Біріншісі - тақырыптың өзіндік белгілері сұрақтар арқылы меңгертілмейді, екіншісі — оқушылар қорытынды пікірді, яғни анықтама мен ережені, өздері шығармайды, мұғалімнің өзі айтады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты анықтама мен ережені айтып болған соң, оқушылар сол тақырыпты көрнекі құрал мен түрлі дидактикалық мысалдар арқылы кең түсінуге мүмкіндік алады. Хабарлау әдісі оқушыларды ойландырып, алғашқы айтылған жалпы пікірден жеке ой қорытындыларын шығаруға бағыттайды. Дыбыс жүйесіне сай берілген анықтама, ережелерге және сол тақырыпқа байланысты жүргізілген практикалық дағдыларға оқушылардың өздері белсенді қатысқанда ғана өтілген тақырыпқа саналы түсінеді, оны толық меңгеріп практикада қажетіне жұмсай біледі. Енді хабарлау әдісінің өткізілу тәртібіне тоқталайық. Мысалы, мұғалім 4-сыныпта «Буын туралы түсінікті» оқытуда алдына мынадай мақсаттар қояды: буынға байланысты көрнекілікті іске асыру; буынның жалпы анықтамасын айту; буын жасауда дауысты дыбыстың қызметін байқау; буынның жеке өзіндік белгілерін таныту; буын туралы түсінікке практикалық дағдылар көрсету [7]. Буын туралы жалпы түсінікті меңгертуде көрнекілік ретінде сынып тақтасы мен жылжымалы тақталарда мына сияқты дидактикалық мысалдар жазылып, ілініп қойылады: Халыққа, Отанға қызмет ету — ардақты іс (газеттен). Мұғалім осы жазылған сөйлемді бірер оқушыға дауыстап оқытады. Ондағы әрбір сөзді буынға бөліп, дауысты мен дауыссыз дыбыстарды дәлелдеуге дайындық жасайды. Алдымен осы жазылған мысалдарға қарай отырып, мұғалім анықтамасын айтады [9].
Тәжірибе әдісі Ш.Әуелбаевтың еңбегінде қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарын тікелей көрсету негізінде жасалады. Сондықтан да дыбыс заңдылықтарының жасалу жолдарын көрсетуде мына сияқты көрнекіліктерге назар аударылады: 1) дыбыстардың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қөрсету; 2) дыбыстардың өзіндік белгілерін көрнекілік бойынша дәлелдеу; 3) дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін фонетикалық материалдар негізінде дәлелдеу [12].
Мемлекеттік білім стандартында тілді үйретуге байланысты А.Байтұрсыновтың [19] мынадай қағадилары басшылыққа алынып отыр:
тілдік материалдарды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту.
тілді оқытуда халық ауыз әдебиетінің материалдары мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жыр, қызық әңгімелердің маңызды орын алуы.
оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы.
мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтың ұғымына таныс, жақсы болуы.
тілді оқытуда тул ұстартуға, көркемдеуге ден қою.
оқушылардың жазба тілін, сөйлесу тілін дамытуға баса назар аудару.
Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынов еңбектерінің қазақ тілі әдістемесін дамытуда зор маңызы болды.
А.Байтұрсыновтың замандасы Телжан Шонанұлы 1931 жылды “Орыстар үшін қазақша әліппе” оқулығын жазды. Латын тілінде жазылған бұл әліппе 1 жылдық оқу құралы деп саналған.
ХХ ғасырдың төртінші он жылдығынан бастап әдістеме қолға алынып, біршама еңбектер жарық көре бастады. Тіл мамандарының кеңес өкіметі тұсындағы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталады. Мысалы, 20-30 жылдар арасында тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары (грамматикалар), сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті.
1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана болды. Осы жылы “Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі” деген атпен жинақ шықты.
Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі - Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы “Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасың деген еңбегі баспадан шықты.
Бұл әдістеме үш бөлімнен тұрады: грамматика, оқыту методикасы, емле және тіл дамыту методикасы. Методиканың қалған бөлімі: хат таныту және кітапты оқыту методикасына арналған. Бұл еңбекте орыс тілі әдістемесінің үлгілі жақтары алынған. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері шеңер баяндалған. Автор сөздік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталады. Автордың қазақ тілін оқытудағы көрсеткен әдіс-тәсілдерін мұғалімдеріміз жетілдіріп, дамытып пайдаланып жүр.
1956 жылы белгілі әдіскер-ғалым Шамғали Сарыбаевтың “Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері” (1 бөлім фонетика мен морфология) деген кітабы шықты. Бұл оқулық методикаға қосылған үлкен бір оқу құралы болды.
1920-1930 жылдар арасында қазақтың өнері-білімінің негізін салған, бір шоқ, үркердей, абзал азаматтардың бірі - Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол - қазақ тілі білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор. Ол 1937 жылы “халық жауы” деп айыпталып, 1938 жылы қаза болды. Қ.Жұбановтың еңбектері 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. 1966 жылы “Қазақ тіліндегі зерттеулер” деген еңбегі жарық көрді.
Ы.Алтынсарин қазақ халқының оқу - ағарту ісінің бастауы кезеңде тұрғаны, оның өз еңбектерін-де оқушының сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға, халық тілін білуге, атап айтқанда, баланың тілін дамытуға айрықша мән бергенін көреміз.
Ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда “...кімде-кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, алдымен оның ой қабілетін дамытуға тиіс”.
Қазақ ғалымдарының арасынан психология мен педагогика ғылымдарына орай еңбек жазған М.Жұмабаев тіл табиғатына зор баға береді. “Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға ұқпайтын сөз уйретпеу керек. Екінші баланы өз тең балалармен бірге ойнату керек. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын-мектеп”, - дейді.
Фердинан де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі “Жалпы лингвистикалық курс” деген кітабы. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін бір сабырлаған емес.
Дыбыс пен әріптің, буын мен сөздің, сөз бен сөйлемнің ара қатынасын мысалмен дәлелдеуде теориялық-практикалық әдістің пайдасы мол. Жаттығу жұмыстары материалдарына орай берілген теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастыруда және оқушылардың тілін ширатып, сөйлеу тілін дамытуда теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері іске асырылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарының бір-бірінен айырмашылығын, олардың байланысын, жасалу жолдарын, анықтамасы мен ережелерін қайталап, пысықтап бекіту үшін де қолданылады.
Дыбыс жүйесін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері тақырыптың көлеміне қарай кейде жеңілден ауырға қарай, кейде ауырдан жеңілге қарай жүргізіледі. Жаттығу әрбір тақырыптың өзіндік ерекшелігіне, шарты мен мақсатына, пікірі мен жүйесіне қарай жүзеге асады. Сондықтан да әрбір тақырыпқа байланысты ең кемінде 5-тен 25-ке дейін дағды түрлері орындалады [20].
Дыбыс жүйесі бойынша дайын материалды талдау, тілдік материалдың түрін өзгерту, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау мен шығарма жаздыру, орфографиялық талдау, көшіріп жазу және диктант өткізу әдістерін жүргізуде төмендегі талаптарды ескерген жөн: талдауға қойылатын мақсаттың айқын болуы; бұл талдаудың дыбыс жүйесі фактілеріне негізделуі; талдауға, арналған текст пен сөйлемдердің мақсатқа сай болуы; оқушылардың сауатты жазуы мен дұрыс сөйлеуі; байқау нәтижесінде өз ойының қорытындысын, тұжырымын жасай білуі; дыбыс жүйесінен алған білімін практикада қолдануы талап етіледі [21]. Сонымен бірге осы талаптар негізінде жүргізілетін дыбыс жүйесі бойынша талдаудың міндеттері мыналарды қамтиды: дыбыс жүйесі бойынша талдау, оқушылардың логикалық ойын жетілдіруге көмектесуі тиіс; оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын арттыруға көмек беретін болуы қажет; олардың іске деген төзімділігін, бақылағыштығын өсіруі қажет, нысананы түсіндіру, бекіту, қайталау үшін басты тәсілдердің бірі болуы керек; дыбыс жүйесі бойынша талдау сынып және үй тапсырмасында кең пайдаланылғаны жөн.
А.Исабаев [25] «Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері» атты еңбегінде дыбыс жүйесі бойынша талдау мазмұнына қарай екіге бөлінеді:
Дыбыстар жүйесі бойынша- талдау. Бұған тіл дыбыстары, дыбыс пен әріп, дауысты мен дауыссыздар: дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі, иектің қызметіне қарай бөлінуі, тілдің қалпына қарай бөлінуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыздар тобы енеді.
Үндестік заңы бойынша талдау. Бұған буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі: түбір мен қосымша аралығындағы ықпал, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпал, сөз тіркестерінің аралығындағы ілгерінді ықпал: түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы кейінді ықпал, сөз тіркестерінің аралығындағы кейінді ықпал жатады.
Дыбыс жүйесі бойынша талдау көлеміне қарай екіге бөлінеді: Толық немесе жалпы талдау. Жеке түрдегі немесе тақырыптық талдау. Толық немесе жалпы талдау көбінесе программа материалдарын толық өтіп болған соң (дауысты, дауыссыз дыбыстарды, буын, үндестік заңын өтіп болған соң) және белгілі бір өтілген материалдарды қайталау, оқушылар білімін есепке алу кезінде қолданылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін И.Ұйықбаев, Д.Әлімжанов, Б.Кәтенбаева, А.Ошқаров қарастырған тақырыптық немесе жеке талдау дыбыс жүйесінің (дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін, буын және дыбыс үндестігінің жүйесін өткенде қолданылады) белгілі бір тақырыбын өту үстінде қолданылады. Осы тақырыптар бойынша жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту, машықтандыру, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін ұйымдастыру және оқушылар білімін сынағанда да қолданылады.
Шамғали Сарыбаев
Шамғали Сарыбаев – XX ғасырдың 20 жылдарында А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.
Ш. Х. Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күні Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1913 жылы Шамғали Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын Құсайния татар мектебіне оқуға қабылданады. Сонда өздігінен орыс тілін үйреніп, татар әдебиетін біліп шығады. Мектепті 1916 жылы бітіріп, Қазалы қаласына келіп бал оқытумен айналысады.
1918 жылы Шымкентте уездік халық ағарту мекемесіне басшылық жасайды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ташкенттегі Педагогика институтында қазақ тілі пәнінен оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы ретінде Ш.Х. Сарыбаев өзінің мұғалімдік тәжірибелерінен түйген келелі ойларын сол кездегі «Жаңа мектеп», «Еңбекші қазақ», «Еңбек» т. б. сияқты баспасөз бетерінде жариялап отырады. Оның «Сауатсыздықпен күресу жолдары», «Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы» тәрізді мақалалары жарияланады.
Ұстаз-ғалым елді сауаттандыру үшін қазақ тілінің қадірін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.
Шамғали Сарыбаев 1923-24 жылдары Ташкентте Орта Азия коммунистік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ал 1934 жылы Қазақстанға қайтып оралып, Алматыдағы сол кездегі Журналистика институтында 1937-жылға дейін дәріс береді. Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оны оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалар жазылып, жарияланады. Ғалым кейін 1954 жылға дейін Абай атындағы ҚазПИ-де қызмет істейді.
Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Г. Қожантаевпен Е. Табынбаевпен бірігіп жазған «Үлкендер үшін әліппе» 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. XX ғасырдың 20-жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітады», 1932 жылы Қ. Оспанұлымен бірге «Екпінді күш. 1-класс үшін әліппе кітабы», 1933 жылы А. Әлібайұлы, М. Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-кластары үшін/» атты оқу құралдары басылады.
Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп, ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелерімен де айналысады.
Қазақстанға келгеннен кейін ғалым қаламынан туған «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы» т. б. сияқты тіл білімінің өз кезеңіндегі өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды. А. Байтұрсынұлының «Тіл танытқышынан» сусындап өскен бұл кездегі ғылымдар түркі тіл білімі үшін ең маңызды саналатын күрделі теориялық мәселелерді көтере алғандығымен де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан «Грамматикалық мағына деген не?», «Төрт етістік ( отыр, тұр, жатыр, жүр)», «Қосылып жазылмайтын сөздер» атты мақалалардың көтерген жүгі жеңіл емес еді.
1920-1940 жылдар мектеп ісі үшін, жалпы ағарту саласы үшін аса ауыр жылдар болғанын атап өту парыз. Бұл заман салған ауыртпалықтармен қатар, жазу таңбасының қайта-қайта өзгеруімен де байланысты болады. Ахмет Байтұрсынұлының реформаланған әліппесімен сауатын ашып қалған қазақ жастарына аз жылдың ішінде латын қаріпін, одан да көп ұзамай Кирилл жазуын меңгеру қажеттілігі туындады. Осы ретте мектепке арнап оқулық, оқу құралдарын жазу, емлені реттеу, оның негізгі принціптерін белгілеу сияқты күрделі мәселелер ғалымдар алдында тұрған келелі міндеттер болды. Ш.Х. Сарыбаев та мұндай күрделі мәселелерден шет қала алмады. «Емле жүйелері», «Ы,І-нің жазылуы туралы», «Қосымшалардың өзгеруіндегі қайшылық» т. б. сияқты мақалаларын ғалым осы мәселеге арнаған.
Ғалым 1944 жылы «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл жұмыс қазақ тілін оқыту әдістемесінен арнайы қорғалған тұңғыш ғылыми жұмыс еді. Кейіннен «Жоғары мектептер программаларын» ( Т. Қордабаевпен бірге), «Қазақ тілі методикасының программасын» жазады.
Жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген жылдарда әдістемелік негіздегі өзінің негізгі туындыларын жазады. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбегі соның куәсі.
Арғынов Хасен Қуандықұлы.
Арғынов Хасен Қуандықұлы (15.6.1926 ж. т. , Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы.) – тіл білімі маманы, педагогика ғылым докторы (1971), профессор (1976) . Семей педагогикалық институтын бітірген (1951).
1951-1958 жылдары Республика мектептерінде оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.
1958-1961 жылдары «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналдарында қызметкер.
1961-1963 жылдары Абай атындағы ҚазПи-де аспирант.
1963 жылы Қазақстан Республикасының Білім министірінің жанында Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдары ғылыми зерттеу институтында сектор меңгерушісі, кейін Әл-Фараби атындағы ҚазМу-да педагогика кафедрасының меңгерушісі.
«Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық (1963), «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері мен республикады халық ағарту ісінің мәселелеріне арналған.
Шығармалары: Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқытк методикасы. АКД.,А., 1974 жыл; Қазақ тілі (9-класс оқулығы А., 1971-1978 жыл;) Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясыәдістемесінің негіздері. ДДА., 1971 жыл; Дидактикалық материалдар. А., 1980 жыл.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Алмас қылыш жатпайды қыл түбінде» демекші қара күш қанша құлыптап ұстаса да, қара құлыпты қақ жарып, өнер нұры жарқ етті. Иә, өнерді қаптаса ұстауға немесе мүлде жойып жіберуге болмайды деген осы. Шын көркем туынды мәңгі өмір сүреді. Ол өзінің иесіне - халқына қайта оралады екен. Кезінде жасампаз жақсы жырлармен елге әйгілі болған жазықсыз ақын ақталады. Атақты ақының Шәкәрімнің асқақ үні ұзақ жылдар бойы өзін аңсап күткен қазақ даласын қайта жаңғыртты. Жақсылықтың жаршысы, ақыл-парасаттың кемел иесі, адамгершіл ақынның жарқын жырлары хақының игілігіне қайта қайтарылды. Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитеті «Шәкәрімнің творчестволық мұрасы туралы» (1988 жыл, cәуір айы) қаулысында ақынның мұрасы туралы жақсы айтты. Партияға мың алғыс ... «Ақынның атын ақымақ сөндіруге тиіс емес еді».
Шәкәрім – суреткер, жазушы, атақты ақын. Бай да маңызды мұра қалдырған, өзіндік творчестволық жолы сайрап жатқан сирек кездесер таланттың бірі.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы, XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүріп, шығармашылықпен шұғылданады. Оның өнеге көрген ортасы – Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың талант сүйгіш төңірегі. Шәкәрім жасаған дәуір еліміз қоғамдық жаңғыру жолына түсіп, Россия қарамағында соның бір өлкесі есепті тарихи қадамдар жасап, өзінің экономикасын да, саяси-әлеуметтік жағдайын да түзетуге бет бұрып жатқан кезең.
Шәкәрім осы тарихи кезеңнің талантты перзенті. Бұл жағынан ол халқымыздың зиялы қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Омар Қарашев тағы басқалармен тағдырлас күрескер болды. Олардың бәрі де өздерінің революциялық өсу кезеңдерін бастан кешті. Туған халқының мәдениеті, азат ел болып, еркін еңбек еттіп, бейбіт өмір сүруін армандады. Сол үшін жан сала күресті, сол мақсаттан жазушылық арнасын тапты.
Шәкәрімнің туып өскен ата-баба шаңырағына да қазіргі біраз жұрт қанық. Қанық болғанда Құнанбайдв, Абайды, оның ұрпақтарын білу арқылы таныс. Құнанбайдың бір әйелінен - Құдайберді, екінші әйелінен абай туған, Шәкәрім Құдайбердінің кенже ұлы. Шешесі – Дәметкен. Яғни, Шәкәрім – Абайдың жақын інісі. Абайдан 13 жас кіші Абайдың ақын балалары Ақылбай мен Мағауиядан үлкен. Жас шақтарында бұлар бірге тәрбиеленген. Әсіресе, олар Абай тәлімін қатар меңгерген. Болашақ ақындардың балалық бесігі, ұшқан ұясы – Абай мектебі. Сонымен қатар ол ауыл мектебінде оқып білім алады. Әкесі жас шағында қайты болғанымен, жетімдік көрмей емін-еркін өседі. Құнанбай шаңырағының болашақ иесі есепті бетқақпай көрмейді. Оның үстіне, Шәкәрім жас шағынан пысық, кітап оқу мүмкіншілігі жетілген кезден бастап, кемеңгер Абай оны терең білім алуға бағыттап отырады. Өз тарапынан Шәкәрім де білім салаларының ілкі басқыштарына тез жетіліп, ерекше үлгеріп, ынта-жігер көрсетеді. Бойына туа біткен талантын да ерте танытады. Есіткенін ескергіштік, айтқанды тез ұғып алғыштық, ерекше ынта-жігерлік байқалмай, есті адамдардың назарына ілінбей қалмайды. Әсіресе, оқығанын тез жаттап алғыштығы, Абай ағасының шығармаларын оқып, жадында ұстағыштығы ерекше көңіл аудартқан. Бұл кезді Шәкәрімнің « Семьялық мектептен» өткен шәкірт шағы деуге де болады. Асылы, мұндай «Семьялық мектеп» өз бетімен оқып, жетілу үлгісі Құнанбай семьясында қалыптасқан дәстүрлі үрдіс. Абайдың өзі қалай өз бетімен оқып жетілсе, Шәкәрім де сол жолмен тәрбиеленген.
«Шәкәрім - өз өмірін өзі жазып кеткен адам», - деп көрсетеді жазушы өміріне жетік ғалым Қайып Мұқаметханов. Жазушының шежіре кітабында жазғандарынан ол мысалдар да келтіреді. Мысалы: «... Ер жеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарды оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім», - деген екен Шәкәрім.
Жастық, махаббат тақырыптарына жазған шығармалары Абай өлеңдеріне көбірек ұқсайды. Рас ара-тұра гауһар, лағыл, пейіш, хор қызы, ай, жұлдыз сияқты халықтық теңеулерді қолданады. Ғашық жарға деген жүрек сырын, ақ адал ниетін, бойын билеген шын сезімдерін ұстазынша жырлайды:
Гауһардай көзі,
Бұлбұлдай сөзі, жаннан асқан бір пері.
Жүзі бар айдай,
Мінезі бар майдай, өзгеден артық сол жері.
Келтірілген жолдар тартымды, сұлудың сипаты, ғашықтар сезімі жетіледі. Сөйтсе де, ақын қолданған көркемдеу тәсілдері – қарапайым, ауыз әдебиетінің образдары.
Қырық жасқа дейін Шәкәрім ел жұмысымен айналысып, дала, қала жайларын өз көзімен көріп, ондағы түрлі тартыстар, қайшылықтар сырына үңіледі. Бөтен жұрт өмірін, мәдениетін білуге ғылым жетістіктерін тануға талап қояды. Білім мен мәдениет, өнер салаларының жетістіктеріне назар аударады.
Қазақ ауылындағы қараңғылық ошағы дүние молдалар мен дін иелерінің іс-әрекеттеріне байланысты. Шәкәрім қажыны олардың санатына жатқызуға болмайды. Сондай-ақ қаршадайынан әке семьясында құдайға құлшылық ету рәсімі бойынша тәрбие алып, кейін Меккеге барып, қажы атанған оны діни түсініктен арылтам деудің қажеті жоқ. Ол тек дінді, құранды жеке басы мақсатына пайдаланатындарға, дін қасиетін түсінбеушілерге дүмшелерге назары. Ғылым, білімге сенім артып, соған сүйенеді.
Адасып дінші азғанын,
Пәншілер ғылым қазғанын,
Философ ойшыл жазғанын,
Сынауға енді бұрдым бас.
Шәкәрім өзінің қажыға бару сапарын басқа елдерді аралап, Араб елдері, Батыс Еуропа шаһарларында болып, өзге жұртты өз көзімен көру ниетімен әдемі ұштастырады. Бұрын қазақ даласынан көп ұзап шыға алмаған, бірді-екілі орыс қалаларын ғана көріп білген ол енді талай заманнан елге ертегі болған Таяу Шығыс, Батыс елдерімен танысуға құлшынады. Мәдениеті ілнері, ғылым-білім, өнері биік өлкелерді аралайды. Түркия, Иран сияқты шығыс цивилизациясы жоғары халықтармен де жете танысады. Бұрын Орта Азия түркілерінің көне жазбаларын, Қадім кітаптарын оқыған ақын, енді одан мүлде өзгеше еуропалық тұрмыс-салтқа, білім, өнерге жолы түскеніне әбден риза болады.
Басқа елдерге саяхат шегу ілімге, білімге зеру, өнерге сусап барған ойшыл дарынға үлкен әсер етеді. Шығыс, орыс, Батыс классик әдебиетін шұқшия зерттей оқиды. Оқыған шығармаларының халқына үлгі болар дегендерін қазақ тіліне аударады.
«Еңлік-Кебек», «Қалқаман –Мамыр» лирико-эпикалық дастандарын жазады. Қазақ жастарының туындылар өзінің реалистігімен де, тарихи деректілігімен де ерекшеленеді.
Шығыс классикасының Шәкәрім творчествосына әсеріне келсек, бұл салада да ақын қалдырған іздері айқын. Көне түркіні де, оның ішінде, Қашғария сөздігін, Жүсіртің «Құдадғу білігін», Иссауи мен Бақырғани шығармаларын жақсы білген. Қазақ ақын, жыраулары олардың сюжетін өлңге айналдырып, талай хисса-дастандар жасады. Кезінде кең тараған осы «Аударма» үлгісін Шәкәрім де қолданады. Ол Фзулидің «Ләйлі-Мәжнүнін» қазақша жырлады.
Орыс, Батыс әдебиеті, оның XIX ғасырлық тамаша туындылары ақынның ақыл тақтатқан кезде бас алмай оқыған дүниелері рухани қорегі болды. Абай сияқты Шәкәрім де: Гоголь, Пушкин, Лермонтов т. б. алыптарды оқып, көзі ашылып, көкжиегі кеңіген. Өзін ұлы Лев Толстойдың шәкірті, досы санаған. Онымен хат жазысып, ақыл-кеңес сұрап отырған. А. С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» повестерін өлеңмен аударып, өзіндік бір жақсы поэмалар жасаған. Шәкәрімнің жан-жақты қаламгер болып қалыптасуына, сөз өнері тарихына өзіндік ою-өрнекпен зор үлес қосуына көптеген факторлармен қатар оның алдында қазақ халқының бай ауыз әдебиеті фольклордан бірте-бірте бөлініп, жазба әдебиет белгілерін ғасырлар бойы қалыптастырған белгілі ақын-жыраулар мұрасы дамуы, жазба әдебиетінің саф алтын үлгілері Махамбет Өтемісов ұлы ақын Абай қазынасы болуы. Шығыс және Батыс әдебиеті алтын қорынан сусындау, меңгеру дәстүрі жетіле түсуі себеп болды.
Шәкәрім творчествосының басым көпшілігі-поэзиялық шығармалары. Сөз өнерінің осы байырғы түрі поэзияда ең алдымен адам өмірінің қат-қабат қыры мен сыры, Қуат берер қуанышы мен қартайтар қайғысы, алға тартар арманы жетелер үміті сәулелі серпін тұғызар мұрат-мақсаттары – баршасы көркем боялармен, сан қилы ою-өрнегімен көрініс табатыны хақ. Поэзиясында азаматтық, философиялық, махаббат, табиғат лирикалары бар, сонет, тарихи баллада, халық өлеңдері түрінде жазылған шығармалар да кездеседі.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасын Шәкәрім «Қазақ тілінде жазылған тарихи хмкая» деп атап, «Мұтылған» деген бүркеніш атпен жариялаған. Шығарма Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасында 1912 жылы басылып шыққан. 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған «Қалқаман-Мамыр» дастаны әр түрлі нұсқада ел есінде сақталған, «Дала уалаяты» газетінде 1892 жылы жарияланған.
Қазақ әдебиеті тарихында, Шәкәрім творчествосында өзіндік ерекше орны бар шығармаларының бірі – «Еңлік-Кебек» поэмасы. Поэма 1912 жылы Семейде «Жәрдем» баспасында «Жалсыз жаза болған іс», «Еңлік-Кебек» деген атпен жарияланғанда Шәкәрім мәнді өлеңдер жазған.
Шәкәрім Құдайбердиевтің мұрасын зерттеуде Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының жанындағы «Қазақ әдебиетінің даму заңдылықтарын зерттейтін» ғылыми үйлестіру совет пен М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми советі бірігіп, 1969 жылы желтоқсанның 3-де өткізген мәжілістің зор маңызы болып, зерттеу туралы пікір алысты.
С. Мұқанов былай деген еді: «Шәкәрім бір қазаққа хат жазған жоқ, маған ғана бір хат жазған еді, сол хаты менде бар, сонда барлық пікірін жазған. Қандай принціп ұстаған, не істеп жатыр, шығармасы қащан жазылған, осылары бар. Осы хатта бірақ мән бар. Хат жазушылық жолының есебі сияқты.
Шәкәрім Құдайбердиев мол мұраның идеялық мазмұн байлығы, тақырыптық ауқымы, жанрлық молдығы, көркемдік бірлігі, стильдік өзгешеліктері, тілдік шеберлігі т. б. толы.
Ақынның қалдырған мұра идеялық-көркемдік мазмұнының байлығымен ерекшеленеді, ол 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихынан үлкен орын алады. Бүгінде халық қазынасына айналып отырған бұл мұра қоғамымызды рухани байытуға, оның гуманистік және адамгершілік идеяларын, мақсат-мұраттарын орнықтыруға қызмет ететіні хақ.
Жазған шығармалары: «Насихат», «Тойымсыз нәсіп», «Өлген көңіл, нысапсыз өмір», «Талап пен ақыл», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Қанішер мен бөдене» ар-ұждан, жақсылық, әділдік, кісілік жолын Шәкәрім өзінің өлеңдер жинағының алғашқы басылымына «Қазақ айнасы» деген образдық бейне қолданғаны тегін емес. Бұл-сөз өнері - өмір сәулесі, өмір суреттемесі деген ақынның биік те терең философиялық әрі эстетикалық түсінік-ұғымы мағынасының көрінісі еді. Көпшілік назарына ұсынып отырған өз туындыларын ақын «Қазақ айнасы» деп жинақы да мағыналы, бейнелі де орамды ат қойып, өзі өмір сүрген кездегі қазақ қоғамының хал-жайының кейбір көріністерін көрсетуі арқылы халықтың ақыл-ой, сана-сезіміне әсер етуді көздеген.
«Қазақ айнасы» жинағына Шәкәрімнің мына өлеңдері енген: «Өзім», «Жуандар», «Бай мен кедей», «Қулар», «Өмір», «Насихат» т. б.
Сөйтіп, өзі айтқанындай, «Жолдасым – қағаз, қарындаш», «Қажымайтын көрілік жеңгенінше» болып, бар шаруаны өзі істеп, оңаша жүрген Шәкәрім туралы қаныпезерлер «ол бандиттермен сыбайлас», «есі ауған» деген сияқты өтірік-өсек, қауесет-лақап таратып, оны түрмеге де жаптырған. Алайда оның бәрі жала екені анықталып Бақанас түрмесінен босатылады. Өмірінің соңғы жылдарын тауда жалғыз өткізген Шәкәрім 1931 жылы қазанның 2-де асыра сілтеушілердің қолынан қаза табады. Олар ақынның сүйегін құдыққа тастайды. Туыстары кейін сүйегін тауып алып жерлеген. Қартты өлтірген жауыздар қылмыстарын бүркеу үшін оның соңынан неше түрлі жала жауып, қара қағаздар жазып «шегелеп», Шәкәрім атын тарихтан өшіруге бар күштерін жұмсаған. Қанішерді жазалаудың орнына, оны қолдаушылар табылған. Адамзат тарихында ақ пенен қара, әділдік пен зұлымдық алысып келсе, сол зұлымдықтың бір құрбаны Шәкәрім болды. Оның аты да, бай мұрасы да зұлымдық, қаскөйлік шырмауынан көпке дейін арыла алмады. Оған ұзақ жылдар бойы ұлтшыл, Совет үкіметіне қарсы, бай-кулактарға жақтас деген жөнсіз, жалған кінә тағылып, аты аталмай келді. Шәкәрім Құдайбердиев 1953 жылы толық ақталып, халық оны ешқашан ұмытқан жоқ. Шындыққа, халыққа, тарихқа, мәдениет пен әдебиетке жаны ашитын адамдар Шәкәрімді, оның жазғандарын, ақыл-өсиеттерін, адал қызметін, асыл мұрасын жадында сақтап, қадірлеген, осы күнге дейін оның шығармаларын жатқа айтатын адамдарды жиі кездестіруге болады.
Жүсіпбек Аймауытов
(1889-1931)
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы ,драмматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті , дәулетті атақ-абырой біткен, ел арасында білікті кісілер. Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстінде, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Өзінің 15, 16 жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныптық мектепке түседі. Бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Оны бітіргеннен кейін Жүсіпбек Аймауытов қоғамдық қызметтерге араласады, кейін 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызметке ауысады. 1926-1929 жылы Шымкент педагогоаклық техникумының директоры болады. Оқытушылық қызметке араласып, оның ішкі қиындықтары мен кезек күттірмейтін қажеттіліктерін толық біледі. Сондықтан да мектептегі тәрбие ісі, оқу, оқыту мәселелеріне арнап көптеген мақалар жазады. Әдістемелік еңбектеріндегі негізгі бағыт – оқыту мен тәрбие ісінің тұтастығын, рухани тәрбие мен тәрбиесінің бірлігін, адамның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен оның жолдарын анықтап беру болған сыңайлы. Қазақстандағы оқу-тәрбие жұмысымен байсалды тұғылдану барысында, тек мұғалімдік іс-тәжірибені жинақтаушы ғана емес, әдістемелік ғылымның теориялық деңгейін көтеретін ғалым-педагог дәрежесіне жетті.
Автордың 1918 жылы «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласынан бастап, баланың тәрбиесіне үлкен мән береді. Адам баласының өзге жан иелерінен басты айырмасы оның рухани саналы тәрбие алуынан деген ойды киелі етіп ұстай отырып, мақалада баланың кей ұнамсыз қылықтарының болуы тәрбиенің кемшілігінен деген түйін жасайды. Жүсіпбек Аймауытов адам табиғатқа ғана тәуелді емес, тәрбиеге тәуелді деген ой айтады. Әр заманда өмір сүрген ұлы тұлғалардың жасаған іс-әрекеттерін еске ала отырып, олардың жақсы –жаман қылықтары өздері алған тәрбиенің жемісінен болған деген пікірі қай кезде де ескермесі анық.
Білікті ағылшын философы, әрі педагог Дж. Локктың «Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза тақтадай болып туады. Таза тақтаға қандай жазу жазса да жазушының еркінде» деген сөзін талдай отырып, ондағы негізгі көзқарақа байланысты өз ойын өзгеше сабақтайды. Адамда жаратылысынан әртүрлі мінез қалыптасып туатынын тілге тиек етеді. Мұның өзі ғалым-педагогтың генетика заңын адам бойындағы негізгі қасиеттің ата-бабадан даритындығын еске салғаны болуы керек. Сондықтан да тәрбие жеке адамның ерекшелігін ескере отырып орындауы керек деген тұжырымымен келіспеуге болмайды. Қазіргі кездегі дамыған тәрбие ғылымының да басты қағидаларының бірі осындай. Яғни, мектептегі тәрбие ісі де, оқыту ісі де жеке адамның ерекшеліктерін ескере отырып орындалады.
Жүсіпбек Аймауытовтың тағы бір өзгеше ерекшелігін қазақ халқының ғасырлар бойы жасап келе жатқан ақыл ойына, даналығына сүйенетіндігі. Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің, сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді деген мақалдарды еске алып, баланың жеке адам болып қалыптасуындағы ата-ананың маңызды ролін көрсетеді.
Тәрбиешіге Отанның келешегін тапсыруға болады. Өйткені ақылды адам, көбінесе, Отанның күзетшісі, қорғаны деген ойды оқу арқылы да ойларын танимыз. Тәрбие ісі – мемлекеттік іс. Өйткені бүгінгі дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдікті танытар азаматтардың өсиетінің белгісі деген салмақты тұжырымды танимыз.
Ж. Аймауытов жас ұрпақты тәрбиелеудің бір негізі ретінде әдет заңдарын айтады. «Әдет заңы» атты мақаласында әдеттің, дәстүрдің қазақ халқының күнделікті тіршілігінде алатын орнын, маңызын айқындайды. «Әдет – бір сақтаулы қазына дей отырып, халық жасаған әдеттердің тәрбиелік мәніне тоқталады.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектерінің бірі – «Жан жүйесі және өнер талдау» деп аталатын зерттеуі. Бұл қазақ психологиясының қырын саралап, жақсы әдепті қалыптастырудағы психологиясының маңызын анықтауға арналған терең мәнді ғылыми еңбек. Өз кезіндегі жан дүниесіне арналған тұңғыш еңбек болуымен де аса құнды. «Жан дүниесі» пәнінің негізін қалап, оның алғашқы терім сөздерін (термин сөздерін) қалыптастырған.
Ж. Аймауытов қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға оның әдістемесіне арнап оған жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты біршама ғылыми мақалалар жариялаған. Ұлттық жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Қазақ баласына хат танытудың өрелі жолы ретінде ғалым-жазушы буын әдісін қолдайды. Балаға әуелі 3-4 дауысты дыбысты үйретіп, содан кейін оағн дауыссыз дауыссыз дыбысты қосып, буын не бір-екі буыннан тұратын сөздерді құрап, жаздырып, оқыту әдісін ұстану қажеттігін дәлелдейді.
1925 жылы жазылған « Ана тілін қалай оқыту керек» атты көлемді мақаласы әдістемелік жағынан құнды. Мұнда зерттеуші ұлт мектептеріндегі ана тілін оқытудың жүйеленген әдісі жоғын тілге тиек ете отырып, әркім өз білгенімен тіл үйретіп, сабақ беріп жүргенін әділ сынға алады. Орыс мектептерінде қолданып жүрген оқыту әдістері жайында мәлімет бере отырып, солардың қазақ мектептеріне қазақ психологиясына қолайлы келетін әдістерін жүйелі қолдану қажеттілігін айтады.
Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына жанрдың шарттарына жазып беретін күрделі шығармалардың бірі – «Қартқожа». 1926 жылы Қызылорда да басылып шықты. Автор қоршаған ортаны, тіршілік тынысын, барлық іс-әрекетті осы басты кейіпкердің ой-пікірі, сана-саңылауы арқылы бейнеленді. Кедей-кепшік, жалғыз-жарым ортадан шыққан бала ес білгеннен мазақ, қорлық, тепкі көріп өседі. Қартқожа хат танысам, оқысам, білсем деп ұмтылады. Талабы кесіліп, қанаты қырқылады. Әкесі Жұмағалиға суық тиіп, ақыры қайтыс болады.
1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Ж. Аймауытов 1931 жылы атылған. Астан-кестен ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Ж. Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби ғылыми мұра қалдырып үлгереді.
Ол В. Шекспир, В. Гоголь, Л. Н. Толстой, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Шекспир шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды.. Әдебиет, эстетика, сын саласына араласты сан қилы проблемалық мақалалар жазды.
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазан күні қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданыда туып, 1889 жылы 17 шілде күні ертеңгі сағат 11 шамасында, Қостанай қаласынан 3 шақырымдай жерде, Тобыл өзенінің иіні «Инспектор» көлі жағасында салдырған өз үйінде дүниеден қайтыс болды. Ы. Алтынсарин 4 жасынан атасы Балғожа бидің қолында өседі. Балғожа Жаңбырчин белгілі би, ірі бай болған.Ол ұзақ уақыт Орынборда, Қыпшақ руына старшина болып қызмет істеген, патша өкіметінен шеншекпен алған ірі феодалдың бірі.
Жас кезінде Ыбырай үйінен кетіп, мектепке түсіп, орысша оқып тәрбие алған. 1850 жылы Орынбор қаласында қазақ балаларына арналып7 жылдық мектеп ашылды. Бұл мектепке Ыбырай Алтынсарин 9 жасында түсіп, оны 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітірді. Жаңа ашылған мектепке 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырай оқуға түсті. Жергілікті өкімет орны оқушы қазақ балаларына өзгеше түрлі киім кигізіп, қазақша тамақ астыртып жүргендегі мақсаты – патша өкіметінің өрескел реакцияшыл саясатын бүркеу еді. Балалар мектепте орыс тілі, кеңсе қатынас хаттарын жазу үлгілері, есеп, татар тілі сияқты пәндерді және мұсылман діні сабағын оқыды. Балалар жұма күні намаз оқуға міндетті болды. Жас болғандықтан олар ораза ұстаудан босатылды. Патша өкіметі прогрессивтік дамуға көлденең тұра алмады. Оқушы балалардың ішінен прогрессивтік бағытқа еліктегендері де болды, бұл жөнінде әсіресе Ыбырай өзінің құрбыларынан озат шықты. Мектепте оқып жүрген кезінде Ы. Алтынсаринге Орынбор қаласында тұратын орыс демократтарының әсері болды. Ыбырай ұлы орыс мәдениетіндегі жетістіктермен әсіресе орыс әдебиетіндегі озат жетістіктерімен танысуға ынтызар болды. Ол сабақтан қолы босаса-ақ орыстың ұлы ақындары Пушкиннің , Лермонтовтың көркем сөздің Гогольдің тағы басқалардың шығармаларын мейлінше құмарланып оқыды. Олардың шығармаларын оқумен қабат, Ыбырай Орта Азия халықтарынан шыққан Фердауси, Низами, Наваи сияқты белгілі ақындардың да шығармаларымен танысты. Ы. Алтынсарин көркем шығармаларды, тарих, философия пәндері кітпртарын сол кезде Орынбор погран комиссясында қызмет істейтін белгілі ғалым В. Григорьевтің жеке кітапханасынан алып оқып, бірте-бірте білімін арттырды. Ы. Алтынсарин орыс тілін жете білген кісі. Ол шығыс халықтарының тілдерінен де толық хабары болған адам. 1857 жылы мектепті бітіргеннен кейін, Ы. Алтынсарин халық ағарту майданында қызмет істеуді мақсат етті. Бірақ, бұл мақсатына Ыбырай бірден жете алмады, себебі бұл кезде Қазақстанда ғылым жоқ болатынды. Сондықтан 1860 жылы ол Орынбор облыстық басқару мекемесіне тілмаш болып кіріп, сонда аз уақыт қызмет істеді. 1861 жылы Орынбор облыстық басқару мекемесі, Ыбырайдың тілегі бойынша Торғай және Ырғыз қалаларында қазақ балаларына арнап бастауыш мектептер ашуға рұқсат етті. Торғай қаласында бастауыш мектепті ашуды онымен бірге оқып, 1857 жылы Орынбор қаласындағы қазақ балалары үшін ашылған мектепті бітіріп шыққан Шаһназар Құлыбековке жүктеді. Бұл мектептерді ашуға өкімет тарапынан қаражат берілмеді және жергілікті өкімет орындары да ешқандай көңіл аудармады, жәрдем көрсетуден бс тартты. Ы. Алтынсарин тәуекелге бел байлап, өз бетімен мектеп ашу дайындығына кірісті. Мектеп ашуға дайындық жұмысы 3 жылға созылды. Бұл уақыттарда Ыбырай үйінде қарап жатпады. Бір жағынан ол Торғай бекінісі бастығына тілмаш болып қызмет істесе, екінші жағынан елден 3-4 бала жинап алы, өз үйінде оларды оқыта берді. Сөйтіп, уақытты бос өткізбей, мұғалімдік тәжірибесін арттырды. 1864 жылы 8 қаңтар күні көптен бері күткен халық мектебі ашылды. Ыбырай маңайындағы елдерді тұтас шақырып, жаңа ашылған бастауыш мектептің құрметіне той істеді. Ол балаларға сабақты өте қызғылықты, түсінікті етіп берді. Жеделдігі, зиректегі арқасында Ыбырай оқыту әдісін қызмет бабында, сабақ беру барысында үйреніп, бірте-бірте оның дидактикалық көзқарасы тізілді. Ол оқу процесін күнделікті өмірмен ұштастыруды көздеп, оқушы балалар мектептен білім, тәрбие алатын болса, олар өмірден қоса оқып, тәлім алатын болсын деді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсариннің ұлы ағартушылық қызметінің алғашқы қадамы және оның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса бастады. Ы. Алтынсарин белгілі тарихи кезеңде өмір сүрді. 1861 жылғы шаруалар ережесін қабылдағаннан кейін, патша өкіметі әр түрлі жергілікті өкімет орындарын, мектеп жұмысын, сот орындарын қайта құру жөнінде ережелер шығарды. Ы. Алтынсарин ру таласын және басқа да түрлі өрескел сорақылықтарды қоздырушы сұлтанда, ірі байлар Ыбырайдың үстінен әлденеше рет Орынбор оқу округіне, Торғай облысының соғыс губернаторына және ішкі істер министрлігіне арыздар берді. Ы. Алтынсарин байлардың жауыздықтарына қарсы күресті тоқтатпады, қайта күшейте түсті.
Ы. Алтынсарин халықты еңбек етуге үгіттейді, «еңбек етсең - емерсің» деген мәтелді келтіреді. «Кімде-кім біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын болса - ол бақытты адам»,-деп жұртшылықты еңбекке баулыды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің мұғалімдеріне: «Мектептердегі оқушыларды отырықшылыққа, тазалыққа дағдыланатын, әр нәрсеге ақыл-оймен қарай білетін етіп шығаруымыз керек»,-деп нұсқау берді және ол мектептердің халықтың мүддесіне сәйкес ашылулары керек екендігін ашып көрсетті. Ол мектептерді бітіргенде «азды-көпті білім алып, белгілі бір бағыт алып шығып, айналасындағы халыққа өздерінің тың, адал ақыл-ойларымен әсер ете алатын болсын деген мақсатымызды еске ала отырып оқушыларды тәрбиелеу жағына көбірек зер салуымыз керек» деді. Алтынсарин христиан дініне де, мұсылман дініне де қарсы болды. Әсіресе, Алтынсарин адамның басын шыр айналдырып, табиғи тілін бұзатын молдаларға қаны қас еді. Торғай облыстық оқу инспекторы қызметін атқарып тұрған уақытта, Алтынсарин қазақ балаларына христиан дінінің заңдарын оқытуды көздеген миссионерлік бағыттағы мұғалімдердің теріс пиғылын әшкерлеп, оларға дол бермеді, қатаң тиым салды. Орыс-қазақ мектептері дінге қарсы күресуді ең үлкен тірек деп ойлады Алтынсарин. « Мектеп – қазақтарға білім берудің бсты құралы... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек мектептерде. Сондықтан, оқымаған халықты мектепке тарту үшін мектепрде жақсы білім берілетін болсын... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар осы оқушылар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда... фанатизмнің де күлі көкке ұшады»,-деп Ыбырай Алтынсарин еңбекші халық бұқарасына дұрыс бағыт көрсетті.
Ы. Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтіп, оны ілгері алып бара алатын кадрлар даярлауды ірі мақсат етіп қойды. Мұндай кадрларды ол тек азаматтық халық мектептері арқылы ғана дайындап шығаруға болатындығын ұғынды. Ы. Алтынсарин Қазақстанда халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны жолға қоюды, оған дұрыс бағыт беруді үлкен арман етті. Халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны ілгері алып бару үшін алғашқы кезде «түгел беріліп, халықты сүйетін, мен сияқты қазақ керек» ,- деп жазды ол. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалды.
Ы. Алтынсариннің аса көрнекті тарихи еңдегінің бірі – ол тұңғы рет Қазақстанда азаматтық халық мектептерін ашты, сол мектептреде орыс тілін және қазақтың ана тілін жеке пән етіп енгізіп, оны оқушы балаларға білім жолымен үйретті, азаматтық мектептерді патша үкіметінің реакцияшыл миссионерлік саясатына да, реакцияшыл ислам дініне де қарсы ұстай білді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин бұл идеяны өзінің шығармаларын да дәріптеді, іс жүзінде де асыруға жедел кірісті. Оның ашқан мектептері қазақ даласына ұлы орыс халқының демократияшыл озат мәдениетін тарататын тіректі пунктке айналды. Алтынсарин ағартушылық жұмысын іске асыруда талай қиыншылықтарға кездесті, оған ағарту жұмысын тыңнан ұйымдастыруға тура келді. Торғай облысының бас қаласы Орынбор болды. Барлық облыстық мекемелер сонда тұрды. Ал Ы. Алтынсарин облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалғаннан кейін, үш жылға жуық Торғай қаласында тұрып, одан соң Қостанай қаласына көшіп барды, сонда тұрып облыста ағарту жұмысын басқарды. Ол Қостанай қаласына үш шақырымдай жерде, Тобыл өзенінің иініңде, бір кішкене көлдің жағасында, өз қаражатымен үй салдырып, сонда тұрып, инспекторлық қызмет атқарды. Өзінің өлер шағында , сол үшін орыс-қазақ мектептерінде істейтін мұғалімдерге бағыштады. Ол үй келешекте демалыс үйіне айналды. Ал 500 десятинадай өзіне тиісті жерін, ол Қостанай қаласында ашылғалы жатқан ауылшаруашылық училищесіне бағыштады.
Алтынсарин мекендеген жердегі көлді жергілікті халық «Инспектор көлі» делініп аталынады. Облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалғаннан соң, Ы. Алтынсарин мектептер ашуға кірісті. Ол алдымен уездік қалаларда орыс-қазақ балалары бірге оқитын орталық орыс-қазақ училищелерін ашуды қажет деп тауып, бірден дайындық жұмысын жүргізді. Бұл мектептерді ашу оған оңай соқпады. Өйткені, өкімет тарапынан қаржы берілмеді, тіпті бұл іске көңіл де бөлінбеді. Ы. Алтынсарин Торғай облысындағы 4 уезді аралап мектеп ашуға халықтан қаражат жинады. Жер-жерде халық бұқарасы оның просветительдік идеясын қуанышпен қарсы алды. Осы училещелерді жабдықтауға Алтынсарин айрықша көңіл бөлді. Ол орталық орыс-қазақ училищелерінің жанынан көрнекті кітапханалар ашуға үлкен мән берді. Бұл ашылатын кітапханалар тек мектеп оқушылары үшін ғана емес, жалпы халық үшін де ашылулары керек, бұлардан жұрттың бәрі де кітап алып оқуға ерікті болуы керек деп ұйғарды.
Ы. Алтынсарин ауыл шаруашылығы мамандарын, өнеркәсіп мамандарын даярлап, шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, осындай игілікті істің негізін салуды арман етті. Халықтан қаражат жинап, ол Торғай қаласында ремесленое училище ашып, қазақ балаларын жалпы пәндерден тыс түрлі қолөнер кәсібі мамандығына, ұсталыққа, тері илеу мамандығына үйретті. Қостанай қаласында ауыл шаруашылық училищесін ашуға жоғары үкімет орындарынан рұқсат сұрады, бұл мектептің пайдасына, өзіне тиісті 500 десятина жері де бағыш етті. Бұл училищені ашуға жоғарғы үкімет орындарының рұқсаты Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін барып алынды. Сөйтіп, Осы ауыл шаруашылық училищесі Алтынсариннің талабы бойынша Қостанай қаласында көп ұзамай-ақ ашылды.
Сонымен қатар Ы. Алтынсарин уездік қалаларда қазақ қыздарына арнап кчилищелер ашуды көздеді. Қыздар училищесін ол алдымен Ырғыз қаласында ашуды қолайлы көрді. Училищенің жанынан интернат ашуды да ойлады. Ол облыстық соғыс губернаторына қатынас жазып, одан қыздар мектебін ашуға рұқсат сұрады. Бірақ, өкімет орындары Ы. Алтынсарин қайтыс болғаннан соң ғана 4 жерде қыздар училищелерін ашуға рұқсат берілді. Сөйтіп, Алтынсариннің тілегіне сәйкес қыздар училишелері Торғайда – 1891 жылы, Қостанайда – 1893 жылы, Қарабұтақ селосында – 1895 жылы және Ақтөбеде – 1896 жылы ащылды. 1896 жылы Торғай облысының қоластындағы қыздар мектептеріне небәрі 211 қыз, олардың ішінде 70 қазақ қыздары, 141 орыс қыздары оқыды. Сөйтіп, Ы. Алтынсарин халықтың болашағын көздеп ғасырлар бойы езіліп, теңдікті аңсап келген қазақ қыздарының оқып, білім алуларына із салды. Ы. Алтынсарин: 4 жерде уездік орыс-қазақ училищелері, қолөнер училищесін, ауыл шаруашылығы училищесін, қыздар мектебін ашумен іс бітпейді, халық ағарту жұмысы бұлармен мүлдем қанағаттанбайды деді.
Ы. Алтынсарин Қазақ халқының тарихында бірінші рет педагогикалық білімнің іргесін қалады. Ол орыс-қазақ училищелерінде математика, физика, химия, география, тарих, орыс тілі, қазақ тілі пәндерін оқытты. Блаларға орыс тілін оқытуға және ана тілін оқытуға айрықша көңіл бөлу керек екендігін дәлелдеп, мұғалімдерге нұсқау берді. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинскиймен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгілерінде құрастырды. «Қазақ хрестоматиясы» 4 бөлімнен құралды: бірінші бөлім-өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелерден, ертегілерден құралды; екінші бөлім-үлкен кісілер тұрасындағы әңгімелерден құралды; үшінші бөлім-ел әдебиеті нұсқауларынан, әр түрлі өлең-жыраулардын; төртінші бөлім-мақалдар мен мәтелдерден құралды. «Қазақ хрестоматиясына» арналған сөз басында автор: «Ең алғашқы рет туып отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның мүмкін кейбір кемшліктері болар, бірақ ол дегенмен, ізсіз жоғалып кетпес, ең алғашқы рет оқытылайын деп отырған кітап ретінде көзделген мақсатқа дөп келер деген сеніммен өзімді-өзім жұбатып отырмын»,-деп жазды. Ы. Алтынсариннің осы бағасының өзі де, бұл еңбектің қазақ мәдениетінде үлкен орын алатындығын, өте маңызы зор екендігін сипаттайды. Аотынсарин ғылымды дәріптеп қана қойған жоқ, ол қазақ жастарына ғылымды меңгеру жолдарын да көрсетті. Оқу барысы, тәрбие жұмысы үлгілі сатыға қойылған халық мектептерін ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |