Қазақ тілін оқытуда пәнаралық байланыстың орны
Ақтөбе қаласы
№26 орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Есбусинова Г.Б
Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында «…ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады», ал кез келген «…ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деп атап көрсетеді.
Бұл стратегиялық міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы отандық білім беру жүйесінің жетілдіруін талап етеді, өйткені мемлекетіміздің кемелденуі жас ұрпақтың алатын білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы аспектіде жалпы білім беретін мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қазіргі оқушыларды, оның ішінде жасөспірімдік шақ кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, әсіресе өнер түрлерімен өзара байланыста дамыту үлкен маңызға ие бола түседі.
Сондай міндеттердің бірі - сабақта пәнаралық байланыстарды тиімді қолдана білу. Пәнаралық байланыс туралы ғылыми әдебиеттерде 30-дан астам анықтамалар берілген. Мәселен, педагогикалық сөздікте: «пәнаралық байланыс - оқу бағадарламаларының өзара үйлесімділігі» деп анықталған. Бұл жерде мектептің оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Ал мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету және тағы баска мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай:
• Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
• Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
• Оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру.
• Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
• Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою.
• Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
• Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу.
• Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру. Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларға түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін - бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеліп соғады. Білім мазмұнын меңгеру пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол – өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әрбір жеке пән мұғалімдері оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, бір пәннен алған білімін екінші бір пәнге пайдалану жағын қарастырады. Оқушылар әрбір пәннің өзіндік заңдылықтарын меңгермейінше, сол пәннен тиянақты да терең білім ала алмайды. Сондықтан оқушылардың әрбір пән бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырғаны жөн. Осындай жүйелі практикалық дағдылар негізінде ғана оқушылардың жеке пән бойынша танымы жинақталып, басқа пәндерден алған білімімен ұштастырылады, тереңірек білуге мүмкіндіктер туады. Демек, жеке пәндерді терең меңгерту нәтижесінде ғана пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін мектептің негізгі деңгейінде «Қазақ тілі» пәні барлық пәндермен байланысқа түседі. Қазақ тілінің лексика тарауында барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады. Сөзжасамда биология, география, астрономия, физика, химия пәндеріне қатысты ұғым атаулары меңгертіледі. Морфологияның сөз таптары аясында математика, тарих, қоғамтану, өнер, технология, валеология, т.б. пәндерге қатысты терминдердің табиғаты мен тұлғалық ерекшеліктері танытылады. Синтаксис пен стиль салаларында мектептегі оқу пәндерінің сөйлем жүйесі мен қолданылу ерекшеліктері игертіледі.
Қазақ тілі пәнінің әдебиет, музыкамен байланысы өте күшті. Өйткені әдебиет адамтану ғылымы болса, музыка сол адамның жан азығы. Оқушыларға қазақ тілі сабақтарында әдістемелік түрлі мақсаттарда көрнекілік үшін, эмоциялық әсерді күшейту үшін түрлі бейнелеу өнерін (сурет, портрет, иллюстрация, мүсін т.б.) музыкалық шығармалар пайдаланылады.
Қазақ тілі сабағында арнайы шығарылған оқу фильмдерін көрсетіп, кейбір фрагменттерін пайдалануға болады. Мұның өзі пәнаралық байланысты (интеграция) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |