«Терминдер табайық» ойыны. Ойынға оқушыларды мөлшерлеп қатыстырған жөн. Әр бала «грамматикалық», «математикалық», «физикалық», «географиялық, ауылшаруашылық» деген сөздер жазылған бірнеше карточкалар дайындайды. Бастаушы ірі етіп жазылған терминдер мәтінін тақтаға іліп қояды да ойын тәртібін түсіндіреді. Оқушылар іштерінен мәтінмен танысады. Бастаушы мәтіндегі сөздерді атағанда, оқушылардың қолдарындағы карточкаларының бірін көтеріп әлгі сөздің қай термин екенін білдіреді. Жаңылысқан оқушылардың аттары аталып, тақтаға жазылады. Кейін қорытындысы шығарылады.
Терминдер мәтіні Агроном, экватор, звено, эквивалент, демеулік, механизация, тепе-теңдік, ойпат, қысым, витамин, тотық, түбір, абитуриент, қалдық, материк, комбайн, үстеу, қой фермасы, плюс, компас, есімше, автономия, молекула, анықтауыш, атом, , жұрнақ т.б.
Тапсырма-сұраулар. 1. Қазақ тіліндегі қосымшалар термин сөздердің бәріне де үндестік заңы бойынша жалғана ма?
2. Қай термин сөздерге қосымша тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады?
3. Қос дауыссызға аяқталатын 3-4 термин сөз тауып жазыңдар.
4. Әдеби тақырыпқа 10-15 термин тауып жаз.
Бұл ойынды лексикалық тақырыптарда өткенде қолдануға болады Қазақ тілін әсіресе тарих пәнімен ұштастыра оқыту, халқының өткен тарихынан, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, мәдениеті мен басқа да ұлттар мен қарым-қатынасынан афоризмдер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер беру арқылы ақыл-ойын даытып, тапсырмаларды іздену арқылы өздігінен орындай білуге үйрету қажет. Оқушылар өздігінен жұмыс істеу арқылы басқа пәндермен де байланысын дамытып, білімдерін тереңдетіп, қазақ тілін үйренуге деген ынталары арта түседі деп ойлаймыз.
Қазақ тілі мұғалімі әдебиет материалдарын сабақ жүйесінде үнемі пайдаланып отырады. Бұлай етудің әрі ғылыми, әрі практикалық мәні бар. Пәнді оқыту және тәлім-тәрбие жұмыстарында тіл мен әдебиетті тығыз ұштастырып отырудың практикалық жақтан пайдасы мол. Осының нәтижесінде оқушылар ана тілін, оның сөз байлығы мен сөз өнерін үйренеді. Қазақ тілі сабағында әдебиет материалдарын пайдалана отырып, олардың сөз байлығын шоғырландырып, әдеби тілде сөйлеуге үйретіп, шығармашылық іске дағдыландырып отырған жөн. Оқушылар өз халқының өнері мен ғасырлар бойғы тарихын, оның көркем сөз өнерін әдебиет арқылы таниды. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады. Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі. Тұтас алғанда, барлық пән, жеклей алғанда әрбір пән оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелікк дағдылардың бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Сөйтіп өмірдің шындығын, халықтын, тарихы мен тілін жақсы біледі, ұғады. Әдеби шығармаларды ттілмен байланыстыру оқушылардың ұғымын дамытады, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, соған қызығуы мен сүйіспеншілігін күшейтеді. Әдебиетке байланыстытақырыптар ертегілерден, жұмбақ пен макал-мәтелдерден, әңгіме мен очерктерден, өлеңдер мен поэмалардан, пьеса мен повесть, романдардан таңдалып алынады.
Қазақ тілін оқытуда пәнаралық байланыстың алатын орны орасан зор, оқушы білімінің жүйелілігіне әсер ететін тиімді құралдардың бірі.
Пайдаланған әдебиеттер 1. Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы. 1995.
2. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Ана тілі
3. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы. 2002.