Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту жеке сөз ретінде қолданылады. Қазақ тілінде аталмыш негіз



Pdf көрінісі
бет7/36
Дата06.04.2017
өлшемі2,18 Mb.
#11188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36

qaš – нефрит; but – ханзада ия ханшаның маңдайына тағылатын 

ірі  ақық  тастар  (бирюза);  jez – сары  мыс,  жез;  jančiq – əмиян, 

шилан;  tergi – тамақ  ішетін  үстел;  tütsük  –  хош  иіс  шығаратын 

шырақ; ubu – қорғасынды ақ сыр; – жазатын қаламның ұшын 

жасайтын ағаш.

Демек,  ежелгі  түркі  дүниесін  танытқан  көнетүркі  ескерткіш-

терінің  мазмұны  мен  мəтіндеріндегі  көркем  ойлау  жүйесінің 

тілдік көрінісі бүгінде іштей қайта түлеп, жаңғырып жатқан түркі 

халықтарының  бірі  қазақ  елінің  рухани-əлеуметтік  тарихнамасы 

іспетті танылады.

Осы ретте тілдің таным құралы ретіндегі (қарым-қатынас құ-

ралы ғана емес) жəне құжаттық (мұрагерлік) қызметін дəйектей-

тін көне тілдік деректері – соның нақты айғағы.

Сайып  келгенде,  бұл  қоғамның  да  тіл  мен  ұлт  сабақтасты-

ғындағы  интеграциялық  негізін  құрайды.  Ал  осы  көне  мəдени 


131

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

мұраның  немесе  көнетүркі  жазбаларындағы  мəдениет  метатілі-

нің  танылуы,  халық  игілігіне  асуының  негізгі  тірегі  оның  ком-

муникативтік  қызметімен  тікелей  байланысты.  Оның  мəнісі  мы-

нада: көнетүркі мəтіндер арқылы мəдени ақпараттарды қабылдап, 

мəдени  мұраны  игеру  ұрпақтар  жалғастығын  іске  асырады.  Осы 

арада көнетүркі мəдениет игіліктерін өндіруші мен қазіргі заманға 

жалғасқан  тұтынушы  арасындағы  мəдениаралық,  танытушылық 

қызметті  тіл  ғылымы,  атап  айтқанда,  оның  лингвокогнитивтік 

мазмұнындағы  антрополингвистикалық  жаңа  бағыты  атқарады. 

Соның негізінде кешенді сипаттағы зерттеу жүйесі арқылы көне-

түркі мəтіндерінің мазмұнындағы тарихи-мəдени феномен қазіргі 

заман оқушы танымынан орын алып, мəдени-тілдік коммуникация 

іске асады.

Атап  айтқанда,  көнетүркі  мəтіндерінде  берілген  сол  тарихи 

кезеңге  тəн  рухани-танымдық  сипаттағы  мəдени  құндылықтар 

бүгінгі күннің төл мəдениетімен бір тұтастықта анықталады. Осы 

тұрғыдан қазір жаңғырып жатқан қоғамдық санаға сəйкес тіл мен 

мəдениет  сабақтастығын  жаңа  сапада  тану – төл  мəдениетімізді 

танудың  бір  кілті.  Себебі  тілдік  таңба – қарым-қатынас  бары-

сы,  қолданыс  өрісі,  шығармашылық  аясындағы  өзгермелі  жүйе. 

Айталық,  адамдар  қарым-қатынасының  əмбебап  құралы  ретінде 

тілдік  белгі  түгелдей  дерлік  қоғаммен,  əлеуметпен  қатынасты 

қоғамдық-əлеуметтік  сипатқа  ие.  Тілдегі  оның  ортақ  белгісінің 

уақыттың, əр тарихи кезеңнің мəдени-тілдік контексіне сəйкес түр-

лі  социолекттерге  бөлініп  кететіндігін  мəтін  негізінде  талданған 

тілдік деректер дəйектейді. Мысалы: тон, қарындас, шаңырақ, т.б.

Белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі тілдік қолданыс аясын архе-

типтік ұлт мəдениетімен сабақтастыру бағзы замандардан бастау 

алып,  халық  санасына  сіңіп,  жадында  жатталған  көне  сөздердің 

тарихи  сырын  тіл  тұтынушының  іс-əрекетімен  байланысты  аша-

ды. Бұл жайт, тіл тарихының ұлт тарихынан ұзақ екенін негіздей-

ді.  Осымен  байланысты  ол – бүгінгі  ұлттық  сананы  тіл  арқылы 

жаңғыртуға ерекше мəн беріліп жатқан антропоөзектік бағыттағы 

тіл  ғылымының  көкжиегінде  ерекше  назар  аударатын  мəселенің 

бірі,  келесі  кезеңдердегі  ұрпақтың  ана  тілдің  өміршеңдік  қыз-

метінің қуаты мен құдіреті негізінде төл мəдениетіміздің түп та-

мырларын дұрыс танып білудің кепілі.



132

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

Қорыта айтқанда, осы бастаулар көзі кешенді тіл ғылымының 

өрісінде  ұлттық  мəдениеттің  көзі  ретінде  мəдени-ақпараттық  та-

ғылымдары  мазмұнына  сіңірілген  тарихи-рухани  қазына – көне 

түркі  ескерткіштерінде  сақталған.  Себебі  бірнеше  дəуірдің  тари-

хы, мəдениеті, қоғамдық-əлеуметтік, экономикалық іс-əрекеттері, 

рухани жаңғырулары ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді.

Профессор Н.Ф. Катановтың ғылыми мұрасының 

қазақ тіл біліміндегі сабақтастығы

Бүгінгі күннің рухани-əлеуметтік контексінде тілдің қоғамдағы 

қызметі,  мəні,  оның  бойындағы  əлеуеті  жаңа  да  кешенді  сипат-

та  анықталып  отырғаны  белгілі.  Атап  айтқанда,  жаңа  сапалық 

ұғымға  ие  болған  тіл  мен  ұлт  сабақтастығын  арқау  еткен 

антропоөзектік парадигма үрдісі ғылыми негіз ретінде тіл арқылы 

адам  (белгілі  бір  ұлт  өкілі)  санасында  қалыптасқан  танымдық 

қорды  жəне  тіл  арқылы  оның  бойына  сіңіп,  қалыптасқан  руха-

ни  құндылықтар  жүйесін  (ұлттық  мінез-құлық,  əдет-ғұрып,  т.б.), 

кəсібін, т.б. айқындайды. Осыған орай əр халықтың тарихи-мəдени 

ұлы  мұрасын  сақтау,  жеткізу  жəне  таныту  əр  ұлттың  өзіндік 

«ғаламының  тілдік  бейнесі»  арқылы  көрініс  табады.  Демек,  кез 

келген ұлттың болмысын, тарихын, төл мəдениетін, психология-

сын (танымы, мінезі, санасы) тануға мүмкіндік беретін мазмұндық, 

деректік əлеует тіл құдіреті арқылы сақталған сол тілді тұтынушы 

этностың  бүкіл  рухани,  мəдени  байлығының  асыл  қазынасында. 

Ал мұның бəрі тілдің тағы бір маңызды қасиетінің бірі мұрагерлік, 

құжаттылық (куммулятивтік) қызметі арқылы іске асады. Соның 

негізінде  қазіргі  лексикографиялық  еңбектерде  белгілі  бір  ұлтқа 

тəн  этнолексика,  мифологемалар,  прецеденттік,  діни  мəтіндер, 

кəсіби атауларды, т.б. сөздіктерде тек тізіп көрсетіп қана қоймай, 

олардың ие болған мəдени құндылықтарының уəждемелерін жоға-

рыда  көрсетілген  тіл  əлемін  зерттеу  парадигмасында  анықтау 

үрдісі қалыптасуда. 

Ал, шын мəнінде, этномəдени тілдік деректердің осындай ке-

шенді  анықтамасының  берілуі  жаңа  ғылыми  парадигманың  ғана 

нəтижесі  емес.  Бұл  дəстүрдің  көрінісін  ресейлік  түркітану  тари-

хынының  ерте  кезеңінен  тəн  еңбектерден  көреміз.  Əрине,  бұл 



133

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

сабақтастықтағы  кешенді  əдістің  қазіргі  заманғы  өзін-өзі  тануға 

ұмтылған ұлттық сана жаңғыруының дəйегі ретінде іске асыру мен 

ХІХ–ХХ  ғасыр  шегіндегі  ресейлік  шығыстанушы  ғалымдардың 

миссионерлік  мақсатының  айырмашылығы  белгілі.  Бірақ  ол 

ғалымдардың ғылыми-шығармашылық тұлғасы мен кəсіби білік-

тілігі олардың еңбектерінің маңызын саяси (миссионерлік) мақсат 

кеңістігінен  шығып,  түркітанудың  ұлтты  тану  мен  танытудың 

дəстүрі мен сабақтастығына үлгі жəне негіз болды. Бұл тұрғыдан 

түркітану  тарихының  ежелгі  кезеңінен  басталған  М.  Қашқари, 

Ə. Науаи, т.б. үлгі боларлық зерттеулер бар екені белгілі. Ал шы-

ғыстану  ғылымы  аясында  қалыптасқан  ресейлік  түркітану  тари-

хында  осы  бағыттағы  зерттеушілердің  ортасынан  көрнекті  орын 

алатын, түркі халықтарының бірі, хакас ұлтының өкілі – профес-

сор Н.Ф. Катанов. 

Профессор Н.Ф. Катановтың өмірі мен қызметінің ХІХ–ХХ ға-

сыр шегіндегі Ресей жəне əлемдік шығыстану тарихында өзіндік 

із қалдырғанын қазірде оның ғылыми мұрасы дəлелдеп отыр. 

Соған  қарамастан,  өкінішке  орай,  оның  өзіндік  мектебін  қа-

лыптастыратын жағдай болмады. Дегенмен, Н.Ф. Катановтың ре-

сейлік  түркітанудың  классикалық  мұрасы  ішінде  көрнекті  орын 

алатын  Ресей  түркітану  тарихында  атап  көрсетілген  (С.Н.  Ива-

нов,  А.Н.  Кононов,  т.б.).  Белгілі  түркітанушы  А.Н.  Самойло-

вич  Н.Ф.  Катановқа  арналған  некрологта: «ғылым  əлемі  көптен 

күткен  Н.Ф.  Катановтың  лингвистикалық  жəне  этнографиялық 

жинақтары  жарияланатын  шығар»  деп  үміттенеді [«Восток», 

1922,  Кн. 1]. Өкінішке  орай,  бұл  үміт  ақталмады.  В.А.  Гордлев-

ский бастап жазған көрнекті ғалымдардың еске алу сипатындағы 

мақалалары ғалымның лингвист, этнограф, фольклорист ретіндегі 

маңызды  ғылыми  нəтижелерінің  мəнін  ашып  бере  алмағаны 

белгілі. Одан кейінгі ғалымға қатысты пікірлер орыс ғалымдары 

мен мектептерінің аясында дəстүрлі биографиялық сипатта өтіліп 

келеді. 

Ғалым Сібір, Солтүстік Моңғолия, Жоңғария мен Қытай Түр-

кістанына  жасаған  ұзақ  іссапардың  барысында  жергілікті  түркі 

халықтарының этнографиясын, тілін, фольклорын зерттеп, жинас-

тырып  баспаға  орасан  көлемді  материал  дайындайды.  Атап  айт-

қанда, В.В. Радлов, И.Н. Березин, т.б. ғалымдардың нақты көрсе-



134

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

туі бойынша Н.Ф. Катанов карагастардың сүйек атаулары, өзен, 

ағаш  атаулары,  сəби  туған  кездегі,  үйлену  мен  жерлеу  рəсім-

дері,  мұсылман  мерекелері,  шамандардың  дұғалары,  рулық  таң-

балар,  эротикалық  өлеңдер,  түс  жору,  жұмбақтар  мен  мақал-

мəтелдер,  т.б.  жинақтап  берген.  Осы  сипаттағы  сабақтастықты 

Ə.  Диваев,  Н.  Потанин,  Ш.  Уəлиханов,  т.б.  ғалымдардың  еңбек-

терін былай қойғанда, біз қазақ ғұламасы Мəшһүр Жүсіп Көпеев 

мұрасынан да табамыз. 

Н.Ф. Катановтың Шығыс Түркістан сапары туралы өз қолымен 

жазған есебінде: «...бай этнографиялық жəне тілдік материал, ақша 

белгілерін жинадым. ...қазақ-қырғыздар мен қытай татарларының 

тұрмысы  мен  тілін  зерттедім»  деп  көрсетеді.  Осы  арада  Қазан 

округі  жанынан 1907 жылы  ашылған  оқу  құралдары  мен 

сөздіктерді  құрастыру,  аудару  ісімен  айналысатын  комиссияның 

төрағасы  ретінде  Н.Ф.  Катановтың  басшылығымен 1910 жылы 

«Орысша-қазақша  сөздіктің»  жарық  көргенін  атап  өту  орынды 

деп  білеміз.  Бұл  сөздік 1915 жылы  екінші  рет  басылып  шықты. 

Кейін Қазан университетінің Түрік-татар тілдері кафедрасына экс-

траординарлық  профессор  боп  кіргендегі  өзінің  алғашқы  кіріспе 

дəрісін «Түркі-татар тайпаларының этнографиялық шолуы» деген 

тақырыпта  оқыды.  Ғалымның  одан  кейінгі  ғылыми  зерттеушілік 

жұмысына  түркі  тілдерін  сол  халықтардың  экономикалық  жəне 

əлеуметтік  өмірдің  дəстүрлі  жəне  жаңа  түрлері  мен  тұрмысы, 

фольклоры  жəне  рухани  дүниесімен  сабақтас  кешенді  зерттеу 

сипаты  тəн  болды.  Жалпы  алғанда,  оның  жоғары  зерттеушілік 

деңгейде жинап зерттеген бай материалы көптеген түркі халықта-

ры  туралы  кешенді  де  энциклопедиялық  мұра  болып  табылады. 

Атап айтқанда, хакас, тува, ұйғыр, қазақ, қырғыз, тофалар, татар, 

башқұрт, т.б. туралы. Əсіресе, Сібір халықтарының тарихын, эт-

нографиясын  зерттеушілермен  бірге  оның  есімі  В.В.  Радлов, 

Д.Н.  Анучин,  А.Н.  Пыпинмен  қатар  аталады.  Сол  сияқты  Сібір 

татарларына  қатысты  «Тобыл  татарларының  Көшім  мен  Ермак 

туралы  аңыздары», «Тобыл  татарларының  жерлеу  рəсімдері», 

«Тобыл  татарларының  қатал  патша  Тамерлан  туралы  аңызда-

ры», т.б. көптеген еңбектерін атауға болады. 

Ал, қазіргі антропоөзектік парадигманың инновациялық, тео-

риялық-əдістанымдық негізге сай бұл сөздер заттың тура таңбасы 



135

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

емес.  Ал,  мəтіндер,  фразеологиялық,  паремиологиялық  тіркес-

тер,  т.б.  дүниенің  тікелей  бейнесі  емес.  Олар  белгілі  бір  ұлттық 

ұжымның  дүниені  тануы  мен  күнделікті  тұрмыс  пен  еңбек 

тəжірибесі барысындағы архетиптік тілдік санасында, ұзақ уақыт 

бойы  тілдік  шығармашылық  процесс  нəтижесінде  туған  бейнесі. 

Бұл тұжырым қазіргі заманға сай көрсетілген жаңа бағыттардың 

ұстанымы  негізінде  анықталған.  Бірақ  В.В.  Радлов,  Н.Ф.  Ката-

нов  тектес  ғұламалардың  еңбектерінің  бүгінгі  зерттеу  үрдісіне 

сабақтастығының  қазіргі  түркі  халықтарының  болмысын  тіл  ар-

қылы тануда маңызы ерекше. Мысалы, қазақ тіл білімінде осы ғы-

лыми тұжырымның дəлелі, дəйегі ретінде сүбелі еңбектер жарық 

көруде.  Қазіргі  тілді  тұтынушыларға  ұлтқа  тəн  тарихи-мəдени 

ақпаратты  сақтап,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуші  тілдік  деректерді 

ерінбей  зерттеген  Ə.  Қайдардың  этнолингвистикалық  еңбектері, 

Р.  Сыздықтың  «Сөздер  сөйлейді»,  Е.  Жанпейісовтің  «М.  Əуезов 

шығармаларындағы  этнолексика»,  т.б.  ғылыми  еңбектерді  атап 

өтуге болады. Сонымен бірге академик Ə. Қайдардың «Қазақтар 

ана  тіл  əлемінде»  атты  қазақты  танытатын  этнолингвистикалық, 

энциклопедиялық сөздігі, онбестомдық «Қазақ əдеби тілінің сөз-

дігі», «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі», т.б. антропоөзектік бағыт-

тағы зерттеулердің нəтижесі. 

Мысалы, «Қазақ  əдеби  тілі  сөздігінің»  ерекшелігі  оның  кө-

лемінде  ғана  емес.  Бұрынғы  кеңес  заманында  жарық  көрген 

онтомдық  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде»  ұлттың  тари-

хын,  мəдениетін,  болмысын  нақты  сипаттайтын  тілдік  деректер 

(этнографиялық, діни, кəсіби, т.б. атаулар) жеткіліксіз берілді не 

мүлдем  берілмеді.  Ал,  шын  мəнінде,  ұлт  болмысын  тұтас  тану 

үшін  адамдық  факторға  (сол  тілді  тұтынушы  ұлт  өкіліне),  оның 

тілдік əлеміне терең барлау тіл мен ұлт сабақтастығына қоса тіл 

мен мəдениет сабақтастығын да ескеруді қажет етеді.

Бұл тектес еңбектердің тілдік деректері қазіргі заман үрдісіне 

сай  ұлтты  тану  мен  тануытудың  кепілі  бола  алады.  Себебі  осы 

еңбектерде  түсіндірілген  я  көрсетілген  архаизм-терминдер,  пре-

цеденттік,  мифтік  мəтіндердегі  архетиптік  ұғымдар,  этнография-

лық,  тарихи,  археологиялық,  культурологиялық  деректер  этнос-

тың  тұрмысы  мен  соған  сəйкес  атаудың  пайда  болу  заңдылығы 

мен оны қолданыста бекітетін тілден тыс жағдайларын анықтауға 


136

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

мүмкіншілік береді. Демек, бұл сөздер тек атауыштық қана емес, 

танымдық та қызмет атқарады. Сөзіміздің дəлелі ретінде ұлт пен 

тіл сабақтастығын нақты дəйектейтін қазіргі қазақ тіл біліміндегі 

лексикографиялық  еңбектерде  түсіндіріліп  берілуінен  бірнеше 

мысал келтірейік: қайың сауған, сырнақ, майтабан, шырға тар-

ту, дабыл үй, сайыпқыран, қызғаныштың қызыл иті, тұлдау, т.б. 

«Қазақ əдеби тілінің сөздігінен»: 

  Қайың  сауу.  Қайыңды  кесіп,  шырынын  алу  [Көктемде 

қайыңның  бүрленген  шағында  қабыршық  сызаттары  арасынан 

шымдалып  шығып  тұратын  шырынын  алу  үшін  өткір  пышақ, 

тескіш қуысқұлақ жəне үшмек тəрізді екі жағы тесік жілік қажет; 

қайыңның  адам  бойы  жететін  тұсын  бала  алақанындай  көлемде 

тереңдігі 3-4 елі  тесіп  оған  шүмек  арқылы  ыдысқа  жиналады]. 

Осыған  байланысты  қазақ  тарихындағы  қиын  заманды  сипат-

тайтын  Қайың  сауғанда,  Қырғыз  Ғиссар  ауғанда  сияқты  тіркес 

қалыптасқан.

Дабыл үй (Қ. орда: Арал, Сыр., Жал., Қарм.; Қарақ.) Көшуге 

лайықталып жасалған, көшіп бара жатқанда жол-жөнекей тігілетін 

кішкене  киіз  үйдің  аты  ретінде  дабыл  үй  атауы  аймақтық  тілде 

ғана сақталып қалған. 



МАЙТАБАН  зат.  аңш.  Қасқырдың  семіріп,  табанын  май 

басқан кезі; оны аулауға қолайлы қазан, қараша айларына сəйкес 

мезгіл.  Қазақтың  аңшылық  салтында  əрбір  аңның  жүні,  еті  мен 

терісінің  жетілуіне,  өсіп  толуына,  аулау  əдістерінің  ыңғайына 

қарай  қалыптасқан  маусым  болады.  Майтабан  деп  аталатын 

осындай кезеңде семірген қасқырдың қалың маймен сірескен та-

баны қатты жүгіруге бөгет жасайды. Сол кезде, яғни майтабанда 

қасқырды атпен қуып соғып алады (ҚСЭ).



Шырға1. зат. саят. 1. Саят құстарын дəніктіріп баулу үшін 

бір  басына  өзге  аңның  терісіне  орап  қойылатын  жем.  Бүркітті 

алғаш үйреткенде жемді шырғаға салып шауып, алдырып үйретеді 

(Қаз.  термин.  Тамақ).  Шырғамды  қауіпсініп  сүрей  шаптым, 

Қалыпты ол құрғырды бұта жұлып (А. Бабиұлы, Өлгий). 2. Құсты 

қолға  үйреткенде,  аңға  түсуге  баулығанда  қолданылатын  тұлып. 



Шырға  түлкі,  қарсақ,  қоян,  т.б.  түз  аңдарының  терілерінен  жа-

салынады.  Құсбегілер  шырғаны  сол  түз  тағысының  бейнесіндей 



137

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

етіп, терісіне жүн, шөп кептеп, басына құлақ орнатады (ҚҰЭ). Тірі 



шырғаның осы бір түрі бірнеше қайталағанда да сəтті шыққандай 

болса, қарсақ, түлкі қол-аяғы байлап-маталмай-ақ жіберіле салы-

нады  (Ж.  Бабалықұлы.  Қыран.).  3.  жерг.  Құсты  (бүркітті)  қайта 

қондыру үшін қажетті алдамшы қалта. Шырғасыз бүркітті қолға 

қондыру қиын (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі). Осымен байланыс-

ты қазақ тілінде шырға сөзінің «ұрыс», «керіс», «шырғалаң» деген 

ауыспалы мағынасы қалыптасқан. 

Шырға тарту. саят. Бүркітті ауыздандыру үшін өлген қоян-

ды  ұзын  жіпке  байлап,  жіптің  ұшынан  ұстап,  атқа  мініп  шабу, 

бүркітке  қоянды  алдырту  əдісі.  Этнограф-ғалым  А.  Сейдімбеков 

баулу кездерінде аяғына байланған ұзын жеңіл шыжым жіпті қазақ 

құсбегілері шырғаға тарту деп атайтынын көрсетеді.

САЙЫПҚЫРАН сын 1. көне. Қыдырма жұлдыздардың (пла-

неталардың)  бір  түзудің  бойына  келгенде  туған  (бала  туралы) 

[Діни  аңыз  бойынша,  осындай  астрономиялық  құбылыс  сəтінде 



туған  бала  ержүрек,  алғырлық,  асқан  батырлық  сияқты  ерек-

ше  қасиетке  ие  болады,  тарихта  осы  себепті  Ақсақ  Темір 

сайыпқыран аталды]2. ауыс. Асқан батыр, мықты, алғыр. Қазақ 

тарихында ерекше тұлға Ақсақ Темірдің аты Сайыпқыран сөзімен 

тіркесіп қолданылады. 

ТҰЛДА = ет. этн. Ел қорғаған батыр, қадірлі азамат өлгенде 

істелетін, шаңыраққа қара ту байлап, мінген атын күзеу

Тұлдау < ата-баба дəстүріндегі арысы, азаматы, ардагері дүние 

салған шаңырақ бір жылға шейін қайғырып, қимасын жоқтап, да-

уыс айтып өткізу салты. Бұл жыл бұл шаңырақ үшін той-томалақ, 

ойын-сауық  өткізуге  болмайтын  азалы  жыл  болып  саналады. 

Азаматтың  қазаға  ұшыраған  күнінен  бастап,  оның  ер-тұрманын 

жинап, оның үстіне қара киімдерін жауып, белбеуін, қамшысын, 

басқа да ұстап жүрген жабдықтарын соның тұсына іліп, қаралы ту 

тіккен. Марқұмның тақымы тиіп, өзі мінген атын жал құйрығын 

күзеп,  ешкімге  мінгізбей,  жылқыға  жіберіп,  семіртіп,  өзінің 

асында  сою  əдеті  болған  (Қайдар  Ə.  Қазақтар  ана  тілі  əлемінде 

(этнолингвистикалық сөздік). І том. Адам. – Алматы, 2009).

Бұл  зерттеулердің  нəтижелері  мен  жаңалығы,  зерттеу  аясы 

мен болашағы тек қазақ тіл білімінің тəжірибесіне сүйену, қазақ 

тілінің  тілдік  деректерінің  мазмұнымен  шектелудің  жеткіліксіз 



138

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

екенін көрсетеді. Демек, жоғарыда көрсетілген қазақ тілінің сөз-

дік  қазынасын  тек  қана  лексикографиялық  тұрғыдан  бағалау 

жеткіліксіз екенін дəлелдейді. Ұлттың болмысын кешендік жүйеде 

бойына  сіңірген  тілдік  деректердің  этнографиялық,  аңшылық, 

саятшылық,  кəсіптік,  т.б.  мазмұны  тілдің  мұрагерлік  қызметіне 

сай  ерекше  бағалы.  Осы  тектес  сөздіктердің  үлгісін  профессор 

Н.Ф.  Катановтың  мұрасынан  табуымыз  түркі  дүниесінің  тамыр-

лас бастауына жетелейді. 

Осымен байланысты жүргізілетін интеграциялық жəне кешен-

ді сипаттағы ұлт болмысын тіл арқылы тану үрдісі генетикалық, 

мəдени  ортақ  қазынаны  игеруді  қажет  етеді.  Мысалы,  қазақ 

ұлтының архетиптік танымдық қорын «түркі əлемінен» тыс қарау 

мүмкін емес. 



Академик Ə.Т. Қайдар зерттеулеріндегі 

түбір құрылымын анықтаудың когнитивтік аспектісі

Қазіргі тіл білімі жаңа бағыттарының зерттеу нəтижелері арқы-

лы тілдік деректер мен теориялардың біртұтас сипатта жинақталуы 

тілдің болмысын анықтаудың жүйелі үрдісін қалыптастыруда.

Бұл үрдістің бастауында тұрған В. фон Гумбольдт тіл мен рух, 

тіл мен ойлау, тілдік бейнелеу мен таңба сабақтастығына ерекше 

мəн беріп, соның негізінде тілдің қызметі мен қолданысын сипат-

тайтын өзінің «ішкі форма» туралы теориясын, тілді жүйелі түрде 

зерттеу туралы тұжырымын ұсынады. Яғни ішкі форма В. фон Гум-

больдттің түсіндіруінде – ойлау материясының элементтерін бел-

гілі бір тілдің табиғатына сай ұйымдастыру тəсілі, модификация-

сы,  яғни  құрылымдық  жүйесі [208, 103]. А.А.  Потебня  да  «тілді 

анықтайтын негізінен, ішкі форма, яғни тілдің мазмұндық жағы» 

деп қарайды [209,47].

Ал  Бодуэн  де  Куртенэ,  керісінше,  сыртқы  форманы  алға 

шығарып, бірақ оны ішкі мазмұнмен тығыз байланыстырады. Яғни 

тілдің  бірліктері  мен  оларды  байланыстыратын  қатынастарды 

тілдің  құрылымы  түрінде  анықтайды  жəне  фонема,  морфема, 



синтагма  ұғымдарын  ғылыми  айналымға  енгізеді.  Бірақ  ғалым 

тілдің  иерархиялық  құрылымдық  қатынастарын  ассоциативті-

психологиялық  негізде  қарастыратынын  атап  өткіміз  келеді.  Бұл 


139

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

теорияны одан əрі жалғастырып дамытқан А.А. Потебня, И.А. Бо-

дуэн де Куртенэ, Э. Бенвенист, т.б. еңбектері тарихи өзгермелі фор-

ма арқылы ойдың дамуын көрсететін тілдің таңбалық табиғатының 

ерекшелігін  аша  түседі.  Нақты  айтқанда,  біртұтас  зерттеулерде 

тілдің бейнелеуіштік мəніне ерекше назар аударылатын болса, ал 

Ф.  де  Соссюр,  Л.  Ельмелевтің  еңбектерінде  тілдің  құрылымдық 

қатынастары, бағыныңқы байланыстары, т.б. негізге алынады. Бо-

дуэн  де  Куртенэ  пікірі  бойынша,  тілдің  толық  жүйелі  болмысын 

оның синтаксистік, морфологиялық жəне түбірдің фонологиялық 

деңгейлеріндегі құрылымдық элементтер мен модельдердің байла-

нысы, қарым-қатынастары құрайды [210, 65]. Демек, бұл арадағы 

тіл  табиғатының  тұтастық  сипатына  мəн  беру  тіл  мен  ойлаудың 

мəселесіне  келіп  тіреледі.  Осымен  байланысты  генеративтік 

лингвистиканың көрнекті өкілі, американдық ғалым Н. Хомский: 

«Тілдің құрылымын зерттеу адамның ойлау қызметі негізінде тілді 

еркін жəне творчестволық түрде қолдану арқылы көрінетін ақыл-

ойға тəн қасиеттерді ашуға көмектеседі», – деп санайды [211,7].

Осымен байланысты атап кететін жағдай: тілді зерттеудің ког-

нитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. 

Қайта, керісінше, тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап 

көрсетеді.  Осы  байланыс  тілдің  таңбалық  жүйесі  арқылы  терең 

құрылымдарда  грамматикалық  байланыстар,  категориялар  жəне 

модельдер түрінде тұтас тілдік құрылым түзеді.

Тіл  білімінде  көпке  дейін  грамматикалық  формалардың  кате-

гориялық мағыналарының əмбебаптығы туралы мəселе дау туғыз-

бай,  лексиканың  идиоэтникалық  сипаты  атап  көрсетілетін.  Ол 

халықтардың  ат  қоюда  ия  таңбаны  таңдауда  тұрмыс-салтының, 

əдет-ғұрпының,  көзқарастарының,  дүниетанымының  əсерінен 

түсіндірілетін.  Бірақ  тілдің  болмысын  анықтаудың  когнитивтік 

парадигмасында  тілдің  мазмұндық  жағы  грамматикалық  құры-

лыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін 

ғаламның тілдік бейнесі – мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін 

жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық жəне сапалық 

қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе.

Қазіргі тіл  біліміндегі тілді сол тілде сөйлеуші халықтың ой-

санасымен, санасындағы терең тілдік құрылымдармен тығыз бай-

ланыста  қарайтын  антропоцентристік  жəне  когнитивтік  парадиг-



140

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

маны жоғарыда көрсетілген қысқаша шолудың мақсаты – бүгінгі 

қазақ  тіл  білімінің  құрылымдық  лингвистикамен  сабақтастығын 

көрсету.  Атап  айтқанда,  тілдің  құрылымын  ұстап  тұрған  негізгі 

арқау – түбір құрылымын анықтауға арналған акад. Ə.Т. Қайдар-

дың  «Структура  односложных  корней-основ  в  казахском  языке» 

атты  іргелі  зерттеуін  тіл  білімінің  жаңа  бағыттары  тұрғысынан 

зерделеу. Ə. Қайдардың ерекшелігі – тіл құбылыстарына біржақты, 

бір  қырынан  емес,  жан-жақты  қарауы,  əмбебап  (универсалды) 

көзқарасы. Міне, Ə. Қайдар осындай біртұтастық сипаттағы зерт-

теушілік болмысына сəйкес бірыңғай тақырыппен ғана шектеліп 

қала алмайды. Сондықтан ғалымның тіл тағдырына, оның қоғам-

дағы  əлеуметтік  қызметімен,  күн  тəртібінде  тұрған  өзекті  мəсе-

лелеріне,  яғни  тіл  саясатына  белсене  араласуы  да  оның  тілді 

зерттеушілік қызметімен сабақтас заңды құбылыс. Мысалы, «сөз-

тану», «түбіртану» – ғалымның  өз  ұсынысы  бойынша  шартты 

түрде алынып отырған термин (атау). Оның мəні – сөз табиғатын, 

сөздің  сан  алуан  сиқырлы  сырын, «тəні  мен  жанын»,  нəзік  жа-

ратылысын,  құдіретті  күшін,  мəңгі-бақи  құбылып-өзгеруін, 

жасаған  сайын  жаңғырып,  жаңалануын,  дыбыстан  туып,  толас-

сыз  туындап  өсетін,  т.б.  осы  сияқты  сөз  қасиеттерін  танып-білу. 

Сөзтану проблемасының жоғарыда көрсетілген тараулардың бəрі-

не  де  қатысы  бар,  бірақ  бір  де  біреуінің  шеңберіне  сыймайтын, 

алайда жалпы сөз ұғымын дəріптеуші (актуализациялаушы) лекси-

кологияның «ноқталы» бағытына (приоритеті), сан қырлы, сыры 

мол (многовекторное) бір өрісіне жататын сала.

Тіл-тілде  не  көп – сөз  көп,  сөздің  түрі  көп:  бір  дыбыстан  да, 

он дыбыстан да тұратын, бір мағынаны да, көп мағынаны да біл-

діретін,  көне  де,  жаңа  да,  біртекті  де,  əртекті  де,  қосарлы  да, 

қайталама  да,  біріккен  де,  кіріккен  де,  мəн-мағынасы  айқын  да, 

күңгірт те, «өлі» де, «тірі» де – бəрі-бəрі тілде бар.

Ғалым зерттеулерінде жиі сөз болып келе жатқан: «бірбуынды 

түбірлер» («моносиллабы»), «синкретизмдер», «біртектітүбірлер» 

(«гомогенные  омонимы»),  плеоназмдар, «біртүбірлес  сөздер», 

«түр-түсті  білдіретін  сөздер», «саяхатшы  сөздер», «қос  сөздер», 

«өлі  түбір», «тірі  түбір», «еліктеуіш  сөздер», «сырлы  сөздер», 

«киелі  сөздер» («культовые  слова»),  т.б.  атаулардың  бəрі  де  осы 

сөзтану проблемасына қатысты. Олардың кейбіреулері жеке мақала 



141

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту

көлемінде  ғана  сөз  болса,  енді  біреулері  (синкретизм,  плеоназм, 

біртекті омонимдер, имитативтер, т.б.) туралы бірнеше мақала жа-

рияланып,  дами  келе  олар  ғалымның  шығармашылығында  елеу-

лі орын алады. Дегенмен тіл табиғатын біртұтас құрылымда, əрі 

«індете»  зерттеуші  ғалымның  зерттеу  арқауының  өзегі – түбір 

мəселесі. «Түбір  сөз»  проблемасына  арналған  «Структура  одно-

сложных корней и основ в казахском языке» (Алма-Ата, 1986) атты 

еңбек – солардың бірі. Онда автор осы проблеманың қыр-сырын 

кең түрде сөз етеді. Автордың өзі «үкілі кітабым» деп атаған бұл 

еңбек  түркітану  əлеміне  тез  тарап,  бірден  ғалымдардың  назарын 

өзіне аударған болатын. Өйткені қанша зерттелсе де, түркі түбірінің 

жалпы  табиғаты  (оның  тілдік  статусы,  оған  берілетін  анықтама-

дефинициясы,  құрамы,  даму  эволюциясы,  т.б.  ерекшеліктері)  ту-

ралы пікір тиянақтала қоймағандығы белгілі. Сондықтан да болар, 

бірбуынды түбірге бай қазақ тілінің фактілері негізінде (басқа түркі 

тілдерімен салыстыра отыра) Ə. Қайдар бұл еңбегінде түбір тура-

лы  өз  тұжырымын  ұсынып: «Тюркский  корень  есть  наидревней-

шая и историческая реальная единица языка, сохраняющая свою 

суть несмотря на постоянные фоно-морфо-семантические измене-

ния,  происходящие  в  процессе  агглютинативного  развития  строя 

тюркских  языков.  Он  может  структурно  совпадать  с  первообраз-

ным словом, если оно не превышает одного слога. Во всех осталь-

ных случаях тюркский корень выступает как производная единица 

языка,  где  корень  отражает  в  себе  состояние  статики,  а  слова – 

динамики» [212, 25], – деп  жазды.  Осы  анықтама  тұрғысынан 

автор  қазақ  тілі  фактілеріне  сүйене  отырып,  жалпы  түркі  түбірі 

проблемасына  қатысты  көптеген  ғылыми  мəні  зор  мəселелерді 

қарастырады,  олар  туралы  өз  пікір-тұжырымдарын  ортаға  сала-

ды.  Соның  ішінде: «бірбуынды  түбірлердің  үш  өлшемді  (фоно-

морфо-семантикалық) тұлғасында мағына өлшемі де аса маңызды 

фактор» екендігіне байланысты автор: «мағына эволюциясын үш  

уақытқа  (өткен,  қазіргі,  келешек)  бірдей  қатысты  динамикалық 

процесс», – деп бағалауының мəні ерекше.

Осы  тектес  тұжырымдар  тілді  анықтаудың  біртұтастық  сипа-

ты – оның  тілдік  көрінісі-түбірдің  құрылымын  жүйелі  сипатта 

зерттеу барысында когнитивтік тетіктердің де ескерілгенін дəлел-

дейді.


142

Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет