Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған кіріспе тест сұрақтары
1 – нұсқа
1.Түбір сөзді табыңыз
а)көкте в) сөйлес с) санас д) дала
2. Бітеу буынды табыңыз
а) төрт в) ал с) ант д) аға
3.Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз
а) дәптер в) құс с) сызғыш д) балалар
4. «Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз
а) жаман в) үлкен с) кеш д)сұлу
5. Ұяңнан басталып,ұянға аяқталған сөзді табыңыз
а) тоғыз в) жүз с) бір д) сегіз
6. Қатаң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді анықтаңыз
а) сәлем в) тіл с) оқушы д) арман
7. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді анықтаңыз
а) үй в) достық с) арман д) көл
8. Синонимдерді табыңыз
а) кітап,парақ в) бет,жүз с) ғылым,ғалым д) білім,тәлімгер
9. Қос сөзді табыңыз
а) апар в) бірлік с) у - шу д) қара торы
10. Сапалық сын есімді табыңыз
а малды ауыл в) сүтті сиыр с) еріншек бала д) үлкен үй
11. Реттік сан есімдердің жұрнақтарын табыңыз
а) - ау, - еу в)- ы, - і с) – ыншы, - інші, - нші,- ншы д) - ақ, - ек
12. Антоним сөздерді табыңыз
а) шыдам,төзім в) сәл,азғантай с) өкіну, қуану д) ренжу,рақмет
13. Қазір олай емес,әркім ... жұмыс істейді
а) біреу үшін в) туысқан үшін с) өзі үшін д) сен үшін
14. “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.
а) Биік сезім. в) Биік тау. с) Биік ой. д) Биік тұлға.
15. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
а) Сүт таңертең ұйып қалды. в) Оң қолым ұйып қалды.
с) Әңгіме ұйып тыңдалды. д) Олар сүттей ұйып отыр.
Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған кіріспе тест сұрақтары
2 нұсқа
1.Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз
а) а в) ү с) у д)о
2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз
а) т,с,в в) п,р,м с) п,с,т,ш д) р,м,н
3. Бітеу буынды сөзді табыңыз
а) ала в) іле с) бас д)ана
4. Қазақ тіліне ғана тән неше дыбыс бар?
а) 5 в) 7 с) 3 д) 9
5. «Жылы» сөзінің антонимін табыңыз
а) жұмсақ в) тәтті с) суық д) ыстық
6. Талғат Мұсабаев кім?
а) әнші,сазгер в) ақын,жазушы с) ұшқыш – ғарышкер д) ұстаз
7. Қазақтың ұлттық аспабын табыңыз
а) сандық в) қоржын с) домбыра д) кереге
8. «Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз
а) жаман в) үлкен с) сұлу д) ерте
9. Не істедің? – сұрағын қай етістікке қоюға болады,белгілеңіз
а) сыйладым в) сыйлады с) сыйладыңыз д) сыйладың
10. – м, -ң, -ым, -ім ненің жалғаулары?
а) көптік жалғауы в) тәуелдік жалғауы с) жіктік жалғауы д) септік жалғауы
11.Қазақ тіліне тән дыбыстар бар сөздерді көрсетіңіз
а) ауыл,аудан в) Отан,жалау с) бала,ата д) сіңлі,ұл
12. Мақалдың жалғасын табыңыз. Гүл өссе – жердің көркі,..
а) балаға міндет в) жігіт келсе – іске с) ас - адамның қуаты д) қыз өссе – елдің көркі
13. Сөзде неше буын бар,көрсетіңіз. Мерекелері
а) төрт в) бес с) үш д) екі
14. Реттік сан есімнің жұрнақтары
а) – нші, -ншы в) – шы, -ші с) ды, -ді д) –ақ, -ек
15. күрделі сан есімді табыңыз
а) жеті в) сексен тоғыз с) мың д) алпыс
Достарыңызбен бөлісу: |