Тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жіктелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б. Фонетиканың ең негізгі нысаны деп дыбысты айтамыз. Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене – сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш – өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ауыз мүшелері.

3.Зерттеу және сипаттау мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы, эксперименттік, физиологиялық, фонологиянемесефункционалдықболып бірнеше салаға бөлінеді.

Сипаттамалы (синхрониялық немесе статистикалық деп те аталады) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табылады. Бастауыш, орталау, орта және жоғарғы оқу орындарында оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады. Сипаттамалы фонетиканың негізгі тұжырымдары академик I.Кеңесбаевтың 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында баяндалған. Сипаттамалы фонетиканың зерттеулеріндегі жетістіктер І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, К.Бейсенбаева, З.Базарбаева, т.б. ғалымдардың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) – тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, дамуы, дыбыстық жүйедегі өзгерістер, буын, екпін, үндесу заңдылықтары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары негізінде айқындалады.
Бүгін қазақ тілінің тарихи фонетикасы түркі тілдері тарихи фонетикасының бір саласы ретінде қалыптасу үстінде.